Таразда күнбағыс майын өндіретін зауыт салуға қызығушылар көп

16.09.2019, 13:40

170

Таразда күнбағыс пістесінен май өндіретін «GOODLOOK» ЖШСзауытының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны – 1 миллиард 264 миллион теңге, алқуаттылығы жылына 160 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы болмақ. Бұл ретте 36жаңа жұмыс орыны ашылатын деп күтілуде. 

Қазіргі таңда қосымша инвестициялар тарту мақсатында,Тараз қаласындағы айналма тас жолының бойында («Тараз металлугиялық зауыты»ЖШС–і жанынан) орналасқан 94,2 гектар жер теліміне индустриалды аймақ құружоспарланып отыр. Аталған аймаққа инженерлік инфрақұрылым тарту үшінжобалық–сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы29 тамызында №3034 Қаулысымен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай–коммуналдықшаруашылық, автомобиль жолдары бөліміне тапсырма беріліпті.

Бүгінгі күнге индустриалдық аймаққа қызығушылық білдірген9 кәсіпкер (жоба құны 6,253 миллиард теңге, жаңа жұмыс орны 548 бірлік)анықталып отыр.  Олар:

– «Достық» ЖШС 1,5 га жерге құю цехының құрылысы бойыншажәне металлдан жасалған жабдықтар мен бұйымдарды дайындау жобасын жүзегеасыруды жоспарлап отыр. Жобаның шартты құны 283 миллион теңге, 60 жұмыс орнынашуды көздейді;

– «Novacom technology» ЖШС 2 гектарға инфрақызылсенсорлық әйнектер, ақпараттық дүңгіршектер, бақылау және қол жеткізу жүйелері(турникет), төлем терминалдары мен электрондық кезектер жүйелерін өндірубойынша жобаны жүзеге асыруды көздейді. Жобаның болжамды құны 300 миллионтеңге,  жұмыс орындарының саны 30 бірлік;

– ЖК «Шинбатшаев» 1 га жер телімінде былғары жәнебылғарыдан бұйымдар шығаратын зауыт құрылысын жоспарлап отыр. Жобаның шарттықұны 300 миллион теңге, 31 жұмыс орнын ашу көзделуде;

– ЖК «Елібай» 1,5 га жерге көкөніс сақтау қоймасы баржеміс–көкөніс дақылдарын қайта өңдеу цехын, қант қызылшасының тұқымын қайтаөңдеу цехын және құрама жем мен шөп, ұн өндіру цехын іске қосуды жоспарлапотыр. Жобаның шартты құны 115 миллион теңге және жұмыс орындарының саны 9бірлік;

– «Taraz Class» ЖШС 2 гектарда құрғақ құрылыс қоспаларын,гипс пен су эмульсиялық бояуларды өндіретін цехты кеңейтуді жоспарлап отыр.Жобаның құны 50 миллион теңге, онда 15 жұмыс орнын ашуды көздейді;

– «Мир–Раш» ЖШС 4 гектарда құрылыс материалдарын, бетонбұйымдарын және гранитті өңдеуді жолға қоюды жоспарлап отыр. Жобаныңжоспарланған құны 600 миллион теңге, онда 30 жұмыс орны ашылады;

– ЖК «Танаш» 2 га жерге көкөніс қоймасын, құрылысқолғаптарын, өзі кесетін (саморез) мен шеге шығаратын цех салуды көздеп отыр.Жобаның жоспарланған құны 105 миллион теңге және жаңа жұмыс орындарының саны 35бірлікке дейін

– «KAZPLAST» ЖШС 2 гектарда тігін фабрикасының құрылысынжоспарлап отыр. Жобаның құны 1 500 миллион теңге.  Мұнда жұмысорындарының саны 250 адамды құрайды;

– «Алель Агро» АҚ 5 гектарда мал азығы зауытыныңқұрылысын салу жоспарлап отыр. Жобаның құны 2 600 миллион теңге және жұмысорындарының саны 60 бірлік;

– «Everlight Alto»ЖШС 2 гектарда сыртқы жарықтандыру құрылғыларының өндірісін салу жоспарлауда. Жобаның құны 400 миллион теңге жәнежұмыс орындарының саны 28 бірлік.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.03.2021, 09:24
Өзгелер кедей-кепшігіне 2000$ төлесе, қазақтар 24 000 теңгені талғажау етуде
Батыр ЖАСҰЛАН 26.02.2021, 09:11
Кедейміз, өз елімізде өгейміз!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ
Сайт әкімшілігі 22.02.2021, 10:03
133 мың мигрант елден шығарылды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51