Шошқаны ғана емес, жылқы шаруашылығын да қолдайтын болыпты

12.06.2020, 16:18

15

Мемлекеттік қолдау мен субсидиялаудың арқасындареспубликада жылқы саны кеңестік кезеңге қарағанда 1,7 есе көбейді, депхабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

1991 жылы Қазақстандағы барлықсанаттағы шаруашылықтарда жылқы саны шамамен 1,7 млн бас болды. Одан кейінгінарықтық экономикаға көшу кезінде мал саны күрт азайып, 2000 жылға қарайреспубликадағы жылқы саны миллионға да жетпей қалған.

 Мемлекет 2002 жылдары қолдау көрсете бастағаннанкейін мал санында өсім байқалды. Асыл тұқымды жылқыларды сатып алуға, қымыз бенжылқы етін өндіруге субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау — 2011 жылы іскеқосылды.

 Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстандабүгінгі таңда жылқы саны 2,9 млн басқа дейін өскен (жыл басындағы мәліметтербойынша). Бұл 1991 жылғы жылқы санынан 1,7 есе, ал 2000 жылмен салыстырғанда 3есе көп. Тиісінше, жылқы шаруашылығы мен бие сүтінің өндірісі дамып, асылтұқымды жылқылардың саны артты. 2011 жылдан бастап мемлекет сатып алудысубсидиялап олардың үлесі 1,9 есе өсті.

  Бүгінгі таңда мемлекет жылқы шаруашылығыменайналысатын отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыруда. Атапайтқанда, олар үшін төмендегідей мүмкіндіктер қарастырылған:

-      сатып алынған асыл тұқымды айғырлар үшін субсидиялаунормасы әр басқа 100 мың теңгеден;

-      бие сүтін өндірушілер үшін әр литріне 60 теңгеден;  

-   асыл тұқымды жылқының аналық басын бағуға, жем-шөбінежылына 20 мың теңгеден;

-   жылқы шаруашылығын дамытуға арналған техникалар менжем-шөп дайындайтын жабдықтарды сатып алғанда мемлекет 25 пайыздық өтеуүлесімен инвестициялық субсидия береді;

-     несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 10%субсидиялау.

 Бұл қолдау шараларының барлығы жылқыфермалары мен салалық қауымдастықтардың ұсыныстары бойынша жасалған. Жалпы алғанда, 2019 жылы 4,7 мың жылқыфермалары мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталғанқолдау шараларына қосымша, жылқы өсірушілерге «жылқы сатып алуға»  10жылға дейінгі  6% жылдық жеңілдетілгеннесие беру қарастырылған.2016жылдан бері «Құлан» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.2018 жылы  12 мың бас мал сатып алуға 512 шаруашылыққаражат алды, былтыр 1440 шаруашылыққа 40 мыңнан астам жылқы сатып алуға жеңілнесие берілген. 2020 жылы қаржылық қолдау алушылардың саны едәуір артады депкүтілуде.

Бұл ретте жылқы еті — тек ішкінарыққа бағытталған өнім екенін атап өткен жөн. Экспорттық    нарық мүлде жоқ деуге де болады.

Осы орайда, қоғамда түрлі пікіртудырған тақырып бойынша мынандай ақпарат ұсынамыз. Мемлекет әрқашанэкономикалық тұрғыдан тиімді болу үшін көршілес елдердің сұранысына мән беріп,нарықтағы тұтынушы талабын ескереді.

Қазақстанда 2018 жылдан бастапшошқа етін өндіруді субсидиялау  тоқтатылған, бұл шошқа өндірісіне мемлекеттікқолдаудың жалпы көлемінің 2 есе азайғанын көрсетеді. Қазіргі уақытта салада текекі субсидия бар: асылдандыру мен өсіруге кеткен шығындарды өтеу. Алайда, өткенжылы бұл субсидияны  тек бір шаруақожалығы ғана пайдаланып, небары 6 бас мал алынды.

Салыстырмалы түрде, 1991 жылыҚазақстанда 2,9 миллион бас шошқа болған, ал 2018 жылы — 800 мың ғана. 2019жылға қарай Қазақстандағы шошқа санының артуы, шошқа еті экспортының өсуінеәсер етті. Егер 2017 жылы Қазақстан шетелге 300 тоннаға жуық ет сатса, былтырол 800 тоннаға жетті. Осы кезең ішінде шошқа етінің ішкі тұтыну үлесі 8%төмендеді.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34