Тарихи тағлым, құрдымға кеткен құрбақа немесе санадағы серпіліс

23.07.2019, 22:21

6

Қоғамдағы жүйеліжемқорлықтың ордасы іспеттес шикізат экономикасы ғылымда дәлелденген ыстықсудағы құрбақаны еске салады. Егер құрбақаны ашық ыдыстағы суық суға салып,суды біртіндеп қыздырса, қауіпті сезіну түйсігінен айырылған жәндік ыдыстансекіріп шығатын мүмкіншілігі бола тұра, қайнаған суға пісіп қалады. Тарихтаұлттық болмысқа негізделген дамудың сара жолын таңдай алмай, сырттағы келімсектердіңықпалымен табиғи қорларын талапайға салып, жерінен айырылып, қайнаған судағықұрбақаның тағдырын қайталап, жер бетінде ізі де қалмаған халықтар баршылық.

Тұрақты экономикасыбар, қуатты мемлекетке айналудың бірден-бір мүмкіншілігі адам капиталын дамытуекенін түсінбестен, тау-кен өндірісінен шикізатты сыртқа сатуды күнкөріскеайналдырған елдердің келешегі қандай болатынын бүгінгі Венесуэладағы ішкі саясишиеленістің шырмауынан шыға алмай, халқының босқынға айналғанынан байқауғаболады. Венесуэла – сапалы мұнай қоры жағынан әлемдегі ең бай ел, басқа қазба байлықтары,құнарлы жері, жұмсақ табиғаты болғанына қарамастан, биліктегі ұзақ уақытқасозылған соқыр тауық саясаттың салдарынан экономикасы күйзеліске ұшырап, елдіжаппай жұмыссыздық жайлаған. Мемлекет қолдауынан тыс қалған ішкі өндіріссырттан келетін бұйымдарға, дайын өнімдерге бәсекелес бола алмай тоқтаған, ауылшаруашылығы жойылған. Тамақ өнімдері – жұмыртқа Колумбиядан, ет Бразилиядан, ұнГайанадан, май Америкадан әкелінсе, қол сүртетін және дәретхана қағаздарыАргентинадан жеткізіледі. Жергілікті кәсіби мамандардың жоқтығынан Венесуэлаөздігінен құрылыс, жол салу жұмыстарымен айналысуға қауқарсыз, ол шаруалар қытайлардыңеншісінде.

Мемлекеттің мешелауруына ұшырауын халықаралық сарапшылар өткен ғасырдың 50-жылдарындағы мұнайбағасының қымбат болуымен түсіндіреді. Шикізат саудасынан түскен мол қаржыотандық ғылым, білім саласын дамытуға, жергілікті өнеркәсіпті қалыптастыруғаемес, ел басшылығы арзан беделге ие болуы үшін халыққа тегін тұрғын үй, тамақберуге, метродағы ақысыз жүруге жұмсалды. Жергілікті мамандар дайындау қажетсізболып, олар үлкен жалақыға Испаниядан, Португалиядан шақырылды, билік халқынаемес, шетелдік өндірісті ұйымдастырушыларға сенім білдірді. Нәтижесі – бүгінгі дағдарыс.Бұл жағдайға Венесуэла халқының көпшілігі мұнай бағасының бір баррелі 100 долларданжоғары болып тұрғанда мемлекетті сыртқы қарызға белшесінен батырған бұрынғыпрезидент, марқұм Уго Чавесті айыптайды, оның ізбасары, саясатын жалғастырушыНикола Мадураны тақтан тайдырып, сотқа тартуды талап етуде.

Жаппайжұмыссыздықты тудыратын шикізат экономикасы, көпшілік халықты күнкөріс үшінұсақ тірлікпен, білімді қажет етпейтін шаруалармен айналысуға мәжбүрлейді,ұлттың ой-өрісін шектейді, құлдық сананы қалыптастырады. Екінші жағы – қоршағанортадағы табиғи жаратылысты бұзып, жер қыртысын істен шығарып, қойнауын, сужүйелерін күйретіп, орны толмас қазба байлықтарды өндіру, арзан бағаға сыртқасату, сонымен келер ұрпақтың өмір сүру аясын тарылту, мүмкіншіліктерін шектеу.

