Сүт өндірісі жаңа талапқа көшеді

15.10.2019, 20:12

13

Қазақ халқы қымыздысусын ретінде, негізінен жазғы жайлауда ішкенді ұнатса, қазір ірі қара аталыпжүрген сиыр түлігі – Зеңгі баба ұрпағының сүті қарапайым тұрмыста үлкен рольатқарған. Қазір «қазақ сиырды сүтке ұстағаны болмаса, тұяқ санын соншалық көбейтпеген»деген сөздер бар. Десе де, мыңғыртып, мыңдап айдамаса да сиыр малының маңызыҚазақ даласында ешқашан төмендеп көрмеген. Өйткені, жыл он екі ай сауылатынтүліктің сүті өңделуге бейім екені белгілі. Еті де өз алдына бір бөлек. Бірақ,етке жылқы мен қойды жегенді ұнататын қазақ сиырды осы сүті үшін қаттықадірлеген. Қадірлемей қайтсін, сүтінің өзінен айран, қатық, құрт, ірімшік,май, маңыз, қаймақ, балқаймақ сияқты дастарханыңның сәнін келтіріп тұратынқаншама өнім алған. Ірімшік пен құртты тек тұрмыста ғана емес, жорық кезінде,жаугершілік уақытында да әскер үшін көп пайдаланған. Тіпті, қазақтың құртын алғашкөргенде шет елдік зерттеушілер таң тамаша болғаны жайлы да деректерді азұшыратпайсыз. Міне, сол сиырдың сүті заманнан заман өткенде де маңызынжоғалтқан жоқ. Қазір сиырды ет шаруашылығы ғана емес, сүт шаруашылығында дамаңызды сұранысқа ие төрт түліктің бірі деп бағалауға болады. Тіпті, малшаруашылғында да сүт саласына қатысты ең алдымен аталып, экспорт, экономикасаласында да үлкен рольге ие болып отыр.

Сүт өндіру, өңдеубойынша қазір атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Соның негізгісі – кедендік талаптардымықтау. Өйткені, сапалы өнім алып, елді де, шетелдерді де жоғарғы сапалыөніммен қамтамасыз ету – басты бағыт. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, елдіңжағдайы қиындап қалған кездерде де сүт сату, сүт өңдеу көпшіліктің күнкөрісінің бір маңызды бөлігі болғаны белгілі. Қазір де арнайы сүт фермалары,сүт шаруашылығы бойынша жұмыс істейтін ірілі-ұсақты шаруашылықтар ғана емес,қарапайым ел де сүт сатуды тоқтатқан жоқ. Бірақ, енді талап күшейтілмек. Қайжақтан, қалай келген сүт болса да еліміздегі қайта өңдеу кәсіпорындары Еуразиялықкедендік одақтың талаптарына сай келетін сапалы сүтті ғана қабылдайтын болады.Ал, ол үшін былайғы жұрт қазірден бастап сол талаптарға сай келетін өнімұсынуға дайын болуға тиіс. Ол қандай талаптар?

Талап күшейген жердежаңашылдықты меңгеру қажет болады. Ол әрине белгілі бір нормалардың сақталуынанегізделетіні түсінікті. Фермерлер бұл талап бойынша біраз әбігерге түсуі демүмкін дейді. Дегенмен, қазірден бастап қимылдаса 2020 жылдың 1 қаңтарынанбастап енетін өзгеріс кезінде өкініп қалмайтыны анық.

Статистикалықмәліметтерге сүйенсек, қазір өндірушілерге ұсынылатын сүттің тең жартысынажуығы талаптарға сай келмейді екен. Бұл, әрине, аз көрсеткіш емес. Демек, осыбағытпен кете берсе келер жылдан бастап сүт шаруашылығымен айналысатыншаруалардың тең жартысы қиын жағдайда қалуы мүмкін. Қазақстан Сүт одағыныңөкілдері бұл өзгеріске фермерлердің бәрі бірдей дайын емес екенін алға тартуда.Олардың айтуынша, бұл аса қорқынышты да емес. Шикізаттың бір бөлігі жарамсызболып қалуы мүмкін. Дегенмен, оны түзеуге де болады.

