Тараздан шығатын өнімнің жартысынан көбі «Қазфосфатқа» тиесілі

29.09.2019, 20:17

17

Жыл басынан бері Таразқаласында тіркелген кәсіпорындар 183 миллиард 998,4 миллион теңгенің өнімдерінөндіріп, физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды құрап отыр. Былтыр бұл уақытта 154миллиард 68,5 миллион теңгенің өнімін өндірген екен. Яғни, биыл тараздықкәсіпорындар өткен жылмен салыстырғанда 29 миллиард 929,9 миллион теңгеге артықөнім шығарыпты. Өз кезегінде 358 мыңға жуық тұрғыны бар облыс орталығында халықтыңжан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 514,1 мың теңге болыпқалыптасқанын айта кетейік. Былтыр бұл көрсеткіш 432,4 мың теңге көлеміндеболған.

Енді облысорталығындағы өнеркәсіп құрылымдарының әр саласы бойынша көрсеткіштергетоқталсақ. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінде 149миллиард 830,8 миллион теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,9 пайыздықұраса (2018 жылы  – 117 547,1 миллион теңге); кен өндіру жәнекарьерлерді қазу өнеркәсібінде 422,8 миллион теңге немесе нақты көлем индексі95,5 пайыз болған (2018 жылы – 525,0 миллион теңге). Оның себебі «Жамбылгипс»АҚ-ы гипс өнімін 26,1 пайызға  төмендеткеннен болып отыр екен. Ал электрменжабдықтау, газ беру саласында 31 миллиард 832,4 миллион теңге немесе нақтыкөлем индексі 101,5 пайыз (2018 жылы – 34 421,5 миллион теңге); суменжабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылаусаласында 1 миллиард 912,3 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 115,6пайызды құрап отыр.

Химия саласы қаладағыжалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылатыны белгілі. Бұлсаладағы «Қазфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштарзауытын қоса алғанда, жалпы 94 миллиард 931,8 миллион теңгенің өнімін өндірген(2018 жылы – 70 774,6 миллион теңге) немесе өткен жылдың есепті кезеңіменсалыстырғанда 24 миллиард 157,2 миллион теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпыөнеркәсіптегі шығарылған өнімдегі олардың үлес салмағы 51,6 пайызды құрады(2018 жылы – 45,7 пайыз).

Тараз қаласының әкіміҚайрат Досаевтың айтуынша, шаһарда тамақ өнеркәсібі саласындағы «Орта азиялыққант корпорациясы»  АҚ-ы – есепті кезеңде 22 миллиард 890,1 миллионтеңгеге (2018 жылы – 12 034,3миллион теңге) 124,3 мың тонна өнім өндіріп,өндірілген өнімнің нақты көлемі 55,5 пайызға өсіп отыр екен (2018 жылы – 79,9мың тонна).

«Жалпы өнеркәсіп саласыбойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттікбюджеттегі үлесі 15,8 пайыз немесе 4 миллиард 776,1 миллион теңгені құраса,қала деңгейіндегі бюджет бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 12,8 пайыз немесе 1миллиард 405,6 миллион теңгені құраған»,- дейді қала әкімі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39