Ресей банктері Қазақстан қор биржасынан шығарылды

Сайт әкімшілігі

15.04.2022, 10:32

2705

Ресейге салынған санкцияның салдарынан Қазақстан қор биржасынан ВТБ және Сбербанк шығарылды. Бұл екі банк те қаржы сауда құрылғыларын қолдана алмайды. 

Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Алина Алдамбергеннің айтуынша, қазір Альфа-Банктің де мәселесі қаралып жатыр. Барлық жұмыстар мамыр айында аяқталады. 

«АҚШ пен Еуропаның Ресейге салған санкцияларының салдарынан Ресей банктеріне доллар мен еура арқылы есеп жүргізуге тыйым салынды. Бұған қоса, әр банкке жекелей енгізілген шектеулер де бар. Ресей банкі ВТБ Қытай валютасы юаньмен ғана есеп айрыса алады. Дәл осындай шектеулер Сбербанкте де қолданылып отыр. KASE-ге қатысып отырған Ресейдің үш банкінің жағдайы біздің нарыққа бастапқыда қатты әсер етті. Қазір жағдай тұрақталды», — дейді Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы. 

Оның айтуынша, әлем елдерінде инфляцияның жоғары көрсеткіші тіркелді. АҚШ базалық мөлшерлемені 0,25- 0,5 пайызға, Ұлыбританияда 0,75 пайызға жетті. Қазақстанда наурыз айында инфлияция 12 пайыз болды. Жағдайды тұрақтандыру үшін базалық мөлшерлемені қаңтар айында 13,5 пайызға көтерді. Көрші Ресейде жылдық инфляция 16,9 пайызды құрап, базалық мөлшерлеме 12 пайыз межесіне жетті. 

«Ресей мен Украина арасындағы гео-саяси жағдайға байланысты табиғи газ 50 пайызға, Brent маркалы мұнай 38 пайызға, темір 38 пайыз, бидай 30 пайыз, алтын 6 пайызға өсті. Әсіресе, мұнай бағасы барреліне 138 долларға дейін жетті. Жылдың бірінші тоқсаны бойынша теңгенің долларға девальвациясы 8 пайызды құрады. Артынша наурыз айында 7,5 пайызға теңге нығайды. Осы кезеңде Ресей рубль долларға шаққанша 11,4 пайызға құлдырады», — дейді Алина Алдамберген.

Тегтер: банк нарық биржа санкция Ресей Қазақстан Украина

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 07:47
Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 14:12
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01