Сенат Қазақстан бюджетіне түзетулерді қабылдады

Сайт әкімшілігі

05.05.2022, 13:26

3913

Сенат депутаттары "Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады. 

«Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірістерінің болжамы нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджет кірістері 10,2 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 миллиард теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 4 030 миллиард теңгеге дейін немесе 1 630 миллиард теңгеге ұлғайтылады. Қаражат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталады. Республикалық бюджет шығыстарын нақтыланған көлемге қатысты 2,7 триллион теңгеге ұлғайта отырып, 18,8 триллион теңге сомасында анықтау ұсынылды», — деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров палата отырысында.

Депутаттар бірауыздан дауыс берді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев реформалардың басты мақсаты экономикалық өсу, ұлттық байлықты әділ бөлу және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау екенін атап өтті. Бұл ретте, Әшімбаевтың айтуынша, бөлінген қаражат пен атқарылып жатқан жұмыстар нақты нәтиже беруі маңызды.

«Республикалық бюджеттің әрбір теңгесі бөлініп, тиімді жұмсалуы керек. Ұлттық қордың қаражатын дұрыс пайдалану керек», — деп қосты Мәулен Әшімбаев.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 07:47
Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 14:12
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01