Сайрамда 500 адам жұмыс істейтін жылыжай салынуда

19.07.2019, 15:47

111

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында еліміздегі ең үлкенжылыжайлардың бірі салынып жатыр. Жуырда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы нысанғаарнайы барып, оның жұмысымен танысып қайтты.

«Ecoinvest SA» ЖШС-інің өнеркәсіптік жылыжайы Польшаинвесторларының қаржысына салынуда. Оның аумағы 20 гектарды құраса, ағымдағыжылы 11 гектардың құрылысын бітіру жоспарланған. Қызанақ, қияр сындыкөкөністерден жылына 16 000 тонна өнім беруді көздеген жылыжай алдағы уақытта500 адамды жұмыспен қамтымақ. Өнімдерін Қазақстан, Ресей нарығына шығарудыжоспарлаған жылыжайдың жалпы сметалық құны 7,5 милиард теңгені құрайды. Серіктестікбасшысы Берік Иляев құрылысқа жұмсалған шығынды 5 жылдың ішінде толықтай өтеудіжоспарлап отырғанын жеткізді.

Жалпы ауыл шаруашылығы жақсы дамыған Сайрам ауданындабұдан басқа да ірі жобалар жүзеге асқан.

Манкент ауылында орналасқан «Нұрым Груп» ЖШС-і малбордақылауда тың технологияларды қолданысқа енгізген. 10 000 бас ірі қара малғаарналған бордақылау алаңы мен құрама жем цехы бар серіктестік жылына 5000 тоннает өнімдерін экспорттайды. Қазіргі таңда мұнда 6000 бас ірі қара мал өсіріліп,экспортталуда. Толық циклды ақылды ферма болып саналатын кәсіпорын  ішкі нарыққа және Иран Республикасына 2000тонна сиыр етін экспорттаған. Кәсіпорын басшысы Сырым Ертаев мұнда 50-ге жуықадам жұмыспен қамтылғанын және алдағы уақытта Арыс қаласы аумағынан 20 000малға арналған мал бордақылау алаңын салу жоспарланғанын айтып отыр.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:51
Ресей доллардан бас тарта ма, Қазақстанға қайтпек керек?!
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 09:37
Халық ет пен нанды үнемдей бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр

Аңдатпа


  • Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
    11:08
  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30