Ресейдің көңіл күйі Қазақстанға қалай әсер етеді?

Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА

25.01.2021, 13:29

2402

Экономикасы да, саясаты да аумалы-төкпелі болып тұрған Ресейдің көңіл күйі қазір құбылып тұр.  Елдің қаржы омбудсмендері саясаттан бөлек, биыл Ресейді экономикасында да ауыр қиындықтар күтіп тұрғанын мәлім етті.

Алдағы уақытта Ресей Батыспен арақатынасын түземесе биылғы жылы елді жұмыссыздық жайлап, Ресейдегі ірі-ірі  компаниялар банкрот жариялауы мүмкін. Тіпті Ресейдегі тәуелсіз қаржы омбудсмені Михайл Разиннің айтуынша, жұмыссыздар саны 3,7 млннан да көп болуы ықтимал.

Бұған қатысты қаржыгер «әлеуметтанушылар бізге жуырда Ресейде 16 млн халықтың өте кедей тұратынын мәлім етті. Орталық банк елде инфляцияны  4,6-5  пайыз мөлшерінде көрсеткенімен шын мәнінде  Ресейде қазір инфляция 15 пайыздан асып кетті. Ірі компаниялардың 23 пайыздан астамы жұмысшыларын қысқартуды ойластырып отыр. Сонда олар әрбір төртінші адамды жұмыссыз қалдырмақ. 300-ге жуық компания осындай шешім қабылдап отыр. Болашақта Ресейде 3,7 млн адам жүмыссыз қалуы мүмкін. Бұл жағдай қазір Ресейдің көңілін күйін бұзып тұр» дейді. 

Осылайша Ресей қаржыгерлерінің пайымдауынша,  қымбатшылық, Батыс пен АҚШ-тың қысымы, сыртқы қарыздың өсімі, мұнай бағасының төмендеуі, экспортқа шектеу қою, импортты шамадан тыс енгізбеу осылайша Ресей  экономикасының дамуына  қатты шек келтіріп отыр.  

Көрші елдің қаржыгерлері осылай даурығып жатқан тұста, біз  «Ресейдің көңіл күйі бұзылса  Қазақстанға қандай қауіп бар» деген сауалға жауап іздеп көрдік. Біздегі сала мамандарының пайымдауынша, бұдан бізге келер қауіп жоқ» деп қамсыз отыруға болмайды.

Мамандардың пайымдауынша, Ресейдегі бір ғана  жұмыссыздық салдарынан Қазақстанға 1 млн мигранттың енуіне ықпал етуі әбден мүмкін. Бұл ретте «Аналитик» талдау орталығының сарапшысы Марал Төртенованың айтуынша,  Ресейдегі «Тәжік еңбек мигранттары» қоғамдық кеңесінің таратып отырған мәліметтеріне сүйенсек, Ресейден 2,5 млн мигрант еңбек нарығын тастай қашқалы отыр.

— Қазір Ресейдегі мигранттардың жалпы саны 11 млнға жеткен. Егер елді жұмыссыздық жайлап, жағдай осылай жалғаса берсе олардың жұмыссыз қалғандары Қазақстанды сағалауы әбден мүмкін. Осыған байланысты елімізге енетін мигранттардың да көлемі арта түсуі ғажап емес. Қазақстанда қазірдің өзінде жарты миллионнан астам мигрант жан бағып жүр. Олардың үштен екісі Өзбекстаннан; 25 пайызы Қырғызстаннан; ал қалған мигранттар Тәжікстан және ТМД-ның тағы басқа елдерінен келген. Сөйтіп былайынша айтсақ, Қазақстан мигрант атаулыға жұмыс беруде ТМД бойынша алдыңғы орында тұр. Тіптен ТМД елдерінен келетін мигрант атаулы өздері үшін Ресейден гөрі Қазақстанның жайлы екенін, олар үшін мәдениеті мен діні ұқсас Қазақ елінің аумағында жұмыс істеу өте қауіпсіз екенін қазірде ашып айтуда. Болашақта елімізде кәсіпорындар мен өндіріс орындарының саны артатынын ескерсек, біз сырттан келетін жұмыс күшіне әлі де тәуелді бола түсеміз. Демек бізге сырттан жұмыс күші әлі де ағылып келе береді. Мамандардың Ресейдегі мигранттар енді Қазақстанға келе бастайды. Себебі Ресей экономикасының жағдайы қазір тым ауыр. Ресейден нан табу, табыс табу олар үшін үлкен проблемаға айналады. Ал бұл екі арада Қазақстанның түрлі құрылыс секторларын сала бастайтынын білетін олар заңды-заңсыз жолмен бізге ене бастайды. Сондықтан елімізге енетін мигранттардың тым еркінсіп кетпеуі үшін оларға арнайы міндеттемелер жүктеудің артықтығы жоғы даусыз. Бұл ретте заң аясында талап қоя білу, міндет арту бұл ұлттық қауіпсіздігімізге де, тыныштығымызға да сызат түспеуі үшін керек дүние. Ендеше біз үшін болашақта заңды қатайту өзекті бола түспек,- дейді экономист-ғалым, сарапшы Марал Төртенова.

Тегтер: экономика болжам пайым нарық халық ұлттық экономика Ұлттық банк

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 16:59
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:17
Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 14:51
Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлер салықтан босатылады
Әділ АҚЫЛБАЙ 04.08.2022, 10:40
«Жасыл Қазақстан»: Жел мен күннен қуат алу 5 жылда 10 есеге көбейді
Әділ АҚЫЛБАЙ 03.08.2022, 17:51
Жасыл экономика жаңа дағдыларды талап етеді
Әділ АҚЫЛБАЙ 02.08.2022, 16:04
Қазақстанның «жасыл» экономикадағы жетістіктері

Аңдатпа


  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47
  • Халықты жоқшылық қысып барады...
    01.08.2022, 13:40