Таразда 26 тұрғын үй салынып жатыр

08.08.2019, 19:16

33

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев тұрғын үй бойынша 2019-шыжылы 26 нысанның құрылысына 11,8 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Оның 2,2миллиард теңгесі республикалық бюджет есебінен болса, 1 миллиард теңгеоблыстық бюджеттен қарастырылған, 6,9 миллиард теңге ішкі қарыздар есебіненқарастырылған болса, қалалық бюджеттен 1,6 миллиард қаржы бөлініп отыр екен.Олардың 21-і несиелік тұрғын үйлер болса, 5-еуі әлеуметтік осал топтағыазаматтарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арналған арендалық тұрғынүйлер санатына жатады. Қазіргі таңда аталған тұрғын үй нысандарының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде дейді шаһар басшысы.

Бұл несиелік 21 тұрғын үйдің 10-ы өткен 2018 жылданөтпелі тұрғын үйлер. Оның ішінде, жақын күндері 4 тұрғын үй пайдалануғатапсырылады. Одан бөлек, 6 тұрғын үйдің де құрылыс жұмыстарына жауаптымердігерлер тамыз айының соңына дейін тапсырамыз деп құлшынып отыр.

Негізінде құрылысы биыл басталған 16 тұрғын үй (60пәтерлі несиелік -11 үй, 80 пәтерлі арендалық — 5 үй) 2020 жылға өтпелі.Дегенмен, бүгінгі таңда 16 үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүруіне байланыстыжыл соңына дейін оның ішіндегі 10 тұрғын үйдің пайдалануға тапсырылуы(4-аренда, 6-кредит) жоспарланып отыр екен. Сонда қалған 6 үй ғана(1-аренда, 5-кредит) 2020 жылға өтпелі болмақ.

Бұдан бөлек, халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігінарттыру  мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысыбағдарламасы аясында Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы20,4 гектар алқапта 205 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.Бағдарламаға сәйкес тұрғын үйлердің құны 1 шаршы метр – 120 мың теңге. Аталғанүйлер 3 түрлі жобамен әзірленуде:

— 68 үй (80шаршы метр) – 9,6 миллион теңге;

— 68 үй (116шаршы метр) – 13,92 миллион теңге;

— 69 үй (125шаршы метр) – 15 миллион теңге.

Бағдарламааясында 2018 жылы 5 үй пайдалануға тапсырылса,  биыл 9 үй пайдалануғатапсырылды. Одан бөлек, 51 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 9 үй бойынша ішкі әрлеужұмыстары жүргізілуде, 7 үй бойынша қабырғалары көтерілген, 11 үй бойынша іргетастары аяқталған, 15 үйдің сыртқы жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстарыаяқталмаған, 9 үй бойынша траншеялар дайындалған. Бүгінгі таңда, жеке тұрғынүйлер магистралдық инженерлік инфрақұрылыммен (гектарз, су, кәріз) қамтамасызетілген. Уақытша электрмен, ауыз және кәріз сумен қамтамасыз ету мақсатындақұрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда оларды әр үйге қосу бойыншажұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге,салынған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жандандырып, тұрғындарға қолайлытүрде тапсырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы штаб құрылып, 115 ерікті(волонтер) тартылып, кезекте тұрған азаматтарға  7421 ескерту хаттаратылды. Оның ішінде  3192 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.Ал, 141 азаматқа бағдарламаға қатысу үшін  төлем қабілеттілігінанықтау мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама берілді. Оның ішінде10 азаматтың алдын-ала төлем қабілеттілігі расталды.

Фото: zakon.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:50
Зейнетақы жүйесін тағы өзгерту жоспарланып отыр
Еркежан АРЫН 29.10.2020, 10:25
Сауда интеграциясы экономикаға тиімді әсер етеді
Еркежан АРЫН 29.10.2020, 10:22
Тұтынушының құқын қорғай алып жүрміз бе?
Бақытжан ТОБАЯҚ-ТЕГІ 29.10.2020, 08:59
Жекешелендіру зардаптары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 15:38
Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 12:16
Доллар бағамы 430 теңгеден асты

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04