Шекаралық аймақтардағы сауданың шырайын кіргізу маңызды

Еркежан АРЫН

29.09.2020, 11:27

707

      Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту Достастық елдерінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі» деп жиі айтады. Осы тармақтардың бірі – шекара саудасын дамыту екені белгілі.  Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ел аймақтарының шекарадағы жағдайы өңірлер үшін өнімді әрі табысты болып табылады. Табысқа, негізінен, олардың транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану және сауданы нығайту үшін қолайлы орта құру арқылы қол жеткізіледі.

Рас, трансшекаралық өзара әрекеттесудің қарқындылығы әртүрлі себептер бойынша бірдей бола бермейді. Бұл аймақтың географиялық ерекшеліктеріне, облыс орталықтары мен ірі қалалардың бір-біріне жақын орналасуына, жолдардың және ыңғайлы шекара өткелдерінің болуына байланысты.

        Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан АРУПОВ: «Шекаралас аймақтардың барлығы провинция бола бермейді. Мысалы, Ресей жағынан оларды автомобиль жолдары мен теміржол тармақтарына байлап, өнеркәсіптік белдеу түрінде Қазақстанның шекаралары бойымен орналастырады. Ресейдің бірқатар шекаралас аймақтарындағы халықтың өмір сүру деңгейі мен табысы Қазақстанға қарағанда жоғары», – дейді.

       China Center  қытай зерттеулері орталығының директоры Әділ Каукенов те трансшекаралық сауда-саттықты дамыту Қазақстан үшін маңызды деп санайды. «Мәселе – жобаларды қалай тиімді жүзеге асыруға болатынында. Оған мысалдардың бірі – Қытай мен Қазақстан арасындағы бажсыз сауда үшін құрылған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ICBC). Қазірде «Қорғас» феномені зерттелу үстінде, ол пайда болғаннан бастап өзіне ерекше назар аударды. Орталық өзінің ресми жұмысын 2016 жылдың тамызында бастады. Бірақ, әрине, проблемалар мен келеңсіздіктерден аулақ болу мүмкін болмады. Ондай келеңсіздіктер жаңа жобаларда болмауы керек. Соған қарамастан, біздің Қытаймен шекара саудасы ең сәтті сауда болып табылады. Барлығы жүйелі, өркениетті түрде жүзеге асырылып жатыр. Орталыққа күніне 3000-нан астам адам келеді», –дейді маман.

       Өткен аптада премьер-министр Асқар Мамин Ашхабадқа сапары барысында Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар дамудың жоғары динамикасын және экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті. Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Түрікменстанның Балқан велаяты арасындағы шекаралас ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне, оның ішінде екі елдің шекарасында шекара саудасының арнайы аймағы құрылуына ерекше назар аударылуда.

       Карантиндік шараларға және әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда деңгейі тұрақты – тауар айналымы биылғы қаңтар-шілде айларында 10 пайызға өсіп, шамамен 100 млн долларға жетіп отыр.

       Қазақстан аумағы арқылы Түрікменстанға транзиттік жолмен теміржол жүктерін тасымалдау көлемі қаңтар-тамыз айларында 55 пайызға өскен.

       Қазақстанның шекаралас аумағы Еуразия орталығында орналасқан.  Мұнда логистиканың рөлі жоғары, көптеген тауарларды алыс қашықтыққа тасымалдау тиімсіз, ал Қазақстан көрші мемлекеттер үшін негізгі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. Сондай-ақ шекаралас аймақтарға инвестициялардың қарқынды енуі байқалады. Қоғамдық дипломатияның, ғалымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының көмегімен көп нәрсе жасалды. Сарапшылар трансшекаралық және аймақаралық ынтымақтастықтың әлеуеті болашақта айтарлықтай күшейетініне сенімді. Ең бастысы – жасанды шектеулер мен кедергілерден аулақ болу.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 19.10.2020, 13:35
Теңгеге валюта алыпсатарлары қашанғы қысым көрсетеді?
Сайт әкімшілігі 17.10.2020, 09:10
Пандемиямен күрес: қаражаттың жұмсалуына қатысты заңбұзушылық анықталды
Сайт әкімшілігі 16.10.2020, 11:18
Сенатор елдегі Баспана беру ережесін жеңілдету керектігін айтты
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.10.2020, 09:31
Теңгені тығырықтан шығаруға Мамин үкіметінің қауқары жете ме?!
Сайт әкімшілігі 14.10.2020, 13:20
Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті
Айжан БҮРКІТБАЕВА 13.10.2020, 11:27
Жалға алған жерді неге сатып жатырмыз?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38