11.02.2020, 15:32
193
Қазақ-дүнген жанжалы болған Сортөбе елді мекені бұған дейін де дауға қалған. 2019 жылдың қазан айында осы аймақтан Қырғызстанға контрабандалық жолмен жанар-жағар май тасымалданғаны анықталған.
Сол уақытта қырғыз жеріндегі "Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Кен-Булун ауылында жанар-жағар майдыконтрабандалық жолмен тасу үшін орнатылған ұзын құбыр табылды" деп Қырғызстанның экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеген.
Ұзындығы 3шақырымға жуық құбыр арқылы Қазақстаннан Қырғызстанға қарай жанар-жағар майтасымалданып, әрі қарай заңсыз саудаға шығарылып отырған. Оның көлемі,болжаммен, күніне 100 тонна шамасында. Жақын маңнан май тасымалына қажетқұрал-саймандар мен құятын ыдыстар жиналған орын да табылған.
Өз тарпымызданескерте кетсек, қылмыстық іс-әрекет жүзеге асып келген аудан – қырғыз жағынанТоқмақ қаласы мен Кен-Булун ауылы, қазақ жағынан Сортөбе мен Ауқатты ауылдары. Бұлақпанның 5-7 күндері ұлтаралық қақтығыс орын алған ауылдардың бірі.
ФОТО ашық ақпарат көздерінен
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР