Таразда 148 көше жасалады

08.08.2019, 14:53

207

Тараз қаласында жалпыұзын-ырғасы 1831 км көше жолы бар болса, олардың ішінде 870 шақырымы жөндеудіқажет етеді. Биыл шаһарда жол жөндеу бойынша 38 жоба жасалып, жыл соңына дейін78 шақырым жолды (148 көше (бұрылыстар тұйықтарыменқоса) орташа жөндеу жоспарланған. Оның біраз бөлігі қаланың шалғайаудандарына тиесілі. Қазіргі уақытта техникалар қажетті көлемде жұмылдырылып,сала мамандары қызу жұмысқа кіріскен.    

Бұл ретте Тараздың шалғай аудандарындағы жолдардың жөнделе бастағанына жергілікті тұрғындарқуанышты. Атап айтқанда, Шалғай қарасу, Тайвань, Арай алқаптарындағы жарамсызжолдардың жөнделіп жатқаны ұзақ жылдардан бері айтылып келе жатқан аталғанмөлтек аудандардағы «жол жырының» мәселесін азайтуға сеп болмақ. Тұрғындар үшінтағы бір жағымды жаңалық жаяу жүргіншілер жолы да салынбақшы. Бүгінде бұл жұмыстар басталып кетті.

Мәселен,«Шалғай Қарасуда» ұзындығы 520 метрді құрайтын Прибалхашская көшесіненАнарбаев көшесіне дейін қалыңдығы 6 сантиметр болатын асфальт жабындысытөселуде.

Сондай-ақ, Тепловоз, Балқаш көшелеріне де асфальттөселді. Балқаш көшесіне асфальтпен қатар жаяу жүргіншілер жолын да салдық.Өйткені,  мұнда балалардың қауіпсіздігіүшін арғы беттегі балабақша, №21 мектеп бар. 

Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 миллионтеңгеге қаланың көпқабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жолжабындыларын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланыпты.

Сонымен қатар, «Бурыл А, Б, В» тұрғын үй массивінің 26шақырымды құрайтын 50 көшесіне 260 миллион теңгеге шағал тас төсеу жұмыстарыжүргізіліп жатқанын жеткізді. Жұмыстарды «Айя сервис» ЖШС-гі жүргізуде. Бүгіндемұнда шағал тастардың бірінші қабаты салынуда. Алдағы уақытта техникалықталаптарға сәйкес екінші қабаты жүргізілетін болады. Нысанның құрылысы келесіжылға өтпелі болғанмен, мердігер компания жұмыстарды кестеден бұрын, жыл соңынадейін тапсыруды көздеп отыр.

Қазіргі таңдақұрылыс жұмыстары қауырт, қызу жүргізілуде. Кейбір белгіленген нысанныңқұрылысы келесі жылға өтпелі болғанымен, мердігер компаниялар межені мерзіміненбұрын аяқтауды көздеп отыр.

Аталған жобалардыңжүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар,өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына да орасан зор үлесқосады.

Бұлретте Жамбыл облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді-мекенкөшелері желісінің ұзын-ырғасы 9 690 шақырымды құрайтынын айта кетейік.

Оныңішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 1152 шақырым, облыстықмаңызы бар автомобиль жолдары – 1987 шақырым, аудандық маңызы бар автомобильжолдары 1188 шақырым және елді-мекендер көшелерінің желісі 5363 шақырым.

Фото: zhambylnews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 10:56
«Жасыл кеңсе»: қанша тұрады және қаншалықты үнемді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:18
Батпаққа баттық, үкіметтің не ойлағаны бар?!
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 13:04
Жалақысы ең төмен өңірлер аталды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 10:25
Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.04.2021, 09:28
Монополистерге тыйым бар ма, олар халықты қашанғы тонайды?!
Б.ЕРНАЗАР 15.04.2021, 13:19
Қазақ-өзбек қатынасы жаңа белеске көтерілді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08