Шу өніміне шетелде де сұраныс жоғары

24.11.2019, 10:09

167

Инвестиция ел игілігі. Жалпы, өңірге инвестиция тартудың маңызы зор. Яғни, инвесторқай жерден өндіріс ошағын салса, сол маңайдағы жергілікті тұрғындар тұрақтыжұмыспен қамтылады және сол маңайдағы елді мекеннің әлеуметтік-экономикалықжағдайы да жақсара түседі.

Дегенмен, кез келгенинвестордың әуелі шаруашылық жүргізуіне шикізат қоры мен тасымал ісі, кәсіпорныорналасатын жерінің инфрақұрылымы үшін ыңғайлы жер іздейтіні белгілі. Бұл реттеоблыс орталығынан шалғайда орналасқан Шу ауданы инвесторлар үшін өте қолайлыаймақ болып тұр. Оны осы ауданға келіп-кетіп жатқан шетелдік инвесторлардыңқарасы молдығынан да аңғару қиын емес. Оның үстіне Шу ауданы тоғыз жолдыңторабында орналасқан. Қазіргі кезде осындай мүмкіндіктерді ескерген инвесторлараудан аумағынан түрлі бағыт бойынша өз істерін ашып, кәсіптерін дөңгелетуде. Солардыңбірі – аудан іргесіндегі Бірлік ауылдық округінде орналасқан «KazIrAgro»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мақсары майын өндіруменайналысатын бұл ирандық компания Шуда 2006 жылдан бері жұмыс істеп кележатқанын айта кетейік. Ал жүзеге асырылып жатқан осынау жобаларының жалпы құны3 миллион АҚШ долларын құрайды. Мұнда бүгінгі күні 70-ке жуық адам жұмысістейді. Жұмысшыларының басым бөлігін жергілікті жердің тұрғындары құрайды. Өндірісошағы толық қуатында жұмыс істеген жағдайда тәулігіне 3 тонна мақсары майынөндіруге қауқарлы серіктестік қазіргі кезде бірқатар Еуропа елдерімен тығызқарым-қатынаста жұмыс істеуде. Мәселен, олардың өнімдеріне Қытай, Ресей,Нидерланды, Чехия елдерінен сұраныс мол. Негізінен шығарған тауарларын осыаталған мемлекеттерге экспорттап отыр. Былтырдан бері Жапония мемлекетімен декелісім-шарттар жасалыпты.

Қазіргі таңда «KazIrAgro»ЖШС үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында 523,2 тонна мақсары майын, яғни231 миллион 419 мың теңгенің өнімін экспортқа шығарыпты. Оның ішінде Германияеліне 312,9 тонна, Чехияға 167,2 тонна, Жапонияға 41,1 тонна және көршілесӨзбекстанға 2 тонна өткізген.
Тәулігіне тонналап дайын өнім шығарып, оны экспорттаумен айналысатынсеріктестіктің аудан аумағында мақсары, арпа және бидай өсіретін егістік алқаптарыда бар. Бүгінгі таңда шетелдік нарықта өзінің тұрақты тұтынушыларын тапқаніргелі кәсіпорын алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары
Айнұр ӘЛИ 14.10.2021, 13:00
Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31