Болашақ үшін тау-кенөндірісінің қатерлі тұстары – кен орындарындағы өмір үшін аса қауіпті радиацияжер бетіне көтеріледі, ауамен, сумен айналаға тарайды, жер қойнауынан шығатынтау жыныстарының көлемі 100-200 миллион тоннаға жеткенде ол ауданда күші 3-5балға жететін зілзала ошақтары пайда болады. Қазақ жерінің қойнауында жасандызілзала пайда болатын бос кеңістіктер барлық жерде кездеседі, аса қауіптілері –Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған қаласы орналасқан аймақ, ШығысҚазақстандағы байырғы кен орындары, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы уранөндірісі, Қаратаудың фосфоры, полиметалы.

Келешекте еліміздің тұщы су жетіспеушілігі жағдайындаөмір сүруіне тура келетінін ескерсек, уран өндірісінде қолданылатын күкіртқышқылының жерасты су жүйелеріне тигізген залалын бағалау қиын. Геологиялық құрылымда уран кені су қабаттарына орналасқан,оны өндіру үшін үлкен қысыммен жіберілетін күкірт қышқылы су қабаттарын бойлайжарықшақтармен жүздеген, мыңдаған шақырымға тарайды. Өз жеріндегі уранөндірісінде күкірт қышқылын пайдалануды әлдеқашан тоқтатқан өзбектер біздегі қатерлісұйық олардың жеріне жетеді ғой деп қауіптенеді. Көршілес қырғыздар жақындағана заң қабылдап, уран өндіруге тыйым салды.

 Егер отандық уран өндірісінде жер қойнауынқорғау шараларының орындалуына кәсіби тексерістер жүргізілсе, ұзақ жылдар бойықордаланған, тасада қалған, өмірге қауіпті болашақ апаттардың беті ашылуымүмкін. Баспасөзде талай рет көтерілген мәселе, бірақ «жабулы қазан жабулыкүйінде». Уран кен орындары орналасқан аймақты аралай өтетін Сырдария өзенінекүкірт қышқылы және радиоактивті қосындылардың түспеуіне кім кепілдік береалады, ары қарай Арал теңізі. Халық тығыз орналасқан Түркістан облысыныңбірнеше ауданының, Қызылорда облысы түгелдей дерлік тіршіліктері Сырдария өзенінебайланысты, суы ластанып, пайдалануға жарамсыз жағдайға жетсе, ондағы халық неменайналысады, қалай күн көреді?!

Тап осындай жағдайтаяу болашақта еліміздің батыс аймақтарында болары анық. Ондағы негізгі кәсіпкөздері – мұнай-газ кен орындарының көпшілігі ескірген, табыс әкелетін межеденасып кеткен, жерасты сулары жоғалған, сақталғаны ластанған, мұнайға бөккен жерқыртысы ауыл шаруашылығына жарамсыз. Жер бетін, қойнауын және жерасты суларынқорғаудағы енжарлығымызды ушықтыратын жағдай – көптеген кен орындарышетелдіктердің иелігінде. Олар жеріміздің болашағын ойлап бастарын ауыртпайды,қоршаған ортаны қорғаудағы жобада көрсетілген, келісімшартпен бекітілгенқаржыны үнемдеп, табыс табуды көздейді. Өндіріске байланысты іс-әрекеттеріндежергілікті билікпен санаспайды, жұмыс орындарына тіпті республикалық мемлекеттікбақылау ұйымдарының өкілдерін жібере бермейді, Қазақстан заңдарына назараудармайды. Әсіресе қытайлық компанияларға «әй дер әже, қой дер қожа жоқ».

Үстіміздегі жылдыңнаурыз айында Қаламқас кен орнындағы ұңғыдан өрт шығып, апатты ауыздықтаубірнеше тәулікке созылды. Қоршаған ортаға зиян келді. «Біз апат туралы ақпараткөздерінен естідік, кен орнының қожайыны  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (басшылары қытайлар), мұнай өндіруші қытайлық «Сибу» фирмасы тараптарынанешқандай хабар алғанымыз жоқ» дейді Маңғыстау облысы қоршаған ортаны қорғаудепартаментінің басшылығы. Қосып-алары жоқ шындық. Сонда апат болған жердегіөндіріс басшылары жергілікті билік, ресми бақылау орындарына жедел хабар беруікеректігі туралы жазылған заң қайда қалды? «Жаман үйді қонағы билейді» деп,атам қазақ босқа айтпаған екен. Қызметтегі жауапкершіліктері жер қойнауынпайдалануды бақылау бола тұра, шетелдіктерден заңымыздың орындалуын талап етеалмаған дәрменсіздіктен, жалтақ санадан арылатын уақыт жеткен жоқ па?

