Талдықорғанда 16 264 адам пәтер кезегінде тұр

28.03.2019, 18:03

8

Талдықорғанда орта есеппен жылына 250 адам баспанамен қамтылады екен. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер қаланың оңтүстік-батысындағы 8 және 9-шағын аудандарда.Талдықорғандағы пәтер кезегінде тұрғандар өзге аймақтардағыдай 14 санатқа бөлінген. Олардың негізгілері мыналар: мүгедектер, жетімдер, мүгедекке теңелетіндер, толық емес отбасы, көп балалы отбасы, бюджеттік салада жұмыс істейтіндер.Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 2018 жылы 569 пәтерлік 6 көпқабатты үй пайдалануға берілген. Оның 3-і 184 пәтерлік жалдамалы үйлер. 60 пәтерлі 1 үй коммуналдық. 325 пәтерлі 2 үй несиелік, яғни, “Тұрғын-үй Құрылыс Жинақ Банкі” арқылы рәсімделетін баспаналар. Былтыр Талдықорғанда жалпы саны 569 отбасы үймен қамтылған екен.Ал биыл қалада несиелік 6 үйдің құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың 3-і 230 пәтерлік 16 қабатты үй. Тағы 60 пәтерлік 5 қабатты 2 үйдің құрылысы жуырда басталмақ. Әкімдіктегілердің есебі бойынша несиелік пәтерлердің жалпы саны 350 болады. Одан бөлек коммуналдық 20 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр екен. Коттедж қалашығында облыс бюджеті есебінен 48 коттедж (жалдамалы), оның жанында тағыда 155 коттедждің құрылысы басталған. Қала әкімдігіндегілердің сөзіне сенсек  олар жаз айында пайдалануға берілуі тиіс. — Қазір қаладағы тұрғын үй құрылысына қатысты 15 жобаның сметалық-жобалау құжатын дайындап жатырмыз. Мемлекеттік сараптама қорытындысы шілде айына дейін дайын болса сол жобаның 7-не республика мен облыстық бюджеттен ақша сұратамыз. Ақша қалай бөлінеді сол уақытта құрылысы басталады. Ал, қалған 8 жобаны 2020 жылдан бастап жүзеге асыру көзделіп отыр. Жалдамалы және несиелік үйлердің бәрі республика бюджетінен қаржыландырылады, — дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Дәурен ТҰРҒАНБАЕВ.Ал, коммуналдық үйлер жергілікті бюджет есебінен салынады. Талдықорғанда 1 пәтерлі баспананың аумағы 38 шаршы метрден бастап 42-45 шаршы метрге дейін. 2 бөлмелі пәтерлер 50 мен 60 шаршы метр арасында. 3 бөлмелі пәтер 70-80 шаршы метрді құрайды. Жалпы, қаладағы мемлекет тапсырысымен салынатын ең үлкен пәтер 90 шаршы метрден аспайды.«7-20-25» бағдарламасы бойынша жалпы саны 484 пәтерді құрайтын 7 үй салу үшін жеке құрылыс компанияларымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Яғни, Талдықорған әкімдігі аталған бағдарлама аясында «Жетісу Жилсоцстрой», «Гәкку құрылыс», «МАК» және «Жөндеу құрылыс» мердігер компанияларымен мемарандумға қол қойған екен. Әкімдік оларға үкімет тарапынан жер бөліп береді. Сондай-ақ, үйлердің инфроқұрылымы мен абаттандыру жұмысы әкімдіктің мойнында. Жоспар бойынша олардың құрылысы биыл басталып келер жылы аяқталуы керек.Фото: taldykorgangazeta.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39