Таразда төрт миллиард теңгенің жобасы іске асырылуда

21.10.2019, 09:38

33

Тараз қаласында биыл жалпы құны 4 миллиард 47 миллионтеңгені құрайтын  2 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобаларда қосымша 447 жаңа жұмысорны ашылуы көзделген.

Инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ, оныңбіріншісі «KISC» ЖШС. Бұл кәсіпорын болат, шойын балқыту цехын қайтажаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1 миллиард 870 миллион теңге. Қуаттылығыжылына 24 мың тонна. Жоба толық іске қосылған жағдайда 150 жаңа жұмыс орыны ашыладыдеп күтілуде.

Ал екінші жоба «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылысарматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 2миллиард 177 миллион теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна өнім шығаруғақауқарлы болмақ. Бұл жоба толық іске қосылған кезде 297 жұмыс орыны ашылмақ.

Сонымен қатар, Тараз қаласында келер 2020-шы жылы жалпықұны 22 миллиард 251 миллион теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іскеасырылу жоспарланып отыр. Бұл ретте 264 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде.

Олар:

1. «СП–Тараз PET» ЖШС–нің қолданыста болған пластикалықбұйымдарды қайта өңдеу (полиэтилентерефталат рециклингу) бойынша зауыт салужобасы. Жоба құны – 3 миллиард 860,0 миллион теңге. Жобаның қуаттылығы 6,0 мыңтонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік. 

 2. «Ekojer» ЖШС–гі – «Қоқыс өңдеу зауыты» жоба құны17,5 миллиард теңге, жылдық қуаттылығы 100 мың тонна қоқыс. 150 жаңа жұмыс орындары ашылады депжоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған.

Жамбылоблысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы «Ekojer» ЖШС–не уақытша өтеуліжер пайдалану (жалдау) құқығымен жер учаскесін қысқа мерзімге беру туралы» №254Қаулысымен «Ekojer» ЖШС–не Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округі жеріненамерикандық технология негізінде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайтаөңдейтін зауыттың құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін жалпы 5 жылуақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 20 гектар жер учаскесі қысқа мерзімге берілген.

3.«TARAZLING» ЖШС–гі сұйытылған табиғи газды (метан) өндіру. Жобаның құны – 891 миллион теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 180 00 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмысорыны ашылады деп күтілуде. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ–жарты жылдығына жоспарланыпотыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 10:04
Мұнай бағасы 20 долларға құлай ма?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04