Шуда қуатты күн электр стансасы салынуда

27.08.2019, 15:36

128

Әулиеатада «Таластан шыққан ақын көп, Шудан шыққан әкімкөп» деген сөз бар. Міне, осы топырағынан әкімдер, шенеуніктер көп «өніп»шыққан Шу өңірінде бүгінде қуаттылығы 100 мегаватты құрайтын күн электрстансасының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Аталған инвестициялық жобаның жалпықұны 60 миллиард 737 миллион теңгені құрайды.

Осынау жобаның құрылысын жүргізуді міндеттеріне алған француздық«Total Eren» мұнай-газ компаниясының еліміздегі өкілі және «M-Kat Green»ЖШС-ның бас директоры Илья Чернодаров мұндағы құрылыс жұмыстарының 45 пайызыаяқталып, қажетті жабдықтардың 70 пайызы жеткізілгенін айтады.

«Жалпы, бұл іс кестеге сай жүзеге асырылуда. Барлығы350-ге жуық адам жұмыс істейді. Ал нысанды келесі жылдың алғашқыжартыжылдығында толық іске қоссақ деп отырмыз. Станса аумағы қоршалып, тегістеужұмыстары аяқталуға жақын қалды. Қазір күн панельдеріне арналған тіреуіштердіорнатып жатырмыз. Айта кету керек, панельдер 25 жылға дейін жұмыс істейді. Стансаныаудан аумағында орналастыруымыздың екі бірдей себебі бар. Оның біріншісі –ауданның күн сәулесі белсенділігі жоғары аймақтардың қатарына жататындығы,екіншісі – мұнда «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағыныңорналасқандығы. Әлбетте, 500 гектардан астам аумақты алып жатқан АЭА іскеқосылған кезде электр қуатына деген сұраныс жоғарылайтын болады. Сондықтан бұлжоба біз үшін де, экономикалық аймақ үшін де өте тиімді, – дейді ол.

Ал аталған серіктестіктің осы жоба бойынша техникақауіпсіздігі бөлімінің басшысы Еділ Есенқұлов бұл жұмыстар толық аяқталғанкезде облыстағы электр қуатына деген тапшылық едәуір азаятынын айтты. Сондай-ақ,халықаралық жобаны жүзеге асыруда Франция, Грекия және Бразилия елдерімамандарының да тәжірибелері пайдаланылып жатқанын жеткізді.
Мамандардың айтуынша, нысан құрылысының негізгі кезеңінде Шудың өзінен 500-гетарта азамат жұмысқа тартылады екен.

Ел экономикасы дамып, халық саны артқан сайын электрқуатына деген сұраныстың арта түсетіні белгілі. Оны шешудің жолдары да әралуан. Бұл ретте әлемдегі дамушы мемлекеттер жаңғыртылған энергия көздерінпайдалануды, күннен, желден, судан қуат өндіруді жүзеге асыруда. «Жасылэкономика» болашақтың да энергиясы. Бұл іс біздің елімізде, оның ішіндеөңірімізде де кең өрістеуде. Соңғы жылдары облыс көлемінде күннен, желден жәнесудан электр қуатын өндіретін бірқатар нысандар іске қосылды.

Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде бүгіндекүннен, желден және судан энергия өндіретін 168,7 мегаваттық 10 станса барекен. Ал тұтастай алғанда облыс орталығындағы тұрғындар сағатына 50-60, алауданда шамамен 90 мегаватт электр қуатын тұтынады екен. Алдағы уақытта Шуда бойкөтеретін күн электр стансасы тұрғындардың осы қажеттілігі өтелуіне өзіндікелеулі үлесін қосатын болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 13:40
Азық-түліктің қымбаттауына қатысты үкіметтің есебі дұрыс па?!
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 14.05.2021, 09:22
Қарыз қамыты: Банкке көмектескен үкімет халыққа неге көмектеспейді?
М.СӘУЛЕБЕК 13.05.2021, 09:39
Оңтүстіктен солтүстікке инвестиция бара жатыр
Еркежан Арын 11.05.2021, 10:19
Отандық автомобильдер экспорты дамып келеді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 11.05.2021, 09:15
Экономиканы дел-сал ғып, Ұлттық қорға қол салдық
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:33
Қазақстандықтардың банктерге қарызы 7 трлн теңгеге жетті

Аңдатпа


  • Оспан батыр
    15.05.2021, 13:02
  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09