Сауда интеграциясы экономикаға тиімді әсер етеді

Еркежан АРЫН

29.10.2020, 04:25

633

COVID-19 пандемиясы жағдайындағы Қазақстанның сауда-экономикалық қатынастары бірқатар өзгеріске ұшырағаны белгілі. Бірақ негізгі бағыттар басымдық болып қала берді: Қытай, Ресей және Өзбекстан. Қазіргі кезде бұл елдер қазақстандық өнімге қаншалықты қызығушылық танытып отыр және экспорт жоспарларын жүзеге асыруға қандай факторлар кедергі келтіреді?

Пандемия мен карантиндік шаралар кезінде ең көп сұранысқа ие өнеркәсіптің – тамақ өнеркәсібінің көлемі де 34,2 пайызға өскен.

 Металлургия және мұнай-химия салаларының да болашағы зор. Сондай-ақ шошқа етін жеткізу саласының да болашағы жоғары. Экспорттың потенциалы, кем дегенде, бір миллиард долларға бағаланады. Сондықтан жақын көршілер ретінде бізге шошқа етін өндіруді күшейту және дайын өнімді жеткізу өте тиімді. 2025 жылға қарай, Қазақстанда еттің бұл түрін өндіруді 91 мың тоннадан 250 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспары бар. Өндірілген өнімнің жартысын Қытай мен Ресейге экспорттау жоспарланып отыр.

Дегенмен де елдер арасындағы кедендік процесстерге қатысты сұрақтар әлі де бар. Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай комитетінің Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 11-отырысында осы  сұрақтар талқыланған болатын. Басты тақырыптарының бірі дәл Қазақстан мен Қытайдың кедендік бақылау бекеттеріндегі қазіргі жағдайға қатысты мәселелер болды. Бүгінгі күні бос көліктердің көп жиналуы, теміржол және автомобиль көлігімен тасымалданатын қазақстандық өнімді кіргізуге шектеулер бар. Бұл жағдайдың басты себебі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізілген санитарлық бақылау шаралары күшейтілгені болып отыр. Кездесу соңында ҚХР Сауда министрінің орынбасары мен ҚР Сауда және интеграция вице-министрі мәселені шешуді тездету және жалпы жағдайды жақсарту үшін өзара қолайлы ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі туралы келісім жасасты. Қандайда бір сұрақтар туындаған жағдайда немесе экспорттаушыларға қандайда бір  көмек көрсету қажеттігі туындаған жағдайда, exportgov телеграм каналы арқылы  байланысуға болады.

Ресей Федерациясы – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Екі ел Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграцияланғаны белгілі, онда тауарлардың еркін қозғалысы үшін ғана жағдай жасап қана қоймай, қатысушы елдердің бірлескен өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік ынтымақтастығы ынталандырылады. Ресей Қазақстан экспортының, шамамен, 8-10 пайызын иемденетінін және Қазақстан экспортының жартысынан көбі өңделген тауарлар екенін ескерер болсақ, осы салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндіктердің зор екенін байқауға болады. Мысалы, трансформаторлар, аккумуляторлар, азот және фосфат тыңайтқыштары.

Сонымен қатар Ресейдің импорты құрылымындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазақстандық трансформаторлар тек 11%, аккумуляторлар – 15% алады, ал трансформаторлардың қазіргі экспорты 24,2 миллион АҚШ долларын, аккумуляторлар – 40,5 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл осы өнімдер бойынша Ресей нарығының едәуір көлемін көрсетеді. Яғни, қазақстандық экспортты көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге, экспортқа бағытталған бірлескен өнім жасай отырып, аймақтық құндылықтар тізбегіне ене аламыз.

Еуразиялық интеграция институтының директоры,

Ерлан Саиров:  

– Біз интеграциялық үдерістерді әртараптандыруымыз керек, сонымен бірге, бұрын қалыптасқан, соның ішінде, еуразиялық кеңістікке қайшы келмейміз. Сондай-ақ біз ЕАЭО-мен бірге өсуге негіз бола алатын түркі интеграциясы мәселелерімен айналысуымыз қажет секілді.  

