Тәж тажал таяп келеді

05.03.2020, 13:58

11


Соңғы деректерге қарағанда, Қытай коронавирусы  72 елге тарағаны анықталды. Тұрғындардың қауіпсіздігі  үшін  әлемніңкөптеген мемлекеті төтенше жағдай жариялады. Қауіпті кесел дүниежүзінің экономикасымен саясатына қалай әсер етіп жатыр? Алдағы уақытта жағдай қандай болмақ?  


                                   Карантиндегіэкономика

     Францияның экономикажәне қаржы министрі Ле Мэр «әлемдегі ойын тәртібін індет өзгертіп жібереді» депмәлімдеді. Бұл жай ғана айтылған сөз емес. Енді саясатта да ойын тәртібі өзгеруітиіс секілді. Өйткені коронавирус әлем елдерінің жетекшілерін ә дегендесастырып тастады. Барлық мемлекеттің шарасыздығы көріне бастады. Бұл экономикағавирустан да қауіпті болып тұр. Қозғалыстарға тыйым салынып, кәсіпорындар тоқтатылып,бірқатар елдерде  экономика карантингежабылды.  АҚШ-тағы атақты Oxford Economics экономикалық болжау институты коронавируспандемиясы әлем экономикасын 1,3 пайызға төмендетуі мүмкіндігін  ескертті. Бұл – экономика 1,1 триллион долларзардап шегеді деген сөз. Індет өршіген сайын, әлем нарығы да баяулауда. Азиямен Еуропа биржаларында акциялар құлдырады. Мұндай жағдай әлем биржаларында соңғыон жылға дейін болмап еді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, ақпан айының соңғыаптасы 2008 жылғы қаржы дағдарысынан да ауыр тиген. Бүкіл әлемде инвесторларакцияларын жанталаса саудаға салған. Шикізат пен дамушы елдердің валюталары құнынжоғалтқан. Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 15 пайызға құлдырап, 50 долларғатөмендеген. Өткен аптада биржадағы сауда қорытындысы бойынша америкалық DowJones индексі бірден 1200 пунктке құлдырап, жалпы шығын 4,4 пайызға төмендеді. Биржатарихында бұл бірінші рет кездескен оқиға. Бұрын-соңды мұндай жағдай болғанемес.

                      Deutsche Bank болжамы

     Коронавирусіндеті әлемдік қаржы дағдарысына пара-пар құлдырауға соқтырды. Соңғы уақытқадейін халықаралық сарапшылар «экономикадағы коронавирус әсерінен болатынрецессия туралы айтуға әлі ерте» деп келген еді. Бірақ жағдайды жіті назарда ұстапотырған неміс сарапшылары ақпан айының соңында жасаған болжамдарында сарыуайымныңізі білініп, «рецессия» сөзі жиі айтыла бастады. Еуропадағы ең ірі, деніэкспортқа арқа сүйеген неміс экономикасы індет кіндігі – Қытайға қатты тәуелдіжәне Еуроодақ мемлекеттерімен тығыз байланыста.

      Жақында DeutscheBank бас экономисі, Майндағы Франкфуртта орналасқан DB Research сараптама орталығыныңжетекшісі Дэвид Фолькертс-Ландау тілшілермен бейнеконференция ұйымдастырып,базалық болжамын жариялады. Оның айтуынша, рецессияны Германия ғана емес, бүкілЕуроодақ бастан кешетін көрінеді. Оның ішінде Италия қатты зардап шегеді. Банксарапшылары әлемдік рецессияны мойындағанымен, оның құлдырауы елеусіздеу боладыдеп болжайды. Олар ұсынған сценарий бойынша, әлемде 3 млн тұрғын індет жұқтырады.Ал індет кесірінен көз жұматындар 30 мыңнан аспайды. Дәл қазір эпидемиядан қайтысболғандардың ресми саны 3000-ға жуық.


Дерек пен дәйек

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымысоңғы тәулікте әлемдегі 72 елде 1,7 мың адам коронавирус жұқтырғанын анықтады.  Жалпы науқастар саны 10 мыңнан асты. ДДСҰ мәліметібойынша, коронавирусқа қарсы айына 89 миллион медициналық маска керек.


