Табиғаттың тағдырын шешкен тендер

02.06.2020, 06:21

56

Іле Алатауы ұлттық паркі жалға кімге және қалай берілді?

Еліміздіңэкология, геология және табиғи ресурстар министрі өткен аптада экотуризмгеқатысты жаңашылдыққа толы жобаларды жария етті. Аталмыш ведомоствоның басшысыЕрлан Нысанбаевтың пайымынша, енді Алматы баурайындағы ұлттық парктердіңсұлулығы қазіргіден де асып түседі-мыс. Осылай деп масаттанған министр Іле Алатауыныңбаурайындағы қорықтардың 49 жылға жалға не үшін берілгенін тәптіштеп тұрыптүсіндірді.  «Егер  учаскені бір жылға жалға берсек, оған ешкімқомақты ақша салмайды. Заң бойынша 49 жыл. Одан қорықпау керек. Компания келісімшартбойынша 14 млрд теңгеге сегіз шатқалда 34 нысан салу міндеттемесін мойнынаалды. Әр нысанға 250-300 млн теңге жұмсайды. «Құлтау» ЖШС небәрі 35 гектар жерді жалға алып, жобаны жүзеге асырамыздеп отыр. Ең алдымен сервистік қызметтің сапасын жақсартуды ойластыру керек.Онсыз бізге туристер келмейді», – дейді Ерлан Нысанбаев.

    

                                     Табиғатты қанауға көштік пе?

 Министр осылайдеп толғап жатқан тұста қоғамда «парктерді жалға беру стратегиялық қателік, бұл– табиғатты қанау» деп, ашынған жұрттың қарасы көбейді. Экологтардан бөлек, қоғамбелсенділерінің  өзі  «енді Іле Алатауының баурайында тегін жүруге,тегін тыныстауға мүмкіндік болмайды» деп ашынды.

Жалпы, біз­діңүкіметтің «туризмді мұнайдан кейінгі табыс көзі­не айналдырамыз, еліміздегікөрікті мекендерді шетелдік­терге жарнамалау арқылы ұпайды түген­дейміз,отандық туризм саласына инвестиция тартуға күш саламыз» деп күпінгеніне біразуақыт болды.  Бірақ сала мамандары «экотуризмдідамытамыз деп, қазақтың құдай берген табиғатының бет-бедеріне қиянат жасадық» дейді.

  Расымен де, біз «заманауи экотуризмдідамытамыз» деп, Көкжайлаудың табиғибейнесін құрттық, Шымбұлақ пен Медеуге шеттен келгендер таңдай қағып таңғалатынеді. Оның бойын да құрылыс, кафе, ойын-сауық орындарымен «көмкердік».Көктөбенің төбесіне дейінгі табиғаты көркем жерді бай-манаптар сатып алып,ірі-ірі коттедждерді қаздай тізіп салып тастады. Ендігі кезек Іле Алатауынакелгені ме?!

 Осы мәселеге қатысты «Жас Алашқа» пікір білдірген эколог Әділет Ысқақов былайдейді: «Былтыр Қазақстанға Малайзияелінен туризм саласының бір топ маманы келді. Олар ұшақтан түсе салысымен табиғатымызғатаңдай қақты. Жалпы, АҚШ еш жасандылықсыз тек қана табиғи туризм саласынанжылына 488 млрд доллар пайда көреді екен. Іргеміздегі Ресей 17,9 млрд долларпайда тапса, Қытай 224 млрд доллар, Жапония 106 млрд доллар пайданы қалтасынабасады. Ал біздің туризмнен көретін жылдық пайдамыз 1 млрд долларға да жетпейді.Қайсыбір елдер біздегідей жасыл желеңді қолдан өсіріп әуре болса,  Қазақстанда барлығы табиғи, Алланың бергенсыйы. Әрине, осыны дөңгелетіп әкете алмай отырғанымыз өкінішті».

   

                                         Тендердікімдер жеңеді?

 Осылайша өзге елдер туризмін табыс көзіне айналдырып,бюджетін толықтырып отыр делік, ал біз туризмді дамытуды кімнің қолына тапсырыпотырмыз? Осы жолы Іле Алатауындағы 34 нысанды лотқа шығарғанда тек бір ғанакомпания тендерге қатысыпты.  Ол – АлександрГужавин басқаратын «Құлтау» ЖШС. Аталмыш серіктестік 2004 жылы тіркелген,Esentai Tower бизнес-орталығында орналасқан. 2010 жылдан бері бюджетке 6 110461 теңге, ал 2015 жылдан бері бюджетке небәрі 1 миллион теңге ғана салықтөлеген.

 Біз Гужавиннің кезінде «Көкжайлау тау-шаңғыкурорты» компаниясын басқарғанын,  сондай-ақШымбұлақ курортына иелік етіп, оған да басшы болғанын білеміз. Ал, ең қызығы, АлександрГужавиннің есімі офшордағы компанияға иелік ететінін әшкере еткен «Панамақұжаттарында»  да жарияланған. «Панамақұжаттарына» сәйкес, Александр Гужавин Сингапурда тіркелген KODY ASIA PTE.LTD  компаниясының директоры. Құжаттарғақарағанда, офшорлық компания 2005 жылдың 25 ақпанында тіркелген. Гужавин осыкомпанияның негізі салынған күннен бастап оның директоры қызметін атқарады.

