Ресейді асыраймыз деп, өзіміз аш қалмайық

25.06.2020, 07:45

217

  Әлемдікпандемия қазір бірқатар елдерді титықтата бастады. Ресей қаржыгерлерініңпайымдауынша, Ресей экономикасы қазірдің өзінде қатты соққы алып отыр. Экономист-сарапшылардыңбайыптауынша, Ресейде қазір азық-түлік тапшылығы туындай бастаған. Бұрын батыстанкелетін азық-түлік өнімдерімен толтырып отырған Ресейдің ішкі нарығы қазір босқалған. Норвегия, Грекия, Австралия, Аргентина, Канада елдерінен ауылшаруашылықөнімдерін аста-төк алатын көрші ел қазір біршама өнім түрлерінен аса тарығыпотыр. Бұған қатысты «ендігі кезекте Ресейді Қазақстан асырай бастайды, сондықтанбұл арада Ресейді асыраймыз деп, өзіміз тарығып қалмаудың жолдарынқарастырғанымыз абзал» деген сарапшылар да бар.

Экономика ғылымының докторы, профессор Жұмаділда Баяхметовтіңайтуынша, осы тұста Қазақстан үкіметі отандық өнім өндірушілерге нақты  қолдау білдіруі керек. Ресей бос жатқан нарығын енді Қазақстан арқылы толтыра бастайды. Осыарада сауатты әрекет етсе, біздің аграрийлер үлкен пайда көрер еді. Маманныңпайымынша, алдағы уақытта бірінші кезекте ірі мұнай өндіретін зауыттардыңмаңынан шағын жанар-жағармай шығаратын зауыттар ашу өте маңызды. «Бұдан соң, астықсақтайтын орындардың қасынан ұн тартатын диірмен орындарын ашу қажет болады. Малбордақылайтын орындардан тері-жүн өңдейтін цехтар ашу да тиімді болар еді. Біздегі баға мен тарифтердің өсуі тұрғындардыңкөпшілігінің табысынан әлдеқайда жоғары. Яғни тұрғындар бағаның өсуіне үнемібейімделу үстінде. Бүгінде елімізде азық-түлік нарығы мен коммуналдық қызметсаласындағы қалыптасқан жағдайға отандық мамандардың біразы алаңдаушылықбілдіріп отыр. Азық-түлік бағасының қымбаттауы мен коммуналдық төлемақыныңүздіксіз өсуі көпшілік азаматтардың тұрмыстық мәселелерін қиындатып  жібергені жасырын емес. Осыған орай, бәсекелестіктіқорғау агенттігін министрлік деңгейіне көтеру керек. Бұл елдегі монополистердіңбағаны орынсыз өсіруіне жол бермейтін дүние. Бағаны өсірмеуді бір министрліккеарнайы жүктесек, отандық өнім өндірушілерге тарифтерді төлеу арзанға түсіп,жұмыс істеу жеңілдейді. Бұдан соң өнім өндіру көлемінің сапасы да артады. Міне,біз үшін алдымен осы жайттарға мән берген жөн. Сонда отандық өндіріс нақтықолдауды сезініп, жұмысы алға басады», – дейді экономист-ғалым ЖұмаділдаБаяхметов.  

    Экономист-ғалымның пайымдауынша, негізінде, біздің экономикалық құрылымымыз екігебөлінеді: қала және халықтың 47 пайызы тұратын ауыл. Сондықтанкөрші елдегі жағдайды ескере отырып, алдағыуақытта ауыл шаруашылығына аса мән берілуі қажет.

   Ал бұл саланы зерттеп жүрген мамандардың пайымдауынша, ауыл шаруашылығын дамытуды бір ғана ауылшаруашылығы министрлігіне таңып қою дұрыс емес. Бұл шаруаны алдағы уақытта ұлттықэкономика министрлігіне де жүктеу керек.

 Ойсалар

                          Әркім өз күнін өзікөретін заман туды


    Тақырыпқа орай, ой түйіндеген ауылшаруашылығы ғылымының докторы, профессорАман ЕКАЕВ былай деді:


    – Тереңнен байыптағанға бізді қиындықтан ұтымдыалып шығатын сала –  ауыл шаруашылығы. Сондықтанауыл шаруашылығы министрлігіне сауатты реформа жасаудың реті келді. Егерболашақта ауыл шаруашылығын жандандыра алмасақ, агроөнімдер өндіруге, отандықет-сүт өндірісіне жан бітіре алмасақ, онда Ресейдің кебін біз де киеміз. Біз ендіРесейден азық-түлік ала алмаймыз. Себебі Ресейдің өзіне жетпей жатыр. Мұнайарзандап, одан түсетін түсім азайып, Еуропа елдері де ауылшаруашылық өнімдерінқымбаттатып жіберді. Қазір арзан азық-түлік импорты деген әңгіме жоқ. СебебіРесейге тауар тасымалдай алмай қалған бірқатар Еуропа елдері бізге және басқаелдерге арзан азық-түлікті ендібермейді. Әркім өз күнін өзі көретінзаман туды. Ал бұл арада біз отандықөндіріске ғана арқа сүйей аламыз. Демек, бізгешикізатты сыртқа шикі күйінше жібере бермей, ең соңғы дайын өнімге дейін өндіру саласының дамуына күш салу керек.Олай етпесек, күні ертең бізде де ашқұрсақ халық көбейеді. Болашақта бізгеарзан өнімді Ресейге жіберуді доғару керек.  «Ресейді сапалы ет-сүт өнімдерімен қамтимыз»деген жобалардан бас тарта тұру керек. Ресейді қамтамасыз етеміз деп, өзімізаш  қалсақ қайтеміз?! Сондықтан қазір бізүшін үкіметтің сауатты әрі пәрменді шешімдер қабылдауы маңызды.

Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.09.2021, 09:04
Қазынада дефицит: Үкімет «тарта жесе, тай қалатынын» қашан ұғады?
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2021, 08:22
«Уәдеге тойып біттік»
Айнұр ӘЛИ 21.09.2021, 14:50
Жеңіл өнеркәсіптің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39