Ресей Қазақстанның уран кеніштеріне көз тігіп отыр ма?

Нұрай РАХЫМ

17.11.2021, 08:59

1234

«АҚШ кешікті. Ресей әлемдік уранның бір бөлігін бақылауға алды», – деп хабар таратты ресейлік «РИА Новости» ақпараттық агенттігі. Әлемнің қай бөлігіндегі уран туралы айтылып отыр? Атом энергетикасының негізгі отыны саналатын табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарындағы Қазақстанға бұл ақпараттың қатысы бар ма?

         Атом энергиясы жөніндегі «Росатом» ресейлік корпорациясы жақында ғана өзінің құрамына кіретін халықаралық уран өндіруші Uranium One (Ураниум уан) компаниясының Uranium One Americas, Inc. деп аталатын америкалық еншілес компаниясының барлық акцияларын сатып жатқанын, сол бойынша келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді. Оны сатып алушы америкалық Uranium Energy Corp. компаниядан  акциялардың бақылау пакеті үшін сатушы ақшалай 112 миллион доллар және облигациялық займмен тағы 19 миллион алады деген ақпарат бар. Жалпы Ресей Uranium One Americas, Inc. американдық компаниясының активтерінен құтылатынына қуанып жатқан көрінеді. Өйткені Ресей оны өзі үшін машақаты көп, тиімсіз активтер деп санайды.

         Ендігі кезекте «Росатом» Қазақстандағы уран кеніштеріне көз тігіп отыр. Көрші елдің сайттары мұндай мәміле жасап отырған «Росатомды» бірінші кезекте Америка емес, басты уран кеніші — Қазақстан қызықтыратынын жазған. Өйткені Uranium One компаниясын сатып алғаннан кейін Ресей корпорациясы біздің елдегі Ақдала, Оңтүстік Іңкәй, Қаратау, Ақбастау, Заречное мен Хорасан кеніштері акцияларының бақылау пакеттеріне ие болған.  

Уран өндіруден әлемде екінші орын алатын канадалық компанияның Қазақстандағы үлестерін «Росатомпром» қалай жұтып қойды дейсіз ғой? Мәселен, «Росатом» канадалық Uranium One құрамындағы америкалық кеніштерді сатып алады, ал оның басты активтері – Қазақстандағы уран кен орындары. 2009 жылғы маусымда «Росатомға» қарайтын АРМЗ-ның бақылаудағы мемлекеттік корпорациясы «Қазатомөнеркәсіппен» бірлесіп «Қаратауда» уран өндіру жобасындағы 50 пайыз үлесіне ие болуы үшін Uranium One-ның акцияларының 16,6 пайызын сатып алды. Ал 2010 жылы Uranium One АҚШ-тың Вайоминг штатындағы Willow Creek уран кенішін сатып алды. Сол жылдың маусым айында Uranium One жоғарыда айтып кеткен қазақстандық «Ақбастау» және «Заречное» уран кен орындарынан 50% және 49% үлеске ие болған. Мұның орнына АРМЗ барып Uranium One-дағы үлесін 51 пайызға дейін арттырады. 2013 жылы АРМЗ Uranium One-ды 100 пайыз өзіне шоғырландырып, биржада делистинг жасап, Росатомның тікелей басқаруына өтіп кеткен.

Ал қазақстандық бірқатар БАҚ АРМЗ-ге сатылған Uranium One туралы мәлімет жарияланған кезде «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының қамауда болған бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевтің «ескертуін» де еске түсірген. Мұхтар Жәкішев уран өндірісінде Ресей мүддесіне қайшы келетін әрекет жасап, «Қазатомөнеркәсіппен» серіктес болғысы келген жапониялық Toshiba компаниясы арқылы канадалық Uranium One-ның жолын кеспек болған. М.Жәкішев сотталғанына дейін Ресеймен арадағы келісімдегі талаптармен келіспегенін биылғы Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында да айтты.  

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізгенде Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейтінін айтқан. Олар: «Заречное» БК АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ, «ОТХК» БК» ЖШС, «Хорасан-U» БК» ЖШС.

Шикізат негізінен Қытайға, Ресей мен Канадаға экспортталады. Қазақстанның уран қоры – 907 мың тонна (әлемдегі қордың 15 пайызы). Дүниежүзілік ядро қауымдастығының хабарлауынша, 2020 жылы Қазақстан 19,8 мың тонна уран өндірген. Бұл – былтыр әлемде өндірілген уранның шамамен 41 пайызы.

Австралия екінші орынға шықты. Былтыр бұл елде 6,2 мың тонна уран өндірілген. Үшінші орында Намибия (5,41 мың тонна), төртінші орында Канада (3,88 мың тонна) тұр. Өзбекстан бесінші орын алды (3,5 мың тонна). WNA мәліметінше, 2019 жылы әлемде өндірілген уранның 85 пайызы 10 ірі компанияға тиесілі, олардың арасында «Қазатомпром» да бар.

Тегтер: уранөндіріс кеніш

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:00
Доллар қайта қымбаттады
Сайт әкімшілігі 11:02
Қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 3,2 млрд теңгеге жетті
Оразәлі СӘБДЕН 08:15
Әлеуметтік инновацияны дамыту идеясы
Сайт әкімшілігі 24.11.2021, 22:18
Еңбек министрлігінің атауын "бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп өзгерту ұсынылды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.11.2021, 09:10
Мамин «өсіп жатырмыз», сарапшылар «өшіп жатырмыз» дейді...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 18.11.2021, 08:57
Алақаны бар ақшамыз, алақан жайып кетпесе екен

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30