Шөкеевтің "ұлттық стратегиясына" Сағынтаев қарсы шықты

24.04.2018, 19:36

99

Бүгін үкімет отырысында ауылшаруашылығы министрлігі 2018-2027 жылдарға арналған етті малшаруашылығын дамыту бағдарламасын таныстырды. Өмірзақ Шөкеев жетекшілік ететін министрлік бұл бағдарламаға ерекше мән беріп, «ет малшаруашылығын дамыту бағдарламасының ұлттық стратегиясы» деп әспеттеп алып келіпті.Бірақ, «ұлттық стратегия» деген атауға үкімет жетекшісі Бақытжан Сағынтаев өре түрегеліп, қарсылық танытты.Ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниевтің айтуына қарағанда бұл бағдарламаны талқылау үшін өңірлерде семинар-кеңестер өткізілген. Ұсыныстар ескерілген. — Мал шаруашылығын дамыту үшін барлық ресурстар жеткілікті, елімізде 180 миллион гектар жайылымдық жер бар, әлем елдері бойынша жайылым көмелінен 5 орындамыз, — деген Арман Қайратұлы бұл бағдарламаны жан-жақты талдап түсіндіріп берді.Қорытынды сөзді айтқан үкімет жетекшісі Бақытжан Сағынтаев бағдарламаның атауын қайта қарауды ұсынды. — Бұл бағдарламаның жобасы облыстарда ғана емес, үкіметте де қаралған болатын, - деді Бақытжан Сағынтаев. — Инвесторлар және халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен жан-жақты талқыланды. Бірақ, Өмірзақ Естайұлы, кеше өзіңізбен де бағдарламаның аталуы жөнінде сөйлескенбіз. Біздің елімізде бір ғана ұлттық стратегия бар. Ол «Мәңгілік ел» ұлттық стратегиясы. Оның мақсаты Қазақстанды 2050 жылы 30 дамыған елдің қатарына кіргізу. Сол себепті етті малшаруашылығын дамытудың бағыты «ұлттық стратегия» деп айтылмай, жай ғана «2018-2027 жылдарға арналған етті малшаруашылығын дамытудың бағдарламасы» болып қалуы керек.  Байқап отырмын, орынбасарыңыз да, облыс әкімдері де қайта-қайта «ұлттық стратегия» деп айтып жатыр. Бұл дұрыс емес.Осылайша, Бақытжан Сағынтаев өзінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев дайындаған «ұлттық стратегияны»  «шолтитып» тастады. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр
Сайт әкімшілігі 03.06.2021, 12:55
Ashyq жобасы - Kaspi.kz қосымшасында
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.06.2021, 12:06
Шенділердің қырсыздығы шаруаларға қашанғы қолбайлау болады?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02