The Green Future Index-те Қазақстан 33-орында

Еркежан АРЫН

09.07.2021, 10:24

1413

Жасыл болашақ индексі (The Green Future Index) елдердің жасыл технологияларға көшудегі жетістіктерін ескереді және Массачусетс технологиялық институтының MIT Technology Review порталында жарияланады.

       Бұл рейтинг жаңартылатын энергия көздеріне, инновацияларға және жасыл қаржыландыруға мемлекеттік инвестициялардың барлығын да қамтып отырады. Қазақстан 76 елдің ішінде 4,9 ұпай жинап, 33-орынға ие болды. Үздік бестікке Исландия, Дания, Норвегия, Франция және Ирландия кірген.

      Өткен айда Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі диалог отырысында премьер-министр Асқар Мамин «2030 жылға қарай Қазақстандағы жасыл энергияның үлесі 15 пайызға дейін жеткізіледі» деп мәлімдеген болатын.

       «2020 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның климаттық амбициялар жөніндегі саммитінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көміртегі бейтараптылығына 2060 жылға дейін жету туралы мәлімдеді, ­– деп еске алды сол кезде Асқар Мамин. – Біз, жалпы, энергия өндіруде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру үшін дәйекті күш-жігер жұмсап жатырмыз. Сонымен, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 3 пайызды құрады, 2022 жылы оны 6 пайызға дейін, яғни екі есеге арттыру жоспарланып отыр. 2030 жылға қарай Қазақстанның энергетикалық секторындағы жасыл энергияның үлесі 15 пайызға дейін жеткізіледі», –  деген-ді үкіметбасы.

        Аталмыш кездесуде жаңартылатын энергияны дамыту перспективалары туралы Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Буриан, Нидерланды елшілері Андре Карстенс, Қазақстанда аккредиттелген Тило Йоханнес Клиннер, Орталық Азиядағы неміс экономикасы Ховсеп Восканян, Орталық Азиядағы Eni басшысы, Азия аймағы Лучано Васкес, Total Eren Thierry Pleasant бас директоры, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.

        Қазақстанда тұрақты даму міндеттерін жүзеге асыру үшін жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, ол 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Құжат Еуроодақ елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қолда бар ең жақсы технологиялардың индикаторларын пайдалану арқылы өндірісті модернизациялауды ынталандыруды көздейді.

       Қазақстанның 2013-2020 жылдарға арналған жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын іске асыру кезінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 4,83 есеге өсті, электр энергиясын өндіруде жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесі 3 пайызға, газ электр станцияларының үлесі 20,2 пайызға дейін өсті. Қалаларда орталық ауызсумен жабдықтау жүйесіне тұрақты қолжетімді су пайдаланушылардың үлесі – 97,5 пайыз, ауылдық жерлерде 90,1 пайызға жетті. ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 2008 жылғы көрсеткіштен 33,1 пайызға төмендеді.

Тегтер: жасыл экономика инвестиция құрғақшылықғ көгалдандыру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары
Айнұр ӘЛИ 14.10.2021, 13:00
Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 14.10.2021, 09:00
Зейнетке шығу бір арман
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12.10.2021, 09:12
Ау, үкімет! Енді нан таппай қалмаймыз ба?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 08.10.2021, 17:08
Қарағандыдағы квазимемлекеттік сектор сыбайлас жемқорлықты алдын алуға кірісті
Сайт әкімшілігі 08.10.2021, 15:05
Рейтингі төмен мәслихат депутаттарын ротация күтіп тұр - Байбек Шымкентте

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29