Сарапшы ақшаны қандай валютада сақтау керегін айтты

Сайт әкімшілігі

08.09.2020, 05:51

808

Қор нарығы жөніндегі сарапшы Дмитрий Бабин коронавирус пандемиясы кезінде ақшаны қандай валютада сақтау тиімді екенін айтты, — деп хабарлайды «Жас Алаш» РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бірнеше айға ақша жинағыңыз келсе, қаржыңызды швейцариялық франкте сақтау керек. Бұл ең тұрақты валюта болып саналады.

«Соңғы жарты жылда еуроаймаққа кірмейтін елдердің валюталары өздерін жақсы жағынан көрсетті. Бұл — швед кроны, швейцариялық франк және дат кронасы. АҚШ долларына қарағанда жыл басынан бері олар тіпті еуродан басым түсті. Алайда ұзақ мерзімде тек швейцариялық франк жетекші позицияны сақтай алды. Өйткені ол тұрақты валюталардың бірі болып саналады», — дейді Дмитрий Бабин.

Сарапшы АҚШ-тың сыртқы сауда саясатындағы жоғары геосаяси тәуекелдерді, Еуропалық Одақ экономикасының проблемаларын және пандемияның екінші толқынының қаупін ескеру керегін атап өтті. Осы факторларға байланысты басқа еуропалық валюталар, оның ішінде еуроға деген сұраныс алдағы уақытта күрт төмендеуі мүмкін.

«Доллар бағамы да тұрақсыз болуы мүмкін. Оған себеп — қарашада өтетін президент сайлауы, АҚШ-тың ішкі саясатындағы нақтылықтың болмауы, елдегі азаматтық толқулар мен федералды резервтік жүйенің ультра жұмсақ монетарлық саясаты. Сондықтан швейцариялық франк тұрақты валютаның бірі болады», — ол.

Тегтер: теңге доллар валюта экономика тәуккел себеп жүйе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31