Шымкенттегі "Құтты мекен"

20.04.2019, 02:16

5

Қазақстанның миллион тұрғыны бар үшінші мегаполисі Шымкент қаласының дамуында құрылыс нысандары басты назарда болуға тиіс. Құрылыс жұмыстары – тұрғын үй, қала жолдары, түрлі ғимараттар салумен ғана шектелмейді. Көшелерді абаттандыру, аулаларды жөндеу сияқты жұмыстармен қоса инженерлік желілерді жөндеу сияқты шаруалармен жалғаса береді. Осы жұмыстардың қалай жүріп жатқанын көру мақсатында «Nur Otan» партиясы Партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келіп, қаладағы құрылыс нысандарын аралап шықты.

Жұмыс сапарыменкелген топ «Құтты мекен» жобасы аясында салынып жатқан құрылыстың сапасы менқұрылысқа бөлінген қаржының дұрыс игерілуіне қатысты арнайы тексерістержүргізді.

Қаладағы Бадамөзенінің үстінен салынып жатқан үлкен көпірдің құрылысы бұған дейін апатты дептанылған Алматы – Шымкент – Өзбекстан бағытында орналасқан бұрынғы көпірдіңорнын басады. Және, көлемі де бірнеше есе үлкен, заманға сай тартымды сәулетібар.

Бұл жаңа салыныпжатқан көпір жайлы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбасқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев:

— Алматы – Шымкент –Өзбекстан бағытындағы ені 11 метрлік өткел бірнеше жылдан бері апатты деп танылғанболатын. Көпір барлық стандарттарға сай салынады. Ені – 28 метр, 4 жолақтыболады. Құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, — дейді.

Партия өкілі қаладағы«Сәуле» шағын ауданындағы №76 мектеп жанынан қосымша ашылмақ 300 орынды оқукорпусы, спорт зал, шеберхана мен асхана құрылысының сапасын тексерді. Айта кетерлігі,бұл бағдарлама аясындағы жұмыстар кестеге сәйкес, өз уақытымен жүріп жатыр. Обастағы жоспар бойынша қолданысқа беріледі. Партиялық бақылау қызметі басшысыбұл жұмыстарға оң баға берді:

– «Құтты мекен» жобасының мақсаты – инженерлік жәнеәлеуметтік инфрақұрылымның даму барысына партиялық бақылау жүргізу. Біз Шымкентқаласына іс-сапар барысында құрылыс нысандарына бақылау жүргіздік. Бюджетқаражатының мақсатты жұмсалуы және құрылыс сапасына және мерзіміне мониторингжасап, бұны халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды, — дейдіБижұманов.

Оның айтуынша, осы жұмыстар (құрылыс жұмыстары ғана емес,соған партиялық бақылау жүргізіп отыру) арқылы салынбақ жолдар менқұрылыстардың, тұрғын үйлердің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Жәнекоммуникация, өзге де әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарға уақтылы қолжеткізу мүмкін болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39