Шикізатқа, яғни,табиғи сүтке қойылатын басты талап – оның құрамында антибиотиктердің болмауыкерек. Табиғи, таза өнім – шикізат өңдеу кәсіпорындарында жоғары бағаланады. Мұндайталаптарды заңды түрде негіздеп, жаңа талаптар қойылған кезде шаруалар қиналыпқалмау үшін ертерек қимылдап, Қазақстан Сүт одағы Мемлекеттік органдарменбірлесе отырып, арнайы жол картасын әзірледі. Сүт өңдеу зауыттарының негізгішикізат көзі – ауылдардағы қарапайым тұрғындар екені даусыз. Айталық, сүтөңдейтін кәсіпорындар тұтынып отырған шикізаттың 80 пайызы осындай тұрғындарданкеледі. Бұл бір жағынан жақсы, екінші жағынан өзіндік проблемалары да бар. Бұлжердегі басты мәселе – санитарлық талаптарға байланысты. Ауылдық жерлердеқолмен сауылған сүттердің көпшілігі санитарлық талаптардан төмендеу болады. Бұлөз кезегінде шикізат өңдеуші кәсіпорындарға қосымша жұмыс болатыны анық. Зауыттаржан-жақтан жиналған сүтті қажетті нормаға жеткізгенше әбден тазартып алып қананарыққа шығаруға мәжбүр. Алдағы өзгеріс осы және өзге де қиындықтардың алдыналып, сүт өңдеу саласында бірқатар мәселелерді шешіп қана қоймай, сапалы сүтөнімдерін шығаруға және шикізатты түгелге жуық пайдалануға мүмкіндік береді.

Шаруалар 2020жылдың 1 қаңтарынан бастап қойылатын Еуразиялық экономикалық одақ талаптарытуралы осыдан үш жыл бұрын хабардар етілген. Содан бері жаңашылдыққа біртіндепдайындала бастаған. Бұл жердегі фермерлердің алдынан тосатын қиындық – табиғи сүттідер кезінде жеткізіп отыру. Шалғайдан келетін сүттердің балғын күйінде зауытқажеткізілуі де шикізат сапасына көп әсер етеді. Біраз жер жүрген соң сүт бұзылыпкетуі мүмкін немесе сапасы нашарлауға да ұшырап жатады. Сол себепті кәсіпкерлерсүт тасымалдаушы серіктестер табуды қолға алған.

Көрсеткіштерге үңілсек,Қазақстанда дәл қазір 150-ге жуық сүт өңдеу зауыты бар. Олардың әрқайсысыжылына орташа есеппен 1,5 миллион тоннаға жуық шикізат қабылдайды. Бұл шикізататаулының барлығы толықтай іске асады, өңделеді деп айту қиындау. Өйткені, бұлтауарлардың ішінде зиянды бактериялармен ластанған немесе антибиотиктердіңқалдықтары ұшырасатын шикізат аз емес. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»дегендей, бұл зақымданған шикізат өнімдері өзге таза өнімдерді былғауы мүмкін.

Тауар сапасыныңнашарлауына әсер етуші басты фактор – сүтті көп алам деп, малдыдәрі-дәрмектермен, химиялық қоспалармен қоректендіру. Яғни, жем-шөпке қосылатынқоспалардың құрамы арқылы үлкен шаруашылықтар мен біріккен, ұйымдасқанфермерлер негізгі ережелерді ескермейді. Соның салдарынан өндіруші орталықтарғаорасан зор шығын келтіреді, қосымша жұмыс тауып береді. Бұдан өңдеу орталықтарығана емес, тікелей тұтынушылар да аз зиян шекпейді. Мәселен, өңдеуден өтпегенсүтті пайдаланатын, сатып алатын тұрғындар өте көп. Олар өз кезегінде өңдеуденөтпеген табиғи сүттің дүкендегі сүттен дәмді болатынын алға тартады. Ал,мамандар мүлде басқа нәрсе айтады. Олардың айтатыны – табиғи сүтті пайдаланатынтұрғындар оның құрамының таза, таза емес екенін біле алмайды. Оған мүмкіндік тежоқ, кепілдік те берілмеген. Кейде осының салдарынан ауру да шығып жатады. Солсебепті, экологиялық таза өнім тұтыну – ұлт денсаулығының кепілі екенінескерсек, мұндай жауапсыздықтың алдын алмай тағы болмайды.

