Тоқаев шетелге шығарылған қаражатты қайтару жоспарын әзірлеуді тапсырды

Сайт әкімшілігі

08.02.2022, 15:46

2766

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 

"Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржыны және онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру тапсырылады. (...) Адал еңбек, әділ сыйақы идеологиясы компрадорлар (шетелдік капитал мен дамушы елдің ұлттық нарығы арасында делдал болған кәсіпкер — еск.), уақытша жұмыс істейтіндер дүниетанымын алмастыруы керек. Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілерге, мемлекеттік саясат мәселелеріне, ұлттық бірегейлік пен жастарды тәрбиелеуге әсер ететін Үкімет пен қоғамның ортақ міндеті", — деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент бизнестен салық төлеуде адалдық пен әлеуметтік жауапкершілік талап етілетінін айтты.

«Мұндай тәсілдің бір көрінісі – „Қазақстан халқына“ қорына қайырымдылық. Мен бұған дейін де айттым және бүгін де қайталаймын, оны құру негізінен ірі ұлттық буржуазияның есебінен жүруі керек, дегенмен басқа компаниялардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың салымдары, әрине, құпталады.

Мен тағы да айтамын — бұл мәжбүрлеу емес. Табысты компаниялар мен азаматтардың ұлттық игілікті мақсаттарға қаражат бөлуіне мүмкіндік», — деп қосты ол.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 07:47
Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 14:12
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01