17.04.2019, 16:37
538
Түркістан облысындағы Шардара СЭС-інде станцияны қайта құру аясында жоспарланған төрт су агрегатының екіншісі пайдалануға тапсырылды. СЭС-те технологиялық жабдықтың сынағы ойдағыдай аяқталып, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.
- Шардара СЭС-ін түбегейлі жаңғыртубағдарламасы аясында 2020 жылғы наурызға дейін станциядағы төрт су агрегатыныңбәрін де ауыстыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 38 миллиард теңгені құрайды.Қаржыландыру 32%-ға өз қаражаты есебінен, 68%-ға несие есебінен іске асырылуда.Жоба мердігері – австриялық-германиялық Andtitz Hidro GmbX компаниясы, — депхабарлады «Самұрық-Энерго»АҚ-ның баспасөз қызметі.
Ауқымды қайта құру СЭС-тің қуатын 26пайызға немесе 100 МВт-тан 126 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жыл сайын қосымша 57 миллион кВт/сағат электр энергиясы өндірілетін болады.Жаңа жабдық су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартып,СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырады және авария қаупінің деңгейінтөмендетеді. «Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының сөзінше, бұл жоба энергиятапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасызетуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкенмаңызға ие.
Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануғаберілді, белгіленген қуаты 100 МВт және агрегаттарының саны – 4. Нормативбойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станцияның технологиялық жабдығы 50жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, жаңғырту жобасының басталуынақарай жабдықтың тозуы шамамен 100 пайызға жеткен. Су станциясында орнатылғанэлектр жабдығының бір бөлігін оны жасаған зауыттар қазір шығармайды жәнеоны өндірістен алып тастаған. Үнемділігі мен пайдалану сенімділігі тұрғысынанжабдықты одан әрі пайдалану мақсатқа сай болмай қалды.
Алғашқы екі су агрегатын пайдалануғатапсырумен бірге, үшінші агрегат бойынша құрылыс жұмыстары қатарласа жүруде.Сонымен бір мезгілде төртіншісі орнынан алынады. Бекітілген кестеге сай, бұлуақытта осыған дейін іске қосылғандары жұмыс істеп тұрады. Осылайша, жұмысжоспарына сай, төрт су агрегатының бәрін де жаңарту көзделуде.
Фото автордікі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР