Сенаторлар селк етті, жеңіл өнеркәсіп жүдеп тұр

16.03.2020, 12:26

70

«Caspiy Lana Atyrau» ЖШС Атырауда2014 жылы шаруалардан малдың терісі мен жүнін қабылдап, одан көрпе-төсек,киім-кешек жасап шығару мақсатында құрылған болатын. Жобалық қуаты жылына 350тонна қой, 100 тонна түйе жүнін өңдеуге қуатты кәсіпорын «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерліккорпорациясы (ӘКК) арқылы облыс бюджетінен 2,3 млрд теңгеге қаржыландырылған. Қазіргікүні зауыт 20 пайызға ғана жұмыс істеп тұр. Оның үстіне «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерліккорпорациясына 616 млн теңге қарызы жиналып қалған.

         Обалы нешік, «Caspiy LanaAtyrau» алғашқы қадамын дұрыс бастаған еді. Тіпті Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбеоблыстарының шаруа қожалықтарымен келісімшартқа отырып, малдың жүні мен терісінкөптеп қабылдай бастады. Мәселен, 2018 жылы Маңғыстау облысының шаруа қожалықтары10 тонна түйе, 50 тонна қой жүнін жеткізбек болып келіскен. Алайда іс жүзінде бұлайтылғанның бір бөлігі ғана жеткізіліп, қалғанын мал иелері қытайлық кәсіпкерлерге«Caspiy Lana Atyrau» ұсынғаннан екі есе қымбат бағаға сатып жіберген. Кейін Қызылордаоблысының қожалықтары да өнімдерін Қытайға өткізе бастапты.

         Осылайша ел нарығында ақылға сыйымсызжағдай орын алған. Адамдар қолындағы бар шикізатын шетелге сатуға құмар, ол жақтыңкәсіпкерлері үшін бізден жүн-теріні сатып алу «тиын-тебенге» түседі. Алжергілікті кәсіпорындар керекті шикізатын жеткізе алмай, қажет материалынсырттан сатып алып отыр. Айналып келгенде, мұның салдары дайын өнімнің құнына әсеретеді. Ол қымбат болғандықтан, еліміздің қалтасы жұтаң тұтынушысы сатып алаалмайды. Кәсіпорын шыққан шығынын өтей алмайды. Бұл тұйықтан шығудың жолдарынаурыз айында өтетін парламенттік тыңдауда талқыланбақ екен. Мұнайлы өңіргекелген парламент сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерліккомитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков бастаған топ осы жолы көрген, көңілге түйгендерін,ұсыныс-пікірлерін сол кезде ортаға салмақ. Шын мәнінде сенаторларды аймақтағы қазіргіжағдай қатты қапаландырғаны анық.

 «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС директорыНазгүл Есмаханова депутаттарға мекеменің мойнында берешек бар екенін айтты.Егер салықтық каникул беріп, несие бойынша өсімін жойса, қайтадан аяғынан тік тұрыпкетпек ниеті бар. Оның пікірінше, осындай өңдеуші мекемелер мен өндірушілерарасында тікелей байланыстың болуы және тапсырыстың тұрақты орындалып тұруы үшінсатып алу жүйесін жетілдіріп, бұл салалардың барлығын бір сегментке енгізукерек.

         – Бұрын еліміздегі жалпы ішкі өнімде жеңілөнеркәсіптің үлесі 20 пайыз құраған. Қазір, өкінішке қарай, 1 пайызға да жетер-жетпес.Еліміздің барлық өңірін аралай жүріп байқағаным, бізде шикізат көзі көп. Тек жұмыстыдұрыс ұйымдастырып, тері мен жүнді тиімді пайдалана білсек, бұл нағыз табыс көзіболар еді. Олардан түрлі тауар жасауға, балаларға, әскерилерге киім тігуге,Атыраудың жағдайында мұнай кәсіпшіліктерін жұмыс киімімен қамтамасыз етуге  болады, – дейді сенаттың экономикалық саясат,инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Манап Көбенов.

         – Біз шикізатымызды екі жыл қатарынан «CaspiyLana Atyrau» мекемесіне тапсырғанбыз. Расы керек, өте тиімді болды. Біз бұл кәсіпорындытұралатпай, сақтап қалуға күш салуымыз керек. Қазір шаруалар жүн, тері арзанғакетеді деп тапсырмайтындықтан, қоршаған ортаны да бүлдіріп жатыр. Түйесін жүндемейтіндердіде көріп жүрміз. Осылай жасауға бола ма екен? – дейді отандық өндіріске жанашырлықтанытқан Махамбет ауданы «1 Мамыр» шаруашылығының басшысы Аманжол Есқараев.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57