Су ресурстары негізгі байлығымыз. Бірақ...

Еркежан АРЫН

27.10.2020, 04:44

488

Жыл басында ҚР Үкіметі су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын.

Сарапшылардың болжамынша, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы орын алуы мүмкін. 2019 жылы Қазақстандағы өзен ағынының көлемі 101 км3 құрады. Комитет 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 72 км3 дейін төмендеуі мүмкін, деп болжайды. Мысалы, өткен ғасырдың 60 жылдарында елдің өзен ағысы 120 км3 болған.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Арман Тұрлыбек:

– Қазір әлемнің барлық дерлік елдері өздерінің болашақ ұрпағын сумен қамтамасыз ету үшін түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Мәселе өте өткір. Болжамға сәйкес, 40 жылдарға қарай, біз су тапшылығы өте жоғары деңгейдегі елге айналамыз. Ал оның алдын алу үшін, бізге қазір елдің су шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру керек. Өмір үшін ең маңызды ресурстардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бізге нақты бағдарлама қажет. Су тапшылығы болған жағдайда өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын дамыта алмаймыз, ал аграрлық сектор қазірдің өзінде еліміздің негізгі азық-түлік қауіпсіздігі болып табылады, – деп айтқан болатын.

Статистикалық мәліметтер бойынша, барлық су ресурстарының жартысынан астамы (54,5 км3) Қазақстан аумағында қалыптасса, ал тағы 46,4 км3 көрші елдерден келеді. Қазақстаннан ағатын су – 16,5 км3.

Экология министрлігінің мәліметтері бойынша, елдегі барлық судың 65 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы, тағы 20-25 пайызын өнеркәсіп салалары тұтынады, 5 пайызы ғана халықтың тұрмыстық және ауызсу қажеттіліктеріне жұмсалады екен.

Ескірген инфрақұрылым және онымен байланысты үлкен шығындар, сапалы судың жетіспеушілігі, тарифтерді белгілеудің әлсіз механизмі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, суды көрші елдермен бөлу мәселелері су шаруашылығының қазіргі жағдайының ең өткір проблемалары болып табылады. Ведомоствода су ресурстарының бірнеше негізгі проблемалары анықталды:

  • халықтың сапалы ауызсумен қамтамасыз етілмеуі;
  • вегетациялық кезеңдегі суармалы судың жеткіліксіздігі (әсіресе, республиканың оңтүстік аймақтарына қатысты);
  • Арал мен Балқаш проблемалары;
  • көрші мемлекеттердің су саясатына тәуелділігі;
  • су ресурстарының зиянды төгінділермен ластануы;
  • су ресурстарын ысырапсыз пайдалану;
  • инфрақұрылымның тозуы;
  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Комитет су арналарының тозуы, шамамен 60-80% құрайды дейді. 19 мың шақырым құбыр жөндеуді қажет етеді. Мұндай тозған инфрақұрылымды пайдалану кезінде судың шығыны 36% құрайды, ал норма бойынша ол 15-18 пайыздан аспау керек.

Қазақстанда жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы жасалып, қолданысқа енгізілді. Қазақстанда суды бақылау (мониторинг) республиканың 143 су айдынында жүзеге асырылады. Өткен жылдан бастап, Қазақстанның жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді, онда еліміздің барлық аймақтарындағы судың сапасы туралы онлайн режимде білуге болады.

Сондай-ақ комитет «Казводхоз» РГК-ны «ҚазақСУ» ұлттық компаниясы етіп қайта құруды және оған су ресурстарын басқарудың ұлттық операторы мәртебесін беруді ұсынған болатын. «Казводхоздың» балансында 4703 су шаруашылығы және гидромелиоративтік объекті бар. Экология министрлігі «Казводхозды» ұлттық компанияға айналдыру республикалық бюджетке түсетін салмақты едәуір азайтады, деп санайды. «ҚазақСУ» әртүрлі инвестициялық жобалардың тапсырыс берушісі және үйлестірушісі бола алады.

