Табыс салығы «ауқатты» кедейлерді ойлантып тұр

14.05.2020, 13:01

27

 

Біздің биліктің пайымынша, нақ қазір елдетабыс салығына прогрессивті шкала енгізу жайы өзекті болып отыр. Прогрессивті шкаланың мағынасы сол –жалақысы аз адамдар табыс салығын аз төлейді, жоғары айлық алатындарға салықмөлшері көбейеді.


   «Біздің мақсатымыз – аз айлықалатындар сегментін «көлеңкеден» шығару» дейді шенділер. Билік осылайшакедей-кепшіктің  мойнындағы салықтықжүктемені азайтуды жоспарлап отыр. Бұған қатыстысарапшылар «бұл үрдіс еліміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға айтарлықтайкөмек болады» деседі. Әлеуметтік сала мамандарының есебінше,  жағдайы төмен қауым мемлекеттік қолдаудысезінуі үшін бұл құптарлық бастама.  Бірақосы арада  «елдегі орта тапты қайтеміз,олар мемлекеттің қолдауын қашан сезінеді» деген сауал туындайды.  

  Деректерге жүгінсек, елдегі тапқанын, айлығын шайлығына жеткізе алатынорташа жалақы алатындардың  көрсеткіші  республика халқының 45 пайызын құрайды.  Оларды экономика тілінде «ауқатты» кедейлердеп те атайды. Осы «ауқатты» кедейлер мемлекетке жер, мүлік, табыс салығынтөлеп келеді. Бұған қарттығын қамсыздандыру үшін болашақта алу-алмауы белгісіз,зейнетақы қорына төлейтін 10 пайыздық салықты тағы қосып қоялық. Аңғарғанымыз,елде орташа жалақы алатындардың салықтық үстемесі онсыз да көп. Ал жаңаданенгізілгелі отырған табыс салығының шкаласында айлығыңыз 80 мыңнан жоғарыболса, әрбір келесі шектен бір пайыз салық алынады. Мысалы, шартты түрде жалақы140 мың болса,  0 пайыз 80 мыңнантөленеді, ал келесі 60 мыңнан 2 пайыз салық төленеді. Егер жалақы 200 мың теңгеболса, онда 80 мыңға 0 пайыз  салық төленеді,келесі 60 мыңнан – 2, келесі 60 мыңнан 4 пайыз салық төлейсіз. Әрі қарай 10пайыз салық жүктемесі 750 мың теңгенің жалақысына дейін жалғаса береді.

   Мамандар қазіргідей дағдарыскезінде табыс салығының 0 пайыздық түрі 80 мың теңге емес, 250-300 мың теңге жалақыалатындардан бастап енгізілгені дұрыс екенін айтып отыр. «Қазір халықтыңқолындағы ақшасы тым құнсызданып, инфляция жеп қойды, теңге күннен-күнгеқұнсызданып жатыр.  Қымбатшылық халықтықос өкпеден қысып тұр. Сондықтан табыс салығының 0 пайыздық шкаласы  300 мың теңге жалақығадейін енгізілгені дұрыс», – дейді қаржыгер Арман Мусин.

    Сарапшының  пайымынша, 250-300 мың теңге жалақы алатындар мемлекеткесалмақ салмай, баспанасын да өз күшімен алып, несиесін төлеп, бала-шағасынасырап, өз көшін өзі алға сүйреп-ақ жүр. Бірақ олардың өзін-өзі дамытуға,байлар тәрізді сән-салтанатымен өмір сүруге мүмкіндігі жоқ. Себебі жалақыларыоған жетпейді, тек айлықтан-айлыққа әупірімдеп жүргендерін көңілге місе тұтады.Қазақ мұндайларды «жүнін қампайтса да, бөрі арығын білдірмес» дегенге теңесе, қаржыгерлерде осыған байланысты оларды «ауқатты» кедейлер деседі.  

     Негізінен, сала мамандары  осы «ауқатты» кедейлерге қатысты табыс салығынжеңілдету керегін айтып жүргелі біраз болды.  Әттеген-айы, бұл ұсыныстарды әзірге естірқұлақ болмай тұр.  Өкініштісі сол – біздеқарапайым халыққа түсінікті Салық кодексінің негізі әлі қалыптаспай отыр.  Біз осы уақытқа дейін қарапайым халыққа емес, экономикамызғаинвестиция құятын инвесторларға қатысты салық жүйесін қолайлы әрі тартымды етеалдық. Бірақ бұдан өркендеп,  дамыпкеткен экономикамызды  30 жыл бойы көреалмай келеміз. Қазақ жерінің байлығы арқасында байып, көк қағазды шытырлатыпсанап жүргендердің біразы салықтан жалтарып, тиісті салықтың өзін дұрыстаптөлемей жатады.