COVID-19 ғаламдық пандемиясы Орталық Азия елдерінің экономикасына айтарлықтай әсер етті. 2020 жылдың алғашқы бес айында өткен жылмен салыстырғанда, Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 16,9 пайызға төмендеп, 1,5 миллиард долларды құрады. Демек, экспорт та 5,5 пайызға, импорт та 9,3 пайызға азайды. Сонымен бірге, Өзбекстанмен сыртқы сауда көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады: тауар айналымы 19,6%, экспорт 20%, импорт 18,6% төмендеді. 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында Өзбекстан Қазақстанның ОА елдерімен саудасының 59% құрады (былтыр – 61%). Осыған байланысты, осы күйдегі көрсеткіштердің төмендеуі аймақ елдерімен сауда көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ, Қырғызстанмен сауда 15,7 пайызға, экспорт 15,7 пайызға және импорт 15,9 пайызға төмендеді. Тәжікстанмен Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда, тауар айналымы 9,5 пайызға төмендеді. Сонымен бірге, экспорт 18,5 пайызға өсіп, ал импорт 90,3 пайызға төмендеді. Түркіменстанмен сауда 13,8 пайызға, экспорт 27,5 пайызға төмендеді, ал импорт 66 пайызға өсті, – деді.

Аймақта сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуда Өзбекстанға баса назар аударылатын болады. Мысалы, қолданыстағы нормативтік құқықтық базаға сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан арасында бажсыз сауда режимі жұмыс істейді, яғни бір-біріне қатысты кедендік әкелу баждарын қолданбайды. Алайда Өзбекстан үшін белгілі бір уақытша ауытқулар бар, олар ТМД еркін сауда аймағы деп аталатын келісімге қосыла отырып, өтпелі кезеңге бірқатар жеңілдіктер алды. Мұндай жеңілдіктер 2021 жылға дейін импортталатын тауарларға акциз салығын және тауарлардың шыққан елін анықтауға арналған басқа ережелерді қолдануды қамтиды. Бизнестің құрылымдары өкілдерінің Өзбекстан үкіметі тауарларға, соның ішінде, Қазақстаннан жеткізілетін тауарларға акциз салығын салады, деген наразылығын жиі естиміз. Іс жүзінде импорттық кедендік баж салығының аналогы болып табылатын акциз салығын қолдану практикасын тоқтату туралы мәселені Өзбекстан тарапына жеткізе келе, қазақстандық тарап Өзбекстанның акциздік саясатын ырықтандыруға қол жеткізді. Мысалы, егер 2017 жылы акциз салығы 3242 тауар түріне қолданылса, оның 800-ден астамы Қазақстан үшін экспорттық қызығушылық тудырса, 2019 жылы тізім 1 мың тауар позициясына дейін азайтылды.

2020 жылғы қаңтар-мамырдағы статистикаға сәйкес, Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 673,2 млн долларды құрады. (бұл Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық жіктелімінің 10 белгісі бойынша 1200-ден астам тауар позициясы). Акциз салығы 66 тауар позициясына салынды, бұл Қазақстанның Өзбекстанға экспортының 2,4% құрайды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, акциздерді қолдану Қазақстаннан импортталатын барлық тауарларға бір уақытта тоқтатылады.

Осындай қол режимінде Қазақстаннан Өзбекстанға цемент әкелуге тыйым салу мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта шекарада бірлескен көтерме сату орталығын құру, «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру және басқа да кезек күттірмейтін міндеттер талқылану үстінде. Орнатылған сенімді диалогтың арқасында, көптеген мәселелер өз шешімін табады, деген сенімдеміз. Осындай жұмыс Орталық Азия аймағының басқа елдерімен де жүргізілуде. Мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен интеграциялық байланыстарының кеңеюі де өзара сауданың жылдам өсуіне ықпал етеді.

Тегтер: сауда ынтымақтастық интеграция нарық экономика ұсыныс себеп кеден салық мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!
Сайт әкімшілігі 19.11.2020, 16:09
2021 жылы жұмыссыздық дендесе 42 500 теңге төлене ме?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56