Өткен жылдың шілде айында ҚР Президенті Қ.Тоқаев квазимемлекеттік сектор объектілерін құруға 2020 жылдың соңына дейін мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Алайда, ұлттық компанияны құру мүмкін болатын бірқатар ерекшеліктер бар. Дәл солардың бірі жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысты болып тұр.

Сондай-ақ «Нұра» топтық су құбыры РМК-ны «ҚазақСУ Арнасы» ұлттық компаниясы, ал «Казагромелиоводхоз» мемлекеттік кәсіпорнын «Су проблемаларын зерттеу орталығы» АҚ етіп, қайта құру ұсынылды.

Сонымен қатар комитет Сараптама және зертханалық талдау орталығын, сондай-ақ гидротехникалық құрылымдардың техникалық жағдайын қадағалау орталығын құруды ұсынды.

Қазақстанда 5886 су шаруашылығы бар. Департамент барлық гидротехникалық құрылыстарды (құдықтар, бөгеттер, тоғандар) тексеріп, олардың 463-і жөндеуді қажет ететіндігін анықтады. Олардың көпшілігі коммуналдық меншікте. Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында 28 жаңа ГТҚ салу, тағы 482 республикалық және муниципалдық нысандарды қайта жаңарту мен модернизациялау және 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 666 шақырым су құбырын салу және қайта құру

жоспарланып отыр.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін, республикалық бюджеттен бес жылға 172,3 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 105 ауыл, 351 елдімекен мен алты қала сумен қамтамасыз етілмек.  

2019 жылы 978 км су құбыры салынып, 116 мың тұрғыны бар 39 ауылдық елдімекен ауызсумен қамтамасыз етілді.

Айта кетерлігі, министрлік тек су секторы үшін, мамандар дайындайтын арнайы университет құруды ұсынып отыр. Сонымен қатар жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында осы саланың мамандықтары бойынша оқитын студенттердің білім стандарттары қайта қаралатын болады. Әрі ведомоство шетелде оқуға гранттар беруді де ойластырып отыр. Сондай-ақ Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты негізінде ғылыми әлеуетті нығайту күтілуде.

Мемлекеттік бағдарлама жобасында көзделген шаралар (су шаруашылығы құрылыстарын салу, қайта құру және жаңғырту, цифрландыру, институционалдық реформа, ірі ұлттық су жобаларын іске асыру) жаңа жұмыс орындарын құруға және сала қызметкерлердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді.

Су ресурстарын басқару бағдарламасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті де (МЖӘ) дамытуды көздейді. Атап айтқанда, жоспар:

• объектілерді салу, реконструкциялау немесе модернизациялау шығындарының бір бөлігін өтеу;

• мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру үшін беру;

• лизинг;

• жобаларды бірлесіп қаржыландыру.

Әлемдегі судың МЖӘ жобалары тәжірибелерінің арасында сәттісі де, сәтсізі де бар.

Суару және нұсқаларды бағалау саласындағы МЖӘ-нің тұжырымдамалық негізін және жұмыс моделін әзірлеу бойынша ықтимал ынтымақтастықтығы талқыланып, қателіктердің қайталанбауы үшін өте мұқият зерттеліп жатқандығы белгілі. Мұндай жобалардың басты мақсаты – жеке секторды су шаруашылығына тарту үшін жағдайлар жасау мен ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру.

Су ресурстары жөніндегі комитет мемлекет өз тарапынан тұтыну кепілдігін береді, деп мәлімдейді. Қазірде комитеттің потенциалды инвесторлары бар және МЖӘ жобаларын қалай жүзеге асыруға болатындығы туралы өзіндік қадамдары да жасалып жатыр.

Тегтер: су ресурстары су шаруашлығы бағдарлама жоба мақсат жеке сектор ынтымақтастық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36