Әлемдік экономиканызерттеу орталықтарының болжамдарынша, 2030 жылдан кейінгі уақытта мұнайғасұраныс азаяды. Себептері – ғаламдық жылынуды тежеу үшін қайтарымды қуаткөздеріне көшу, электромобиль өндірісінің күтулі өсімі. Электромобильдің қызметмерзімі 800 мың шақырым, осы аралықта олардың әрбірі бағасынан 3-4 есе көпжанармайды үнемдейді. Бұл саладағы және бір жаңалық, жуықтағы жылдары өміргесутегі қозғалтқыштары бар автомобильдер ене бастауы мүмкін. Жобалаушылардыңмәлімдеулерінше, бір рет құйылған сутегі отыны 10-12 ай жүріске жетеді. Әрине,жанармай қозғалтқыштары бар көліктер оларға бәсекелес бола алмайды, мұнайөнімдеріне деген сұраныс төмендейді. Айтылған жайттардың салдарынан бүгінде қылаңбере бастаған су тапшылығына байланысты елімізде ішкі көші-қон мәселесін шешугебағдарлама қабылдауға тура келеді. Жерінің 76 пайызы шөл және шөлейт далағаайналған еліміз үшін бұл өте ауыр, шығыны орасан зор бағдарлама болуы мүмкін.

Ғылыми болжамдарғасенсек, ауа қызуы 2050 жылға қарай 3 градусқа, ғасыр соңында 5 градусқакөтерілуі мүмкін. Қазақ жерінде соңғы 100 жылда ауа қызуының 1,370 көтерілуіненкөптеген ішкі өзендеріміз географиялық картада ғана қалған, арналарындакөктемде ғана су пайда болады, жылдың басқа мезгілдерінде жоқ. Егер ауа қызуыәрі қарай көтеріле берсе, үстіміздегі ғасырдың ортасына таман ішкіөзендерімізді түгелдей жоғалтамыз. Олармен табиғи байланыстағы жерастысуларының нақты қоры белгісіз. Атыраудан Алтайға дейінгі аралықтағы суұңғыларын тереңдегі бейнекөрініс арқылы зерттеулерге зер салсақ, жерасты су кенорындарының басым көпшілігінде ертеректе анықталған, мемлекеттік қорда бар депкөрсетілген, жер бетіне жақын орналасқан тұщы су қабаттары жоғалып кеткен,тереңдегілерінің көлемі азайған. Су мәселесіне байланысты өмірден алшақ,жоғарғы билікке берілетін жалған есептемелер елімізді жарға жығуы мүмкін. КелешектеҚазақстанда орын алатын аса күрделі жағдай – жеріміздегі су қорының 44 пайызынсырттан келетін өзендер құрайды.

Ресейдің бізбеншекаралас бес облысы су жетіспеушілігінің зардабын тартып отырса, халық өсіміүлкен, су қажеттілігі жыл сайын ұлғайып, шешімсіз түйінге айналған Қытай менӨзбекстан, олардан бізге келетін, әзірге суы мол өзендердің ағысын жерлеріндешектеулері мүмкін. Болашақ мемлекетаралық қатынаста тұщы су бөліске түспейді, әркімгеөз мүддесі қымбат. Елімізде тек Шығыс Қазақстан облысы ғана су қорларына бай,сонысымен сырттағы сұғанақ көздерді өзіне тартады. Аспанасты елінің Цинимпериясы (1644-1912 жж.) бейнеленген географиялық картасында Шығыс Қазақстаноблысы Қытай жері деп көрсетілген.

Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатындаелімізде бағдарламалар қабылданып, орындауға шешімдер шыққан. Соңғылары – «Тазасу» және «Ақбұлақ». Бағдарламаға енген біраз елді мекенде құбырлар тартылып, ескісіжаңартылып, тіпті ұңғылар бұрғыланғанымен, халықтың қолы таза суға жетпеді.Бүгінде ауылдардағы қаңырап жатқан құбырлар, қаңтарылыптұрған ұңғылар бағдарламаның орындалуына жауапты болуға тиіс шенеуніктердіңкәсіби білімсіздіктеріне қойылған «ескерткіштер». Ешқандай алдын ала геологиялықтексерістер жүргізбестен, су қорлары әлдеқашан сарқылған жерлерден ұңғыларбұрғыланса, құбырға су қайдан барады? Үйреншікті көрініс, желге ұшқан, ұрланғанқыруар қаржыға ешкім жауап бермейді. Тек соңғы уақытта сенат депутаттарыбағдарламаға жұмсалды деген 500 миллиардтан астам қаржыны іздеп әуре.

Еліміздегіорталықтандырылған жүйелерге су жіберіп тұрған ұңғылар ескірген, апаттыжағдайда. Мысалға, Алматы облысындағы зерттелген 23 ұңғының 19-ында сүзгіштеріістен шыққан, тереңдегі тұщы су қабаттары жер бетіне жақын орналасқан лас суарналарымен жалғасқан. Таяп келе жатқан ғасыр апатын сезінуге, салдарынбағалауға көрегенділік, үлкен саяси ерік-жігер, білім керек. Бойымызға әбденсіңген, бірінен-бірін ажыратып бөліп қарауға болмайтын тұтас дүние, жер, оныңқойнауы, қоршаған ортаға бүгінгі немқұрайды, тоғышар көзқарасты өзгертетін уақытәлдеқашан жеткен. Жерімізде су жетіспеушілігі орын алатын болса, экономиканыңдамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарылауы жайында сөз қозғау артық.

Еліміз үшін өзекті,өмірлік мәні бар мәселені түпкілікті шешу үшін табиғи мүмкіншіліктерімізді, ауақозғалысы құбылыстарын, физикалық заңдылықтарды пайдалану керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Жас Алаш»газетінде жарияланған мақалада Хан Тәңірі тауындағы мәңгілік қайтарымды қорыбар су қабаттарын ашып, ішкі өзендерімізге бағыттау туралы ұсыныс айтылған-ды. Ұсынысескеруcіз қалды. Ал бүгінде, ақпарат құралдарының хабарлауынша, қытайларшекаралас үш мемлекетке ортақ Орталық Азиядағы ең биік таудың суын өздерінеқарай жіберетін жобаны қолға алмақшы.

Сыртқы саясатыныңбасты бағыттарының бірі саналатын су мәселесінде қытайлар өзгелердің пікірінелемейді. Көршілерімізге жалтақтай бермей, бұл салада түбірлі бетбұрыс жасап,су қажеттілігін тың идеяларға негізделген берешегі мол ғылыми ізденістердің, зерттеулердіңнәтижелері – жаңа технологиялар енгізілген, ауқымды стратегиялық жобалар арқылышешуіміз керек.

 Бастылары – жерімізге солтүстік-батыстанкелетін атмосфера шөгінділерін (жауын, қар) ауа кеңістігімізде тежеп, реттібасқару, жерасты су қорларын анықтау, оларға баратын түтікшелерге сүзгіштерорнату, өзгелермен шекаралас жердегі жерасты су кен орындарын бірінші кезектеигеру, ел аймағында су қорлары бар аудандарда тау-кен, құрылыс жұмыстарынжүргізуге үзілді-кесілді тыйым салу, экономиканы суды тұтынбайтын қайтарымды қуаткөздеріне ауыстыру, өндірісте су шығыны аз өнімді, бұйымдарды шығаруға басымдықберу, ауыл шаруашылығын жерасты суларын пайдалануға жаппай көшіру, елдімекендерде халық тұтынатын судың көлемін, қорын, тазалығын тұрақты бақылау.

Заманауи технологиямүмкіншіліктерін пайдалана білсек, аталған ұсыныстарды іске асыруға үлкенқаржының қажеті жоқ, тек санамызға серпіліс енгізіп, уақыттан ұтылмасақболғаны. Елімізге ыстық судағы құрбақаның тағдырын қайталауды жазбасын.

Фото: rg.ru

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04