Тағы бір зауыт қажет пе?

  Қадіріңді жұрт білмеген қайран Көкше теңіз...

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

23.06.2021, 09:08

1702

        Балқаш көліне жақын маңдағы Шашубай кентінің тұрғындары «қытайлық кәсіпкер қорғасын өндіретін зауыт салайын деп жатыр» деп дабыл қағуда. Тұрғындардың бірі Шашубайдағы Балқаш көліне жақын жердегі нысан ішінде қорғасын ұнтақтарының қаптарға салынып тұрғанын бейнежазбаға түсіріп  көрсеткен.

Айтуларынша, бұл жерге қаупі жоғары қорғасын ұнтағы жеткізіледі, мұнда  қытайлық кәсіпкер  қорғасын өндірісі үшін зауыт салмақшы. Желі қолданушысы Назым Жазылбекова осы бейнежазбаны таратып, Балқаш көліне жақын жерде қорғасын ұнтағын жинап отырған мекеме жайындағы мәселені қозғаған.«Өзім Балқаш қаласында туғанмын, қаланың тағдыры, адамдардың қауіпсіздігі мені бейжай қалдыра алмады», – дейді Назым Жазылбекова.

       Қорғасынды көл жағасына тасыған бұл қандай кәсіпорын?

      Балқаш көлінің жағасына жақын орналасқан Шашубай кентінің шетінен бір кәсіпкер нысан ашып алған. Бұл ғимаратқа Балқаш түсті металл зауытынан қорғасын жеткізіледі екен.      «Балқаш көлінің жағасына қытайлық кәсіпкер қорғасын мен күшән (мышьяк) өндірісі бойынша зауыт ашу үшін қорғасынның шаңын жеткізді, бұл өте қауіпті қоспа болып табылады. Сонда осындай қауіпті заттарды көлдің жанына әкеп жатқанда, ешкім ештеңе айтпайды. Жергілікті билік бизнеске тексеруге мораторий болғандықтан, аузымызды аша алмаймыз деп отыр. Балқаш зауытының қалдығы көл жағасына жеткізілуде,  бұл экологиялық апат болады деген сөз. Сонда, осы кентте тұратын халықтың денсаулығын ешкім ойламағаны ма? Көл мына жерде көрініп тұр, – деп қынжылады бейнежазба түсірген Шашубай кентінің тұрғыны.      

Ал билік болса әдеттегідей «заңбұзушылық жоқ» деп, самарқау кейіп танытуда. Шын мәнінде Шашубай кентінің жанындағы бұрынғы «КазЗолото» кен өндіру кәсіпорынның нысанына Балқаштағы «ҚазақМыс» корпорациясынан қорғасын ұнтағы тасымалданып осы жерде сақталуда. Мұндағы қорғасын ұнтағын тасымалдайтын компания Алматы қаласында тіркелген.     «Биылғы мамыр айында бұл нысан арнайы зертханалық тексерістен өтті және ешқандай зиянды зат анықталмады. Кәсіпорын басшыларының қолында жұмыс жүргізуге рұқсат берілген  құжаттары  бар. Бұл жерде зауыт ашылмайды, тек қорғасын ұнтағы арнайы қаптарға салынып, жабық ғимарат ішінде  сақталады. Кейін бұл өнімдер Семейге жіберіледі. Осы мәселе бойынша барлық құжаттар көшірмесін ұсынып, аудан әкімі облыстық прокуратураға хат жолдады», – деп мәлімдеді Шашубай кенті қарайтын Ақтоғай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.       

Әзірге облыстық прокуратура бұл мәселеге қатысты хатқа жауап қайтарған жоқ. Балқаш халқы үшін «Қазақмыс» зауыты  түтінінің  өзі де қасіретке айналып бара жатқаны жасырын емес. Билік  экологияның бұл  салдарын барынша жасырғанымен, қала тұрғындары түтіннің, әсіресе, түн баласында сыртқа көп шығып, тәндерін улап жатқанын айтып зар қағады.  Енді экологиясы құлдырап тұрған осы аймақтағы көлдің жағасына зауыттың улы қалдығын әкелу жұрттың жағасын ұстатқан.

Шашубай тұрғынының бірі экология департаментіне шағым түсірген. Тексеріс жасаған департамент те олқылықты таппадық деп отыр. Әрине, тексеріс келетін кезде ол туралы хабарлама алатын мекеменің бұған дайындалатыны бесенеден белгілі. Экологтардың айтуынша, кәсіпорынға бұл жерде қорғасын қалдығын алты ай ғана уақытша сақтауға рұқсат берілген.

Дегенмен жұрт тексеріс кеткен соң, мекеме олқылықтарға жол беріп, зиянды қалдықтармен көлді ластап ала ма деп қорқады. Биліктің не себепті қауіпті қалдықтарды көлге жақын жерде сақтауға жол бергені түсініксіз. Бұл сауалға жергілікті атқамінерлер жауап бере алмады.

Тегтер: экология заң айыппұл мәселе тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15