Сұлтанов азық-түлік бағасын реттей ала ма?

Сайт әкімшілігі

12.01.2022, 11:01

3321

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын ауыздықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары туралы айтты. 

«Ауыл шаруашылығы министрлігімен өндіріс, тұтыну және өнімді қайта бөлу теңгеріміне толық мониторинг қамтамасыз етіледі. Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл шеңберінде азық-түлік өнімдері импортын тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қажет болған жағдайда экспортты шектеу шаралары дер кезінде қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспорттауға тыйым салынды», — деді ведомство басшысы үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп шекті бағаларға қатысты тәсілдер қайта қаралды.

«Бұл бағаның одан әрі өсу қаупін болдырмайды. Жекелеген өнімдерге баға айтарлықтай өскен жағдайда монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен баға шегін әкімшілік бекіту құралы дер кезінде қолданылады», — деп қосты Бақыт Сұлтанов.

Тегтер: азық-түлік қымбатшылық инфлияция

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Азат ӘЛИХАН 08.08.2022, 11:39
Жасыл экономикада жеткен жетістік көп
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:49
Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:07
Бюджет секторындағы энергия үнемдеу
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 16:59
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:17
Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 14:51
Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлер салықтан босатылады

Аңдатпа


  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47