Тараз бен Мойынқұм арасы жақындайды

16.10.2019, 16:03

8

Қойыны аң-құсқа, қойнауы қазынаға толы, біршеті Балқаш көлімен, бір шеті Бетпақтың шөлімен құшағын айқастыратын Мойынқұмауданы Жамбыл облысының 44 пайызын алып жатыр. Облыс орталығына ең шалғайжатқан осынау Мойынқұм ауданы мен Тараз қаласының арасы алдағы күндері жақындайтүспек. Ендігі кезекте Тараз-Мойынқұм-Тараз бағытында әуе тасымалы іске қосылмақшы.Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың Мойынқұмға арнайы барғанжұмыс сапары барысында айтылды.

«Мойынқұм – облыс орталығынан ең шалғайдажатқан аудандардың бірі. Екі ортадағы жол қиындығы қатынап жүрген жолаушылардыңкөптен көңілінде жүргені даусыз. Бұл мәселе енді оңынан шешілмек. Жамбыл облысыәкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес, облысымыздағы шағын авиацияныдамыту қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда, облысымыздың орталығынан Мойынқұм жәнеТөле би ауылдарына әуе маршруттарын ашу мүмкіндіктерін зерделеу, соның ішіндеқажеттілікті анықтау, әуеайлақ салуға кететін шығын көлемін анықтау бойыншажұмыстар жүргізілуде»,-дейді Жамбыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобильжолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.

Айта кетейік, Мойынқұм ауылынан облысорталығына біркездері яғни, 1966-1990 жылдары аралығында күнделікті 2 рет АН-2және ЯК-40 ұшақтарымен әуе тасымалы қызмет көрсеткен. Алайда, Тәуелсіздік алғаннанкейінгі тоқсаныншы жылдардың басындағы еліміздегі қаржылық қиындықтарғабайланысты аталған әуе маршруты жұмысын тоқтатқан болатын.

Алдағы уақытта ол қайта жаңданып, көпшіліктіңтілегі орындалмақ. Әуе тасымалы іске қосылғанда екі арадағы автокөлікпен жетугеболатын 5 сағаттық жол үш есеге дейін қысқарып, 1-1,5 сағатта жетуге мүмкіндіктуады деп күтілуде.

Ал Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев Үкіметте қолдау тапқан«Қарапайым заттар экономикасы» жобасына қатысуға ауданнан таңдалып алынғанКеңес ауылдық округінің тұрғындары құлшынып отырғанын айтады.

«Өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудыңпилоттық жобасына ауданымыздан таңдалып алынған Кеңес ауылдық округіне Айдарлыелді мекені кіреді. Округте барлығы 363 аула болса, онда барлығы 2004 адамтіршілік кешуде. Ауылдағы үй іргесіндегі жер көлемі 58 гектар болса, мұндағы аулалартүгелімен сумен қамтылған. Бұл жерлерді тиімді пайдалануға 318 аула ынталыекендерін білдірді. Сондай-ақ, 93 аула 1 395 бас мал алуға ниет танытып отыр»,- дейді М.Мұсаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34