Себепсіз салық салмағы артып барады

19.02.2020, 20:23

12

Қазақстанда  соңғы үш жылда жасалған іскери шарттардыжарамсыз, яғни, заңсыз деп тану туралы сот талаптары тоғыз есе көбейген. Мұндайхабарды  LSM.kz  таратып отыр.

Мәжілісмен ЕрланБарлыбаевтың айтуынша, мұндай талаптар қазір мыңдап саналады. Ал, соттар кәсіпкерлердіңтек  1% ғана қорғап шыққан. Ал, салық комитетініңкелісім-шарттың тиімділігін анықтайтын дәл әдістемесі де жоқ, дейді депутат. Оныңсөзіне қарағанда, салықшылар кәсіпкердің келісім шартын орындап шығуға қорыжетіспеуі мүмкін-мыс деген істі өздерінше таңдап алады да, тіпті, олардың қалталыконтрагенттеріне де қосымша салық сала бастайды екен. Мұндай мүмкіндікті беріпотырған Салық Кодексі емес, Жоғарғы соттың 2017 жылғы 29 шілдедегі №4-шіқаулысы көрінеді. Бұл құжат салықшыларға келісім-шартарды өз бетінше  жарамсыз деп тануға құқық беріп қойған.Нәтижесінде, кәсіпкер келісім бойынша жолдың салынғанын, ғимараттыңтұрғызылғанын, тауарлардың жеткізіліп берілгенін  көрсетіп, дәлелдеп тұрса да, салықшылар оғанмән бермейтін көрінеді.

Депутат бұл әрекет орта және шағын бизнескеқарсы бағытталған дейді. Оның үстіне, осы арқылы бизнесмендерден ақша бопсалауда ыңғайлы көрінеді. Депутат бизнестегі қылмыстық  схемаларды тиуға қарсы әрекеттің адалкәсіпкерлерге қарсы қолданып жатқанына наразы. Ұзақ жылдар бойы сәтті бизнесқұрып, көптеген жұмыс орынын ашып отырған кәсіп те салықшылардың осы қитұрқы әрекетінензардап шегіп жатқан көрінеді. Олар осылайша жүздеген адамға жұмыс беріп,мемлекет қазынасына миллиондап салық салып отырған бизнесті жұтатып отыр дейді ЕрланБарлыбаев.  

Сәл ертеректе Қазақстанда салықтан түсетінтөлемдердің азайып кеткені туралы мәлім болған.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:36
SMART СARD сергелдеңге сала ма?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:18
Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс теңесе ме?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:14
Цифрландыру жемісі: электронды сауда қызып тұр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 09:25
Тендер: Ал, жеңдер!

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27