Республикалық бюджеттің 28 млрд теңгесі игерілмей қалған

Сайт әкімшілігі

09.09.2020, 04:42

347

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игермеген министрліктер мен өңірлерді атады.

 «Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%, республикалық бюджеттің шығыстары — 99,5%, жергілікті бюджеттердің шығыстары — 98,4% атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн 251 млрд теңгені құрады. 45 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 17 млрд теңге үнемделіп, 28 млрд теңге игерілмеген», — деді министр Үкімет отырысында.

Әсіресе Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде, Жоғарғы Сот, Қаржы және Білім және ғылым министрліктерінде ірі сомалар игерілмеген.

«Қаражат игерілмеуінің негізгі себептері: конкурстық рәсімдер мен шарт жасасуды ұзаққа созу және уақытылы өткізбеу, орындалған жұмыс актілерін ұсынбау, карантиндік шектеулерге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың жеткіліксіздігі», — деп түсіндірді Е. Жамаубаев.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,9 трлн теңгені құрады. Мұнда 80 млрд теңге атқарылмаған. «Биыл өңірлерге 2,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қыркүйекке 1,4 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 97,9% игерілген, 29 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 7 млрд теңге үнемделді, 22 млрд теңге игерілмеді. Әсіресе Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Ақмола облыстарында қаражаттың игерілмеуі байқалады», — деді Қаржы министрі.

Тегтер: қаржы қаражат игермеу министр әкім бюджет мәлімет Үкімет

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31