     Салық төлеуге келгенде екі түрлі есеп-қисапжүргізетіндердің бар екенін ескерсек, бізге қазір  алдымен елдегі салықтың жасырын көздерінәшкерелеп алу өзекті болып отыр. Салықтөлеуде орын алып отырған бұдан да басқа  олқылықтар жетіп-артылады. Елімізде жұмысберушілер мен жұмысшы арасындағы өзара келісім; жұмыс берушінің өз қарамағындаістейтін жұмысшыларын кемітіп көрсетуі жиі орын алады. Осының есебінен жұмысістейтіндердің жартысы тізімде болмағандықтан, заң бойынша табыс салығы да,әлеуметтік салық та төленбейді. Сондай-ақ бүгінде заңды тұлғалардың бақылаусызтіркелу мүмкіндіктері бар. Ал жеке тұлғалар қанша кәсіпорын ашса да, оғаншектеу қойылмайды. Мұнымен қоса, жалған кәсіпорындар нөлдік көрсеткішпен есеп береді. Кәсіпорын салықоргандарының тексерулерінен жалтару мақсатында басқа шаруашылық субъектісіменбірігу арқылы қайта құрылуға ұшырап жатады. Осылай бюджеттің алдындаміндеттемесі бар кәсіпорындардың қайта құру, қайта тіркелу, заңды мекенжайынөзгерту істерінің жүргізілуі салдарынан салық төлеушілер жауапкершіліктенқұтылып кетіп жатады. Міне, бізгесалық жүйесіне  қатысты алдымен осымәселелерді шешіп алғанымыз жөн болар еді.
    Қалай десек те, қазір біз үшін мемлекетке де, халыққа да тиімді салық жүйесі керекболып тұр. Халықтың тапқантабысына салық салу, сол арқылы бюджетке кіріс кіргізу қай елде болсын бартәсіл. Біз тілге тиек еткен  табыс салығының прогрессивтішкаласын енгізу «халықтың тұрмысына да, мемлекеттің  тынысына да жаңашылдық енгізеді» деген үміт мол. Әрине, билік үкілеп отырғаннанкейін бұл бастаманың бір қайнауы ішінде қалмай, бабы келіскенін қалаймыз. Аталмыш бастама орта жолда қалмай, халықтыңигілігіне айналар деген үмітіміз бар.

Тақырыпқа тұздық

  Осы орайда,тақырыпты тұздықтап, «Жас Алашқа» пікір білдірген мамандар жаңа бастаманы әліде пысықтау қажеттігін, жалпы, әділетті жүзеге асса, қолдауға болатын тұстарыбар екенін де айтып қалды.  

       

     300 мыңдық жалақыға дейін 0 пайыздық шкалаенсе...

Меруерт МАХМҰТОВА, экономика ғылымының докторы:


– Табыс салығының шкаласы қазірқандай болатыны нақты айтылмай тұр. Біле білсек, қазір халық күн көретін ақшатаппай жүр.  Ел екі ай үйде отырып42 500 теңгеге қарап қалды. Табыс салығының шкаласы 60-80 мың теңгежалақыға дейін 0 пайыз деп жатыр. Бұл шкала 300 мыңдық жалақыға дейін 0 пайыз болсатүсінуге болады. Сондықтан мұны әлі де пысықтаукерек. Өз басым 300 мыңдық жалақыға дейін 0 пайыз шкала  енгізілсе деймін.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ, 

«Жас Алаш» 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 17:28
Еуро қоса қымбаттап жатыр
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:04
Теңге мен доллар арасы, Ұлттық банк не дейді?
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 12:47
Доллар қымбаттап жатыр, теңге теңселе бере ме?
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:42
Мұнай арзандап жатыр
Еркежан АРЫН 29.09.2020, 11:30
Ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың болашағы кемел
Еркежан АРЫН 29.09.2020, 11:27
Шекаралық аймақтардағы сауданың шырайын кіргізу маңызды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16