Ресей доллардан бас тарта ма, Қазақстанға қайтпек керек?!

Сайт әкімшілігі

14.06.2021, 12:51

1652

Экономист Жәнібек Айғазин Ресей Батыс санкциялары аясында доллардан бас тартса, Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты. Бұл туралы сюжет Atameken Business телеарнасында көрсетілді. 

Телеарна мәліметінше, барлық ресейлік банк SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратылған жағдайда, Қазақстан проблемаларға тап болуы мүмкін, дегенмен бұл сценарийдің орындалуы екіталай.

SWIFT-тен ажырау — рубльдің құлдырауына әкелуі мүмкін.

"Қазақстанда акционерлері ресейлік ұйымдар саналатын екі банк бар. Бұл Сбербанк және Альфа Банк. Экономист Жәнібек Айғазин санкциялар осы банктерге де әсер етуі мүмкін деп санайды, содан кейін Ресеймен келісімшарты бар клиенттер қиындыққа тап болуы мүмкін. Ал олардың саны аз болмауы керек, себебі Қазақстанның сыртқы тауар айналымының 20 пайызы дәл осы солтүстіктегі көршімен жүзеге асырылады", — делінген телеарна сюжетінде.

Бірақ экономист бұл мәселенің жағымды тұстары да бар екенін айтты.

"Қазақстандық басқа банктердің Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуының теріс ықпалына түсуі екіталай. Бұған мүмкіндіктер терезесі ретінде қарау керек. Ресей өзінің банкаралық операциялар жүйесін жасайды немесе оның қайта қосылуын күтеді. Осы кезеңде қазақстандық банктер ресейлік бизнес есебінен клиенттік базаны ұлғайта алады, бұл компаниялар тіпті өзінің елдік юрисдикциясын өзгертуі мүмкін", — деді экономист. 

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31