Қазақстанның Сүтодағы осы орайды Біріккен Ұлттар ұйымының ауыл шаруашылығы және азық-түлікұйымымен бірлесіп, бірқатар шаруаларды қолға алған. Соның негізгісі шикізатөндірушілердің талапқа сай өнім ұсынуын қадағалау. Қос тарап бұл қолға алынғаістің көп кешікпей нәтиже береріне сенімде. Агроөнеркәсіптік кешеннің өркендеуі– талаптардың қатаң сақталуына тікелей байланысты.

— Біз сүт өндірісісаласындағы әрбір адамға негізгі және жаңа талаптарды түсіндіргіміз келеді. Осылайшаосы саладағы іскер азаматтарға көмек көрсетуді қалаймыз. Өзгеріс енгізудіңешқандай қиындығы жоқ. Мәселен, Хорватия бұл өзгерістерді екі жылдың ішінде-ақигерді. Қазақстан да осындай аз уақыт ішінде меңгеріп, жақсы жұмыс істеп кетедідеп ойлаймын, — дейді арнайы отырыста сөз сөйлеген ҒАО-ның агробизнес жөніндегімаманы Инна Пунда.

Мамандардыңайтуынша, шикізат өнімі неғұрлым сапалы болып келсе өндірушілерге пайдалы. Оныңсыртында табиғи өнімдердің жарамдылық көрсеткіші де арта түседі. Дегенмен,жергілікті сүт шаруашылығы бойынша жұмыс істеп жүрген фермерлер сүт сапасынақойылатын талаптарды өздігінен қадағалай алмайды. Оған арнайы құрал-жабдықтарда жоқ. Бірақ, бұл мәселені шешудің тетігі де табылған секілді. Өйткені, қазір алдағыуақытта сүт өңдеуші кәсіпорындар шикізат өндіретін шаруаларға көмек қолын созутуралы келісімдер жүріп жатыр. Егер келісім сәтті жүзеге асса, шаруалар арнайықұрал-жабдықтар мен техникаларға қол жеткізіп, шикізат құрамында ауру тудыратынсоматикалық жасушалар мен антибиотиктердің бар жоғын анықтай алады. Соныңарқасында әр фермер өз өнімінің сапасын тікелей бақылай алады. Егер зияндыбактериялар мен қалдықтар анықталса, оның неден болғанын біліп, сиырды емдеунемесе оған берілетін азық құрамын өзгертуге мүмкіндік алады. Мұндайаппараттардың арқасында жоғарыда аталған жасушалар мен қалдықтар, бактерияларғана емес, өзге де қауіпті, зиянды көрсеткіштерді анықтауға болады.

Бірлесе жұмыс істеудемекші, бұған дейін де фермерлер мен өңдеуші кәсіпкерлер арасында бірқатаршаруалар атқарылған. Мәселен, сүт өндәруші кейбір кәсіпкерлер сүт саууаппараттарын сатып алып, оны өзіне шикізат ұсынып отырған шаруашылықтарғатаратып жүр. Бұл әріптестіктің пайдасы екі жаққа да тиімді. Сауын аппаратыныңарқасында шаруалар көбірек әрі таза өнім алуға мүмкіндік алса, қайта өңдеузауыттары сапалы шикізатқа қол жеткізеді. Өнімнің бір бөлігі жарамсыз болыпқалмаған соң, жолға кеткен шығын да ақталады. Бұл туралы Қазақстан Сүт одағыныңатқарушы директоры Владимир Кожевников былай дейді:

— Сүтті қайтаөңдеушілер сүт тапсырушылармен бірлесе отырып жұмыс істеуі қажет. Мысалыкәсіпорын иелері фермерлерге салқындатқыш құралдар мен сауын аппараттарын, тазалағышқұрылғылар алуға көмектессе өте дұрыс қадам болар еді. Мұндай екі жақтыәріптестіктің арқасында өнімнің сапасы артады. Мен оған әбден сенімдімін.