                      Жағдай ушыға түсті

     «Коронавирус биылнеміс экономикасына айтарлықтай проблемалар әкеледі», – деді Германияныңфедералдық сауда-өнеркәсіп палаталары бірлестігінің басшысы Фолькер Трайер.  Қытайдағы жергілікті және неміс фирмаларының,көрші мемлекеттермен саудасының бәсеңдеуі, қозғалыстардың түгелдей тоқтауы,туристік сала мен бөлшек саудада  сұраныстыңжойылуы осындай жағдайға әкелді. Індет жұқтырудан сақтанған жұрт жан-жаққа ұшудытоқтатты. Ал туристер жиі келетін Италияда коронавирус бұрқ ете қалып, Еуроодақтағыең ірі індет ошағына айналды.  БельгияныңBrussels Airlines әуе компаниясы Брюссельден Италияға қатынайтын рейстерді 30пайызға қысқартты. Ал Lufthansa компаниясы үнемдеу режиміне көшіп, жаңа қызметкерлердіжалға ала бастады. Бұрынғы қызметкерлерді ақысыз демалысқа жіберуде. Fraportкомпаниясы да осындай амалға көшті. Бұл компания Германия мен Қытай арасында жүкжәне жолаушылар тасымалдайтын әуежайды басқарады. Мұндай шаралар рецессияныңанық белгісі.


                     Байланыстар бас шайқатады

    Қытай және басқамемлекет басшылары енгізген қарама-қайшы карантиндік шаралары жолға қойылған әлемдікөнеркәсіп байланысын быт-шыт етті. Бұл жағдай Еуропа мемлекеттерінің Қытайдағыкомпаниялары мен Қытай өндірушілерінен сатып алатын шикізат, қосалқы бөлшек,дайын өнімдеріне қатты әсер етті. «Экономиканың нақты секторындағы осындайберекесіздік көпшілік болжағаннан да асып түсті», – деді Қытайдағы Еуропалықсауда палатасының басшысы Йорк Вуттке. Оның айтуынша, тек Cosco және Maersk сияқтыкомпаниялар соңғы екі аптада Қытайдан контейнер тасымалдаушы 70 кемені тоқтатыптастады. Мұндай кемелер Еуропа айлақтарына  алты аптада жетеді. Яғни Еуропа әзір нақты жағдайдытолық сезінбей отыр. Наурыз айында Еуропа мемлекеттерінде шикізат тапшылығы айқынбайқалмақ. Йорк Вуттке мысал ретінде еуропалық фармакологиялық компанияларғасубстанциялар тасымалдайтын Қытайдың ірі компанияларын тілге тиек етті. Осыныңкесірінен жақында Еуропада дәрі шығару жұмыстары да  кешеуілдейтін болады. Бұл жерде мынандаймакроэкономикалық аспектіні ескеру керек: Еуропа мемлекеттерінде фармакология өндірісіішкі жиынтық өнімге едәуір үлес қосады. Сондықтан бұл саланың ақсауы рецессияныүдете түседі.


                       Қазақстанда қалай?

      Коронавирусіндеті Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізді. Доллар 2 теңгеге қымбаттады.Қытайдан келетін тауар тоқтап, кәсіпкерлер банкрот болудың алдында тұр. Қытайменарадағы жолаушылар тасымалына есік жабылды.  Экономист Арман Бейсенбаев «наурыз айының соңынадейін жағдай тұрақтамаса, елде дағдарыс болуы мүмкін» деп болжайды. Өйткені қарабазардағы бизнесмендердің тауары таусылады. Бұл жағдай халықтың тұрмысына да әсеретеді.

    Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығыменөткен үкімет отырысында еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына жолбермеу шаралары қаралды.Әзірше коронавирусинфекциясы тіркелмеген. Қазақстанда ЖРВИ белгісі мен дене қызуы көтерілген 134адам ауруханаға жатқызылды, оның 106-сы сауығып шықты, 28-і әзірге стационарлардаемделуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

     Медициналық ұйымдартұрғылықты жері бойынша Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын мониторингілеубойынша жұмысты жалғастыруда. Оған 24 167 адам қамтылса, оның 1298-і – шетелазаматтары.

Орталық референс-зертхана базасында аса қауіптіинфекциялардың ұлттық орталығы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп,коронавирусты жедел диагностикалауға мүмкіндік беретін жүйені әзірледі. Халықаралықынтымақтастық аясында «Роспотребнадзордан» 2000 зерттеуге диагностикалық жүйелержәне Қытайдан 5000 данасы сатып алынды.

Премьер-министр мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздекоронавирус індетінің таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдапжатқанын атап өтті.

    Енді бәрімізгебір Алла жар болсын дейік!

                                                                                                                                     Тоқтар Жақаш

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:34
Пойыз билеттері қымбаттады
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34