Кезінде, 2011-14 жылдары, АлександрГужавиннің Шымбұлақ пен Көкжайлауға қатысты: «БізгеШвейцарияның атақты «Штайнер» компаниясы өз ұсынысымен хабарласты. Олар туристтартудың жолын өте жақсы біледі. Біздің жоспар – аһ ұратындай дүниелер жасау», –дегені  есімізде. Бірақ осы аралықта Көкжайлаумен Шымбұлаққа қатысты таңдай қағып тамсанатындай дүниелерді көре қоймадық.Керісінше, бұл демалыс орындары қарапайым халықтың қалтасы көтермейтіндей қымбаторталыққа айналып кетті.

Ал ендіІле Алатауы табиғи паркіндегі  Маралсай, Түрген, Аюсай, Алма-Арасаншатқалдарында және Шарын, Асы сияқты табиғаты ерекше жерлерге «14 млрд долларжұмсауға әзірмін» деп отырған Гужавиннің жоспары жүзеге асатын болса,  министрлік «алғашқы10 жылда 3 миллионнан астам турист келеді» деп болжап отыр. Әртуристен 10 жыл ішінде қазынаға шамамен 1 млрд 250 млн теңге түседі деген сенімде.Тағы бір дерек, былтыр сегіз шатқалдағы бекеттен 76 млн теңге табыс түсіп, бұлкөрсеткіш жыл сайын 5 пайызға артып отырыпты. Демек, болашақта бұл табиғи аймақтарда  қарапайым халыққа қолжетімді болақоймайды. Осы арада «енді қазақтың табиғатының игілігін тек доллары барлар ғанакөреді» деген экологтардың болжамы дөп келетін сыңайлы.

          

                              Туризм дәретханаданбастау алмақ

Қазақтабиғатының арқасында қаржысын офшорға шығарып, миллиардтарды шырт-шырт санапжүрген Гужавин туризмді дамыту үшін, алдымен, дәретханалар салып алуды жөнсанайды екен. «Ең үлкенмәселе – бұл аумақтарда дәретхана салу. Осы сұрақ үкімет деңгейінде қаралған,өте даулы мәселе болды. Біз мұны бірінші кезекке қойып отырмыз. Одан кейінтабиғатты бүлдіру, оған залал келтіру бойынша да қоғамның алаңдаушылығы бар.Бұл сұрақ та назарда, билік тарапынан бақыланады деп ойлаймын», –  дейді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.  

 Негізі,осы дәретхана мәселесіне соңғы уақытта Мамин үкіметі қатты мән беріп жүр. Былтырлары Қазақстандағы қалааралық жолдардың бойына күні-түні ашық тұратындәретханалар салына бастады. «Олардың біреуінің құны –  23 млн теңге, 2022 жылға дейін үкімет 304 дәретханасалуды жоспарлап отыр» деп есеп бергенде, «құны Алматы мен Астана тәрізді іріқалалардағы баспана құнымен бірдей дәретхана салғанша, қаңғып жүрген елдібаспанамен неге қамтымайды» деп, біраз қоғам белсендісі ашынған болатын.

Қалай десек те, Александр Гужавин «ІлеАлатауын адам танығысыз өркениетке бағыттаймын» деп отыр. Бірақ осы Гужавин«жайнатамын» деген тұстағы Көкжайлаудың дауы мен Шымбұлақтың шымбайға батқанмәселелерін халық әлі ұмытқан жоқ. Елдің ендігі уайымы тағдырын бір ғана тендершешкен Іле Алатауының баурайы болып отыр.

Тақырыпқа тұздық  

  Осы мәселеге орай,«Жас Алашқа» пікір білдірген белгілі құқыққорғаушы, эколог және «Көкжайлауды қорғайық!» қозғалысының белсендісі АбайЕРЕКЕНОВ былай дейді:

          

                                Бұл заңға қайшы дүние

– Ұлттық парктерді 49 жылға жалға беру – заңға қайшы дүние. Бұл  стратегиялық қателік. Біз халықаралықталаптарды, халықаралық конвенциялардағы келісімшарттарды сақтауымыз керек. «Ғаламдық экологиялық қор» деген болады. Ерекше қорғалатын экологиялық аумақтарболады. Осы халықаралық талаптарға сай, Қазақстан конвенцияға қол қойған елретінде  бұл қорықтарды, ұлттық парктердікөзінің қарашағындай сақтауы тиіс.

Сержан Жұмашев, Александр Гужавин дегендер кезінде «Көкжайлауды дамыту» жобасынойлап тапты. Одан соң Шымбұлақты «жандандырмақ» болды. Енді, міне, ІлеАлатауындағы ұлттық парктерге қол салып отыр. Бұл адамдарға сенуге болмайды.Олар бюджетке салық төлемейді. «Шымбұлақты жандандырамыз» деп алып, бес жылдабюджетке 1 млн теңге ғана салық төлеген.  Министрлік бұл адамдарға қалай сенді?!

  Александр  Гужагиннің аты-жөні «Панама құжаттарында» қаржысынофшорға шығаратындардың тізімінде жүр. Сондықтан мұны жан-жақты тексеріп,тергеу керек. Гужавин мемлекетке салықты неге аз төлейді?! Тендерге неге теконың компаниясы ғана түседі?! Тек бір ғана компанияның қатысуымен неге тендержүргізіледі?! Мұның барлығын тергеп, тексеру қажет. Қоғамдық тыңдау, талқылау  деген мүлде болған жоқ. Тып-тыныш қана«тендерді ұтып алды» деп, қорықты Гужавинге бере салады. Демек, бұл жердежемқорлық фактісі бар деген сөз. Сондықтан мұны қайта қарау керек.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57