РБК банк орыс сепаратизмін қолдады

02.07.2020, 06:29

183

            Шораев шырылдап, министр Аида Балаева идеологиялық күреске кірісті

Елдіңақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева кей мәселелер бойынша өзкөзқарасын белсенді түрде білдіріп, елең еткізерлік мәлімдемелер жасай бастады.Мұның алдында анонимді телеграм-каналдар туралы көзқарасын ашық айтса, өткенсейсенбіде өзінің Facebook-тегі парақшасында ресейлік «Звезда» телеарнасыныңбағдарламасына ретрансляция жасайтын «ОҢ-ТВ» телеарнасын түйреп өтті.Министрдің пікірінше,  мұндай контент«Қазақстан Республикасының маңызды халықаралық мәселелер жөніндегі ресмиұстанымдарына сай келмейді».

    Алайда Балаева кейінірек сол бір елді шулатып үлгерген жазбасын желіденалып тастапты. Оның себебін білмедік. Бірақ айтылған сөз – атылған оқ. Телеарнаескерту алды. Ал Балаева осы жазбасымен министрліктің бәрін бақылап отырғанынбайқатты. Балаеваның жазбасында былай делінеді: «Қазақстандық «ОҢ ТВ»телеарнасы ресейлік «Звезда» телеарнасының «Военная приемка» деп аталатынбағдарламасын қазақ тіліне аударып, көрерменге көрсетіп отыр. Ол бағдарламадаәскери ғылым мен техниканың жетістіктері туралы айтылады. Бұл мемлекеттік тілдідәріптеу және әскери техника мен нау-хауға қызығатын жастарды ағарту ісінде оңқадам болғанымен, қазіргі халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелербойынша Қазақстан Республикасының ресми ұстанымдарына қайшы келеді, өкінішкеқарай.

   Қазақстандық барлық телеарналар басшылығын, оның ішінде «ОҢ ТВ»басшылығын мұндай бағдарламалардың эфирге шығарылуына жол бермеуге шақырамын.Ал жергілікті атқарушы органдарды өңірлік БАҚ-тармен, әсіресе шетелдіктелеөнімдерді көшіріп көрсететін телеарналармен тәрбие жұмыстарын жандандыруғашақырамын. Мұндай жағдай енді қайталанса, ақпарат және қоғамдық дамуминистрлігі редакциялық саясаты ел имиджіне нұқсан келтіретін БАҚ-тарға қатыстышаралар қолдануға мәжбүр болады».

    Еске сала кетсек, осының алдында ғана Qazaq kuresi ұйымының бұрынғыбасшысы Арман Шораев «Звезда» телеарнасының өнімін көрсеткені «ОҢ ТВ»телеканалының қожайыны РБК банкіне байкот жариялауға шақырған болатын. «Әй,Владимир Ким, Отан мен мысты қатар сатпа!» деп айқайлаған ұран тастаған АрманШораев аталмыш телеарнаның Отау ТВ-дан толықжойылуын және эфир жүргізуін тоқтатуды талап еткен еді:«Қазақстандағы бесінші колонна! Танып,біліп жүрулеріңізді сұраймын: Владимир Ким мен Наталья Акентьева – еліміздегі сепаратизмдіең басты дамытушылар.

    Жуырда біздің елдегі «ОҢ TВ» телеарнасыныңтолқыны арқылы Ресейдің агрессивті «Звезда» телеарнасы көрсетіле бастады. Бұл –Кремльдің көршілеріне қарсы көрсетіп жүрген агрессиясының логикасы мен басқа дамилитаристік көзқарасын түсіндіріп, насихаттайтын арна. Сондықтан да ол бүткілконтентін мемлекеттік тілге аударып береді.

   Ал енді менің туған тілімде, Абайдың анатілінде, өз қазақ тілімізде олар бізге, қазақтарға, Украина менукраиналықтардың қандай нашар халық екенін, Грузия мен грузиндердің, Молдовамен оның халқының да жақсы емес екенін және Қырымның неге Ресейдікі екенін денасихаттап жатыр. Бізге әлгі «ОРТ Евразия» арнасы аздық еткендей, енді тағы бірзомби-телеарна қосылды.
Және бұл арнаның Отау ТВ каналдарының тегін пакетітізімінде бар екенін де айта кеткен жөн.

     Бұләңгімеге Ким мен Наталья бикештің не қатысы бар дерсіз. Өйткені бұл телеарнаныңбасқарушысы – РБК банк. Ким, мен сізді түсінбеймін, бұл сіздің тым қаттытойынғаныңыз ба, әлде сіз біздің елді сепаратизмнің құшағына итеріп жатырсызба? Сіз өзіңіздің арнаңыз тура жарты күн бойы Ресей диаспорасына Гиви менМоторола және басқа да «жасыл адамдар» осында келетініне үміт сыйлайтынынтүсінесіз бе? Ал сіз қалған жарты күнді қазақтар мен украиндарды, қазақтар менгрузиндерді бір-біріне айдап салып отырсыз ба?

    Мен Қазақстан билігінен аталмыш телеарнаныңОтау ТВ-дан толық жойылуын және эфир жүргізуін тоқтатуды талап етемін. БізУкраинаға соғыс жариялаған жоқпыз және Қырымды Ресейге тиесілі деп мойындағанжоқпыз. Оның үстіне егер біздің елде Ресей жағында Донбасста соғысып жүргеназаматтар қылмыстық жауапқа тартылса, онда теледидар болашақ содырлардыңжасырын түрде тартылуы туралы неге хабар таратуы керек?

    Меніңпікірімді қолдайтындар РБК банкіне бойкот жариялауыңызды өтінемін. Ким, сіз мыспен Отанды қатар сата алмайсыз. Біреуін таңдаңыз», – деген еді ол.

Әділ АНЫҚБАЙ 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.03.2021, 09:24
Өзгелер кедей-кепшігіне 2000$ төлесе, қазақтар 24 000 теңгені талғажау етуде
Батыр ЖАСҰЛАН 26.02.2021, 09:11
Кедейміз, өз елімізде өгейміз!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ
Сайт әкімшілігі 22.02.2021, 10:03
133 мың мигрант елден шығарылды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51