Төле би ауылындағы тірліктер

11.11.2019, 12:05

177

Үкіметтен «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшінбиыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиардтеңге бөлінбекші. Бұл қаражат көлік, ауызсу және газбен қамтамасыз ету сияқтыинфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарынсалуға және жөндеуге жұмсалмақшы.

Қазіргі таңда аталмыш жобаға енгенауылдық округтерде үлкен бетбұрыс жасалып, кескін-келбеті сәндене,тұрмыс-тіршілігі әлдене бастады. Оны өңіріміз бойынша «Ауыл – ел бесігі»жобасына енген ауылдардың бірі – Шу ауданының орталығы Төле би ауылындаатқарылып жатқан жұмыстардан да аңғаруға болады.
Мәселен, жиырма мыңнан аса тұрғыны бар Төле биауылына «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2 миллиард 2 миллион теңге қаржыбөлінсе, оның 1 миллиардтан аса қаржысы ағымдағы жылы игерілмек. Айта кетукерек, биылғы жылы игерілетін қаржының 1 миллиард 263 миллион 979 мың теңгесіреспубликалық бюджеттен бөлініп, қалған 154 миллион 710 мың теңгесі облыс қазынасынанқарастырылыпты. Жасыратыны жоқ, ауылды жердегі түйткілдердің бірі – көшелердіңжарықпен қамтамасыз етілмеуі. Ал төлебиліктер бұдан былай бұл мәселеге басқатырмайтын болады. Жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіндекөшені жарықтандыру мәселесі түбегейлі шешілмек. Бөлінген қаржы осындағы халықигілігі үшін жұмсалуда. Дәлірек айтар болсақ, бұл ақшаға 20,6 шақырымдықұрайтын 11 көшені жарықтандыру, ұзындығы 22,4 шақырым болатын 24 көшеніңжолдарын орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауылдағы келесі басымбағыттардың бірі – білім саласы екені сөзсіз. Өйткені шалғайдағы өскелеңұрпақтың саналы болуы – білім саласының өркендеуімен астасып жатыр. Сондықтанда ауыл жастарының қамсыз білім алуы үшін білім беру ошақтарының кем-кетігі түзетілуікерек. Аталған жоба аясында бұл бағыттағы жұмыстар да жолға қойылып, нақтышаралар қолға алынған. Мысалы, дәл осы ауылдағы М.Әуезов атындағы орта мектебімен Техникалық шығармашылық орталығының ғимаратын және «Әсем» балабақшасыныңшатырын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасынанауылдағы мәдениет саласы да шет қалмаған. Бөлінген қаржыға ауылдықтардың руханиордасы саналатын аудандық орталықтандырылған кітапхана мен Мәдениет үйініңғимаратына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ел игіліне бағытталған жобабарлық саланы қамтитынын жоғарыда айттық. Оның ішінде денсаулық сақтау менспорт саласы ерекше маңызға ие екені жасырын емес. Міне, сондықтан да төртмыңнан аса отбасы тұратын бұл ауылға осы екі саланы дамыту аса маңызды. Биылданбастап ауылға кіреберіс жерден үш бірдей алып нысан бой көтермек. Оныңалғашқысы – жобалық құны 550 миллион теңгені құрайтын «Салтанат сарайы» болса,екіншісі – жалпы сметалық құны 295 миллион 304 мың теңге болатын әмбебап залыбар дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Сондай-ақ ауылдағы орталық аудандықаурухана маңынан емхана бой көтеруде. Олүшін 304 миллион 388 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.03.2021, 09:24
Өзгелер кедей-кепшігіне 2000$ төлесе, қазақтар 24 000 теңгені талғажау етуде
Батыр ЖАСҰЛАН 26.02.2021, 09:11
Кедейміз, өз елімізде өгейміз!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ
Сайт әкімшілігі 22.02.2021, 10:03
133 мың мигрант елден шығарылды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51