Теңге тағы теңселе ме?

Әділ КЕМЕҢГЕР

15.06.2021, 14:39

4005

       «АҚШ – Қазақстанның сенімді серіктесі», – деді бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ өкілі Залмай Халилзадемен кездесу барысында.

        Ең қызығы, мұның алдында Залмай Халилзаде Тәжікстан мен Өзбекстан президенттерімен кездесіп, кездесу қорытындысында олар да көптеген мәселелер бойынша АҚШ-ты қолдауға дайын екенін білдірді. Бұл Байден мен Путин кездесуі алдында Ақ үй үшін өте маңызды. Басты мәселе Қазақстан боп тұр еді. Егер Қазақстан Ресейге қатысты көрші елдер сияқты позиция ұстанса, онда кездесуде Байден күшейіп, Путинге дауыс көтере сөйлей алады: «Ресей жалғыз қалды, ал АҚШ-тың артында Ресейдің маңайындағы елдер – Украина, Кавказ, Орталық Азия, Қазақстан мен Балтық елдері тұр», – дейтін жөні болады.

       – Бұрынғы совет республикаларының бәріндегі негізгі ұлттар Ресейге теріс көзбен қарайды, өйткені КСРО құлағалы 30 жыл өтсе де, ресейлік саясаткерлер, шенеуніктер мен бизнесмендер өздерін өзге елдерге «старший брат» санауын қояр емес. Мұны кеше Соловьевтің құсыққа толы эфирінде «қазақстандық түсік» – Жириновский тағы айтты. Алдағы Байден мен Путин кездесуінен кейін АҚШ пен Ресей арасы одан әрмен суитын сияқты. Өйткені енді Байденнің Путинмен тіл табысамын деген кез келген талпынысы АҚШ-та Американың ұлттық мүдделеріне сатқындық жасау деп қабылданады. Путинмен достаспақ болған Трамптың күні қандай болғанын президент Байден жақсы біледі. Сондықтан Байденнің бір-ақ жолы бар – Путинді барынша қысу, барлық мәселе бойынша: адам құқығынан бастап, кибершабуыл мен АҚШ-тың ішкі ісіне араласуға дейін. Бұл саяси шоу рубль мен теңгенің күрт құлауына әкеп соғуы мүмкін. Бірақ бұл жай менің ғана пікірім, – дейді журналист Ибраш Нүсіпбаев.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары
Айнұр ӘЛИ 14.10.2021, 13:00
Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 14.10.2021, 09:00
Зейнетке шығу бір арман

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31