Шымкенттегі тұрғын үйлер инвесторлардың есебінен салынады

29.03.2019, 00:00

40

Шымкентте құрылысы 4-5 жылдан бері қызу жүріп жатқан әкімшілік-іскерлік орталықта көпқабатты 47 үй бой көтереді (2990 пәтер). Оның ішінде 33 үй бюджет есебінен салынса, қалғандары инвестиция есебінен салынбақ. Бұл туралы Премьер-министр Асқар МАМИННІҢ Шымкентке сапары барысында айтылды.А.Мамин бастаған топ алдымен «Тұран» шағынауданында болды. Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан шағынауданының жалпы ауданы – 1190 га. Мұнда көпқабатты тұрғын үйлердің, әлеуметтік және коммерциялық нысандардың құрылысы қарастырылған. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, шағынауданда жеке тұрғын үй құрылысына 3046 учаске бөлінген, 1325-іне үйлер салынған. Шағынауданның өзі 67 000 мың тұрғынға жобаланған. Мұнда 13 магистральді автожол үш кезеңмен салынады деп жоспарлануда. Алғашқы кезеңде ұзындығы 7,8 шақырым 3 жол салынады. Екінші кезеңде жалпы ұзындығы 16,7 шақырымдық 5 көше салынса, үшінші кезеңде 9,1 шақырым болатын тағы 5 көше салынбақ.Премьер-Министрдің жұмыс сапары «Шымкент Сити» қалашығында жалғасты. А.Мамин осындағы тұрғын үйлер мен ірі нысандардың құрылысы барысымен танысты. «Шымкент сити” шағынауданының ауданы – 427 га. Мұнда жалпы көлемі 1,5 млн ш.м. болатын көпқабатты тұрғын үйлер, 7500 оқушыға арналған 5 мектеп, 5000 орынды 9 балабақша, 1 емхана, 1 жедел жәрдем ғимараты, 1 тірек пункті; жалпы ауданы 49 га құрайтын саябақ, 30000 орынды спорт аренасының құрылысы қаралған.Бүгінгі таңда ірі инвесторларға тұрғын үй салу үшін құрылыс алаңдары белгіленіп, “Highvill” компаниясына — 51 га, “BI group” компаниясына — 5,2 га жер телімдері айқындалған. Осы қалашықта салынатын Конгресс орталығының жалпы ауданы – 14550 шаршы метр, 2 қабатты, 2300 орынды залы бар. Бүгінгі таңда құрылысты „ВІ групп“ компаниясы жүргізуде. Жалпы құны 10,2 млрд теңгелік жобаға „Шымкент“ ƏКК АҚ тапсырыс берген.Конгресс орталық 2020 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 16:15
Зейнетақы жинағын алу: БЖЗҚ 49 миллиард теңгеге өтінім мақұлдады
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 12:53
Депутаттар зейнет жасын 60 жасқа төмендетуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 10:19
Ұлттық банк ел экономикасы оңалатын кезеңді айтты
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.01.2021, 12:37
Тұралаған банктер мен қалжыраған қорлар елді қиындықтан құтқара ма?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 25.01.2021, 13:29
Ресейдің көңіл күйі Қазақстанға қалай әсер етеді?
Еркежан АРЫН 25.01.2021, 11:00
Қазақстанда кедейлік деңгейі 1,5 миллион адамға артады – Дүниежүзілік банк

Аңдатпа


  • Карантин күшейді, Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
    10:34
  • «Жас Алаш» – қазақтың сөз киесін арқалаған қасиетті шаңырағы
    09:17
  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    27.01.2021, 09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23