09.09.2020, 06:38
837
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев алдағы уақытта теңге бағамына теріс әсер ететін факторларды атады.
«АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дауының шиеленісуінен, коронавирустың екінші рет қайталану ықтималдығынан дамушы нарықтардың валюталары үшін қауіп-қатер сақталады. Сонымен қатар, Ресейге қатысты санкциялар риторикасының күшеюі бюджет қағидалары аясында шетел валютасын сатуды төмендету саясатымен бірге рубльдің әлсіреу қатерін арттырады, бұл ұлттық валюта бағамына да теріс әсер етеді», — деді Досаев үкімет отырысында.
Ол теңге бір айда АҚШ доллары үшін 418,0 теңгеден 420,11 теңгеге дейін әлсірегенін атап өтті.
Тамыз айында мұнайдың қымбаттауы, сондай-ақ, республикалық бюджетке кепілді трансферт бөлу аясында Ұлттық қордың активтерін конвертациялау және квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сатуы бойынша ұзартылған шаралар ұлттық валютаға қолдау көрсетті.
Бұған қатысты сала мамандары да болашақта ұлттық валютамыздың жайы оңай болмайын деп тұрғанын айтып отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР