Тоғыз айда тоғыз кооператив құрылды

30.10.2019, 12:29

130

Өткен жылы Жамбыл облысының Шу ауданындаауылшаруашылығы саласынан түскен өнім көлемі 34 млрд 236 млн 900 мың теңгеніқұраған еді. Енді биыл өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда5 млрд 765 млн 500 мың теңгеге жоғары болып, жоспар 116,8 пайызға орындалды.

Жалпы алғанда Шу ауданы аумағының жер көлемі — 1203030 гектарды құрайды, оның 146800 гектары егістік, оның ішінде суармалыегістік 32722 гектар, көп жылдық екпелер — 584 гектар, шабындық — 5486 гектар,жайылымдық — 926136 гектар.

2019 жылдың тоғыз айында ауданның агроқұрылымдары497,3 миллион теңгеге 56 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды,оның ішінде лизинг тәсілімен 219,5 млн. тенгеге 19 дана, өздерініңқаражаттарына 37 дана техника 277,8 миллион теңгеге алынды.

Ауданда 2018 жылдың қорытындысымен 8 ауылшаруашылығыкооперативі тіркелген. Оның алтауы нәтижелі жұмыс атқаруда, екеуі несие алаалмауына байланысты жұмыстары уақытша тоқтап тұр. 2019 жылы Шу ауданы бойынша15 кооператив құру жоспарланған. Оның екеуі сүт бағытында, он екісі етбағытында, біреуі егін шаруашылығы бағытында. Аталған кооперативтердің сүтбағыты бойынша Ақсу, Төле би және Өндіріс ауылдық округтерінде 3 кооператив, етбағыты бойынша Ескі Шу және Көкқайнар, Бірлікүстем, Тасөткел, Қорағаты ауылдықокругтерінде 5 кооператив, егін шаруашылығы бағыты бойынша Бірлікте 1кооператив құрылды.

Ауданда7 мал бордақылау алаңы және қой шаруашылығы бағытында — 7, жылқы шаруашылығыбағытында – 1 асыл тұқымды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жұмыс жүргізуде.Шу ауданы бойынша су үнемдеу технологияларын қолдану көрсеткіші 3405,5 га, оныңішінде тамшылатып суару жүйесі 3365,5 гектар,жаңбырлатып суару жүйесі 40 гектарды құрап отыр.

Бүгінгікүнге Шу ауданы бойынша 4 фермерлік жылыжай жұмыс істеуде. Ауданда 3 су қоймасы(Тасөткел, Ақсу, Сарғау), 5 су бөгеті (Тасөткел, Бұланбай, Көкөзек, Алтай,Қайыңды) орналасқан. «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Тасөткел су қоймасы»өндірістік бөлімшесінің теңгерімінде 3 магистральды канал (ТМК, ЛМК, ПМК) жәнеосы магистральды каналдардан бастау алатын 93 шаруа аралық каналдар орналасқан.

Ал, жер қатынастары бойынша айтар болсақ, 2019 жылдың 9 айында конкурс арқылы ауыл шаруашылығы айналымына 18625,41 гектар жер телімдері енгізілді. Оның ішінде 1329,726 гектарегістік, жайылымдық жер 17295,68 гектар. Биылғы жылдың тоғызайында аудан бойынша 639,96 гектар жер телімдерімемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлердісауда-саттыққа шығару жөнінде 2019 жылдың 9 айында 4 аукцион ұйымдастырылып, 8409,9 мың теңгеге 15 жер телімі сатылды.

Фото: syrboyi.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.04.2021, 15:36
Қазақстанда жанармай қымбаттады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 08.04.2021, 09:17
Аспаннан төгілген аждаhаға қашан тоқтау болады?
Сайт әкімшілігі 06.04.2021, 10:22
Михаил Ломтадзе тағы да Қазақстандағы үздік басшы атанды
Сайт әкімшілігі 05.04.2021, 11:42
Шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге қарастырылды
Сайт әкімшілігі 02.04.2021, 13:25
Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Сайт әкімшілігі 02.04.2021, 10:21
Қазақстан мұнай өндірісін ұлғайтуды жалғастырады

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19