Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді

Сайт әкімшілігі

29.11.2022, 09:25

1663

Urals маркалы ресейлік мұнайдың бағасы Ленинград облысындағы Приморск жөнелту портында барреліне 51,96 долларға дейін төмендеді. 

Бұл туралы Bloomberg дүйсенбіде Argus Media компаниясының шикізат бағасының өзгеруін бақылайтын мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Жас Алаш Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Осылайша, Ресей мұнайының бағасы ЕО қойғысы келген шекті бағадан — барреліне 60-70 доллардан да төмен көрсеткішке жеткен.

Bloomberg атап өткендей, ресейлік мұнайды әлемдік нарықтарға жеткізу көлемі өткен ай деңгейінде қалып отыр және жақын арада төмендейтін түрі жоқ.

5 желтоқсаннан бастап, яғни бір аптадан кейін Ресей мұнайын тасымалдауды сақтандыруға тыйым салатын Еуропалық Одақтың санкциялары күшіне енеді.

Бұл жаһандық мұнай нарығында шикізаттың жеткізілуінің айтарлықтай шектелуіне және дағдарысқа әкелуі мүмкін. Батыс мұндай нәтиженің алдын алу үшін РФ мұнайына шекті бағаны белгілеуді ұсынады, яғни оның бағасы сол сомадан аспайтын болса, ресейлік шикізатқа санкциялар қолданылмайды.

Баға шегін енгізуді жоспарлап отырған елдердің көпшілігі оның барреліне шамамен 60-70$ деңгейінде бекітуді жөн көреді, алайда Польша мен Балтық елдері оны барреліне 30-40$ деңгейіне дейін төмендетуді талап етеді.

Тегтер: Bloomberg Еуропалық Одақ мұнай Ресей санкция

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 07:23
Қайдасың, инвестор?
Бифат ЕЛТАЕВА 02.02.2023, 15:43
Банкрот болдым, мінеки...
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 31.01.2023, 12:02
Субсидияның сарсаңы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 31.01.2023, 07:52
Зейнетақы қоры «банкомат» емес...
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:40
Заңсыз майнерлерден 200 мың теңге криптовалюта тәркіленді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 27.01.2023, 06:49
Сайлау: Теңгені тежеп «ойнау» қаншалықты тиімді?

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16