Талапты сақтамаған. Нұр-Сұлтанда бірқатар құрылыс компанияларының жұмысы тоқтады

Сайт әкімшілігі

12.04.2021, 09:05

707

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мобильдік топтары күн сайын құрылыс компанияларының балшықты, топырақты, құрылыс қоқысын шығаруын бақылау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мобильді топтардың құрамына Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, жергілікті Полиция департаментінің, аудан әкімдіктерінің өкілдері кіреді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Мобильдік топтар осы жылдың 8-10 сәуірінде құрылысы жүріп жатқан 90 нысанды аралады. 36 нысан бойынша ескертулер анықталып, құрылыс алаңдарын тиісті жағдайға келтіру туралы хабарлама берілді. Аралау барысында аудан әкімдігінің күшімен тәртіп бұзушылықтар толық жойылғанға дейін құрылыс объектілеріне кіру/шығу жолдары жабылды.

Олардың қатарында: 1. Тұран бойындағы «Нова сити» ТК Құрылыс салушы: «СК Базар» ЖШС 2. «Гранд Тұран Комфорт» ТК Е49 көшесі Құрылыс салушы: «ТД Рахмет3» ЖШС 3. «Гранд Тұран» ТК Е49 көшесі бойында Құрылыс салушы: «Мегастрой ЛТД» ЖШС.

Сондай-ақ, келесі құрылыс объектілері электрмен жабдықтаудан ажыратылды: 1. Тұран көшесіндегі «Алпамыс» ТК Құрылыс салушы: «Mercury Planet» ЖШС 2. Тұран бойында «Атлетика» ТК Құрылыс салушы: «Комфорт Констракш ЖШС 3. Тұран бойынша «Номад Ойл»автожанармай құю станциясы Құрылыс салушы: «БИП» ЖШС 4. Қ. Күмісбеков көшесі бойындағы ТК Құрылыс салушы: «АстанаСтройДом» ЖШС 5. Қ. Күмісбеков көшесі бойындағы ТК Құрылыс салушы: «АиА» ЖШС 6. Қ. Күмісбеков көшесі бойындағы ТК Құрылыс салушы: «Arai APARTMENTS» ЖШС 7. «Көкталдың оңтүстік-шығысындағы тұрғын үй кешеніне кабель желілерін салу» Құрылыс салушы: «ДЖЕНКО ИНЖИНИРИНГ» ЖШС 8. Ж. Нәжімеденов көшесі бойындағы «Sigma build» ЖШС 9. «Самұрық Объектілері» «Bazis construction» ЖШС 10. А. Байтұрсынов көшесі бойында 2000 орындық мектеп құрылысы «BI GLOBAL» ЖШС 11. Ж. Нәжімеденов және С. Нұрмағамбетов көшелеріндегі ТК «Иртыш Груп»ЖШС. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабы бойынша 6 құрылыс салушыға қатысты қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 350 040 теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік істер қозғалды. Олардың арасында: 1. «Manhattan Astana» ЖШС «Манхэттен» ТК, Мұхамедханов көшесі бойында 2. «G-Park» ЖШС «Варшава ТК, Заречный т.м. « 3. «Мегастрой ЛТД» ЖШС «Грант Тұран Комфорт» ТК 4. «Қазқұрылысөңірі» ЖШС «Тілендиев» ТК, Н. Тілендиев даңғылы бойында 5. «Ертау» ЖШС» «КТК Кенесары және Қ. Күмісбеков көшелерінің қиылысы» 6. «Arai APARTMENTS» ЖШС «Қ. Күмісбеков көшесіндегі ТК». Мобильді топтармен осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Талапты бұзушылықтар анықталған жағдайда құрылыс салушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

Тегтер: құрылыс компания ереже заң айыппұл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Оразәлі СӘБДЕН 18:30
Қазақстанға атом электр станциясы қажет пе?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 07.12.2021, 09:07
Зейнетақы жинағы: үкімет ақыры оны да халыққа қимады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 06.12.2021, 08:56
«Баспана түгіл тас та жоқ»-сарапшы...
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 12:42
Теңге бағамын ұстау Ұлттық банкке қымбатқа түсіп тұр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.12.2021, 09:02
Триллиондарды жұтқан министрлік тұралап тұр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 30.11.2021, 09:10
Қой көрмеген қуалап өлтіреді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00