Шағын бизнес қолдауды сезініп отыр ма?

29.05.2020, 06:20

265

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қазіргі пандемияжағдайында шағын бизнесті қолдау үшін түрлі шаралар атқарыла бастады. Соныңбірі және шағын бизнес өкілдерінің үміт артып отырғаны – 8 пайыздықжеңілдетілген несиемен бизнеске қаржы беру бағдарламасы. Бұл сәтті қолдауболды. Қазір  шағын және орта бизнесөкілдеріне осы бағдарлама аясында  160миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілгені мәлім болды.

Шағын және орта бизнесті 12 айға дейін жылдық 8% аспайтын мөлшердежеңілдетілген несиелеу бағдарламасы басталғаннан банктер арқылы 1 116 шағынжәне орта бизнес нысаны қаржыландырылды. Қарыз алушылардың арасында көтермежәне бөлшек сауда, өндіріс және құрылыс саласы өкілдерінің үлесі басым.

Аталған бағдарлама Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіменжәне елдегі ірі 12 банкпен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұған қатысты мемлекетбасшысы «Ұлттық банк қарыз алушығақаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттарэкономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып,  алдағы уақытта отандық бизнесті қолдау үшін 1трлн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуінежауап береді», – дейді. 

Мемлекет басшысы шағын және ортабизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шаралардың қолға алынғанынхабарлады. Бұл тұрғыда «Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені, олар –экономикамыздың тірегі. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібінжолға қоюы керек. Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейінсалықтан босатуды тапсырамын. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй,туризм және басқа да салаларды қамтиды», – деді Президент.

Сала мамандарының пайымынша, мұндайқадам бизнеске дем беріп, елдегі шағын бизнесті тығырықтан шығара алады. «Текенді осы бөлінген қаржының қадағалануы мен бақылауын нықтау керек», – дейдімамандар.

Экономист-ғалым Бейсенбек Зиябековтыңайтуынша, отандық өндірісті қолдау Ұлттық экономикаға серпін береді. Сондықтан мұндайбастамаларды қолдаған жөн. Отандық бизнесті шырмаудан шығаратын жобалардыҮкімет үнемі бақылауда  ұстауы керек.

Қ. ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Азат ӘЛИХАН 08.08.2022, 11:39
Жасыл экономикада жеткен жетістік көп
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:49
Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:07
Бюджет секторындағы энергия үнемдеу
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 16:59
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:17
Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 14:51
Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлер салықтан босатылады

Аңдатпа


  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47