Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті

Еркежан АРЫН

29.07.2021, 17:20

1231

       McKinsey компаниясының зерттеуіне сәйкес, аграрлық индустрия, жалпы, әлемде цифрландырудағы көшбасшылардың қатарына кірмейді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен ойын-сауық индустриясы бұл тұрғыда ең прогрессивті болып қала береді. Алайда агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойылған міндет сүт жеткізу деңгейінің 90 пайызына жету және экспорттың екі еседен астам өсуін қамтамасыз ету қазіргі заманғы цифрлық технологиялар енгізілген жағдайда ғана мүмкін болады.

        Осыдан екі жыл бұрын ел президенті Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды таңбалау және бақылау туралы келісімді ратификациялағаны белгілі. Ал өткен жылы Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық комиссияға өз аумағында тауарларды таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу туралы хабарлама енгізді. Кейінірек бұл процеске Беларусь Республикасы да қосылды.

       Мәселен, қазақстандық сүттің Кеден одағы нарығында бәсекеге қабілеттілігі үшін ҚР үкіметі таңбалау құралын енгізу мәселесін де қарастыруда. Реттеуші құрал ретінде таңбалау бизнес тарапынан кері іс-қимыл жасау қажеттігін ескере отырып, Кәсіпкерлік кодекс пен «Сауда қызметін реттеу туралы» заңы міндетті түрде пилоттық жобаны жүргізуді және реттеушілік әсерге талдау енгізуді белгіледі. Осы мақсаттар үшін былтырғы қазан айында бірқатар сүт кәсіпорындарының алаңдарында цифрлық таңбалау процестерін сынақтан өткізе отырып, пилоттық жобалар басталды. Пилоттық жобаның мақсаты – қажетті таңбалау жабдығын іріктеу, ұлттық таңбалау жүйесінің жұмысын сынақтан өткізу, таңбалауға әкеп соғатын барлық жаңалықтардың құнын есептеу. Өз кезегінде тауарларды цифрлық таңбалау сапасыз өнімдермен күресудің негізгі құралы болып табылады:

– мерзімі өткен тауардың істен шығуы кассалық аппаратпен бұғатталады;

– таңбаланған өнімді сатып алушы мобильді қосымшаның көмегімен бұзушылықтар туралы сигнал бере алады;

– өнімді бұрмалау мүмкін болмайды.

       Бұл шаралар нарықты «ағартуға» және қазақстандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауға көмектеседі. Сонымен қатар таңбалау процесі тауарларды өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін бақылауды қамтамасыз етеді, өйткені өнімнің барлық логистикасы таңбалау жүйесінде көрінеді. Таңбалау кодтары тауардың әрбір бірлігі үшін беріледі. Бизнес өз кезегінде жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу түрінде пайда көреді, тауарлардың қозғалысын есепке алу рәсімдерін біріздендіреді, сондай-ақ жалған тауарға қарсы күрес бойынша қосымша құрал алады.

        Бұдан басқа, өндірушілердің шығындарын азайту үшін ірі бизнес  шығындарды 40 пайызға дейін, орта және шағын бизнес үшін тиісінше 60  және 80 пайызға дейін өтеу шаралары пысықталуда. Бұл жоба қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдарда келісуден өтуде.  

        Естеріңізге сала кетейік, тауарларды цифрлық таңбалау – Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жүзеге асырылатын ұлтаралық жоба. Қазақстанда өткен жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдерін міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Ал биылғы 1 қарашадан бастап аяқкиімді міндетті түрде таңбалау басталады деп күтілуде. Қазіргі уақытта сүт саласынан басқа, алкогольді, фармацевтикалық препараттарды, оралған суды және құрамында қант бар сусындарды, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп тауарларын сандық таңбалау бойынша пилоттық жобалар жоспарлануда.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.09.2021, 09:04
Қазынада дефицит: Үкімет «тарта жесе, тай қалатынын» қашан ұғады?
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2021, 08:22
«Уәдеге тойып біттік»
Айнұр ӘЛИ 21.09.2021, 14:50
Жеңіл өнеркәсіптің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39