Шағын бизнес дағдарысқа шыдас бере ала ма?

Еркежан АРЫН

09.12.2020, 12:06

2159

Пандемия басталғаннан бері еліміздің Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерден алынған несиелер бойынша төлемдерді 90 күнге – 16 наурыз бен 15 маусым аралығында кейінге қалдыру бойынша шаралар қабылдады. Осы кезеңде 1,9 миллион азамат жалпы сомасы 268 миллиард теңгеге, сондай-ақ 164,8 миллиард теңгеге 12 мың кәсіпкерлік субъектісі төлемдері кейінге қалдырылды. Ал 15 маусым күні – төлемді кейінге қалдыруды ұсынумен қатар, зардап шеккен кәсіпкерлерді банктердің ішкі қайта қаржыландыру бағдарламалары шеңберінде немесе үш мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруды қарастыратын жаңа рәсім қабылданды. 2020 жылдың 15 маусымы мен 1 қазаны аралығында несиелер бойынша кейінге қалдырылған төлемдер бойынша 12,2 мың өтінім беріп, несиелік мекемелерге 4711 ШОБ жүгінді, оның 92%-і мақұлданып отыр.

Мәжілісмен Азат Перуашевтің айтуынша, бизнеске жарияланған несиелік жеңілдіктер қажетті нәтиже бермейді:

— Банктер 1 қазанға дейін несие бойынша кейінге қалдыруды береді, бірақ содан кейін олар жинақталған төленбеген төлемдерді негізгі несиелік қарызға айналдырып, олар бойынша пайыздар есептейді. Бұл дегеніміз, көрсетілген мерзім өткеннен кейін кәсіпкерлер бұрынғыдан әлдеқайда көп ақша төлеуге мәжбүр болады.

Жалпы, несиелік демалыс – қазіргі сәтте өте маңызды, онсыз шағын және орта бизнес банкротқа ұшырауы мүмкін, мысалы, осы карантин шеңберінде бизнесті мүлдем жауып тастамай, оны реттеу және нақты шектеу шаралары енгізілуі керек. Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, пандемиялық кезеңде 385 қазақстандық компания банкротқа ұшырады. Олардың ішінде бес ірі кәсіпорын, 30 орта және 350 шағын бизнес бар. Қазіргі уақытта тағы 2 934 компания банкроттық туралы құжаттарын тапсырып жатқандығы атап өткен жөн. Тағы 45 328 заңды тұлға белсенді емес.

Экономист Нұрлан Сақуов бизнес саласына қатысты антикризистік шаралар бойынша былай деп пікір білдірген болатын:

— Экономикалық дамыған елдердің (Ұлыбритания, АҚШ, Канада және т.б.) дағдарысқа қарсы стратегиясы көрсеткендей, дағдарысқа қарсы күресте олар болашақ туралы ұмытпайды және өз үлестерін тез дамып келе жатқан стартаптарды, жас кәсіпкерлерді құруға, сондай-ақ экспортқа бағытталған ШОБ-ты қолдауға, зерттеулерге және дамуға салуға әзір. Қазақстанда кәсіпкерліктің құрылымы мен жүргізілуі өзінше дамығанын атап өткен жөн. Қандай да бір жолмен қазақстандық бизнестің шамамен 70%-ы мемлекеттік сатып алуларға және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттің экономикадағы үлесі үлкен – активтері құны елдің ЖІӨ-нің жартысынан асатын 25 мыңнан астам мемлекеттік кәсіпорындар. Республиканың экспортындағы ШОБ үлесі, сарапшылардың бағалауы бойынша, 2016 жылы 18% құрады. Бұл экономикалық дамыған елдермен салыстырғанда үш есе аз. ЭЫДҰ орташа көрсеткіші 53% құрайды.

Тегтер: экономика болжам пайым нарық халық ұлттық экономика Ұлттық банк

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15