Құс тұмауы: шаруаларға өтемақы қалай берілетіні айтылды

Сайт әкімшілігі

21.09.2020, 18:17

506

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауынан шығынға батқан шаруа иесінің өтемақы алу тәртібін түсіндіріп берді.

— Өтемақы алу тәртібі қарапайым: құсы қырылған шаруа иесі банктердің бірінен жеке шот ашады. Ал сол шаруа иесі тұратын аудан әкімдігінің ветеринарлық қызметі қырылған құстардың утилизациялық актісін береді. Осыдан кейін әкімдіктердің жанынан құрылған арнайы комиссия әр аймақ бойынша үй құсының (тауықтың немесе қаздың, үйректің) орташа бағасын шығарады. Осылайша, Эпизоотияға қарсы республикалық отряд тиісті мәліметтерді жинайды: мәселен жеке шаруа иесінің 10 бас құсы қырылса, онда сол аймақта белгіленген құстың орташа бағасы осы 10 құсқа көбейтіліп, шыққан сома үш күннің ішінде шаруа иесінің шотына түседі, — деді вице-министр бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Гүлмира Исаева құс тұмауынан шығынға батқан шаруа иелеріне мемлекеттен 400 млн теңге бөлінетінін мәлім еткен еді. Құс тұмауы Қазақстанның 5 өңірінде тіркеліп отыр. 

Тегтер: құс тұмауы шаруа өтемақы шығын ветеринар акт

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.10.2020, 10:25
Сауда интеграциясы экономикаға тиімді әсер етеді
Еркежан АРЫН 29.10.2020, 10:22
Тұтынушының құқын қорғай алып жүрміз бе?
Бақытжан ТОБАЯҚ-ТЕГІ 29.10.2020, 08:59
Жекешелендіру зардаптары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 15:38
Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 12:16
Доллар бағамы 430 теңгеден асты
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 12:10
Заңды тұлғалар енді шоттан кез келген соманы шеше алмайды

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04