Сүт сапасынарттыруда сүт алып-сатумен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардың да маңызызор. Алыс аймақтардан шикізат сатып алып, оны тиісті зауыттарға жеткізуменайналысатын аралық кәсіпкерлер көп жағдайда сүттің сапасына емес, көлеміне мәнбереді. Әрине, оларға да сапалы сүт қажет. Дегенмен, әр қабылдап алған табиғисүттің сапасын бақалап отыруға уақыт та, құрылғы да жете бермейді. Дегенмен,негізгі сүт тапсырушылар жаңашылдыққа бет бұрса, аралық кәсіпкерлер де қалысқалмайтыны анық. Қазір түсіндіру жұмыстары негізінен жеке сүт ұсынушыларменжүргізіліп жатқандықтан, аралық кәсіпкерлердің талапқа сай жұмыс істеуінқадағалау алдағы күннің еншісінде.

Түсіндіру жұмыстарыәзірге сүт тапсырушыларға қарапайым гигиеналық талаптар төңірегінде жүргізіліпжатыр. Мамандар сүтті арнайы ыдыстарға саууға кеңес береді. Яғни,бактериялардың пайда болуына пластмасса ыдыстарды тұтыну ықпал етеді. Оданбөлек, ұсақ-түек қоқымдар да сүт сапасын айтарлықтай түсіріп жібереді. Ал,түрлі жәндіктердің сүтке түсіп кетуі өзінше мәселе. Мәселен, сүтке шыбын түсіпкетсе ол бір минут ішінде 500-ге дейін микроб таратуы мүмкін. Осы және өзге детүсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұған дейін арнайы орындарда қарапайымшаруалармен түрлі кездесулер өткен. Кездесулерде қораны таза ұстау, сауынаппараттарының таза ұтсалуы, сиырдың желінін тазалап жуып отыру сияқтықарапайым қағидалардың сақталмауынан сүт тапсырушылар да, сүт өңдеушілер деайтарлықтай зардап шегуі мүмкін екені айтылады.

Сүттің бұзылыпкетпей, керек жеріне жетуі үшін салқындатқыш құрылғылар керек. Бірақ, оғанкөптің қолы жете бермейді. Осының салдарынан сүт тапсырушылар түрлі қадамдарғабарады. Мәселен, сүтті ұзақ уақыт бұзылмай сақтап тұратын қоспалар. Мысалы,аммиак қосатын болса, сұт бұзылмай, ұзақ сақталғанмен, оның құрамы бұзылады.Оны сүт құрамынан шығару үшін тағы қаншама сүзгіден өткізуге тура келеді.

Жалпы, қарапайымшаруалардың мұндай қадамдарға баруы – шаруаның толықтай жолға қойылмауынан.Өніміне жақсы ақша төленсе, шикізаты жерде қалмаса, сапасына орай баға дакөтерілсе, олар ең алдымен сапаға жұмыс істеуді меңгерер еді дейді мамандар.Сол себепті, сүт шаруашылығымен айналысушы шаруаларды қолдау мәселесі ешқашанкүн тәртібінен түспеуі қажет. Сонда сапалы сүтпен кедендік одақ қана емес,алыс-жақын шет елдерді де қамтуға болады. Өнімің стандарттарға сай болса, оғансұраныстың артатыны ең қарапайым логика. Осы жағынан алғанда, шаруалар менкәсіпорындардың біріге отырып жұмыс істеуі толықтай жолға қойылса алдағыбір-екі жылда сүт шаруашылығының тасы өрге домалайтыны анық.

Мамандар жаңашылдықпен жаңа талаптарға бейімделудің соншалық қиын еместігін айтады. Десе де,алғашында аздаған кедергілер болуы мүмкін. Өйткені, бұрын қалай сүт тапсырса,солай тапсыра бергісі келетін кейбір шаруалар өз өнімдерінің жарамсыз болыпқалатынын білмейді. Осының салдарынан алғашында шикізаттың азайып кетуі мүмкін.Ал, шикізаттың кез келген кәсіпте, кез келген салада басты роль ойнайтыныбелгілі. Десе де, қазірге дейін атқарылған жұмыстар өз жемісін береді деп сеніпотыр сүт одағы өкілдері.  

Фото: dalanews.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:17
Құс тұмауы: шаруаларға өтемақы қалай берілетіні айтылды
Сайт әкімшілігі 12:34
Пойыз билеттері қымбаттады
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13