Тоқаев ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарын жеделдетуді талап етті

Сайт әкімшілігі

18.03.2021, 15:30

3380

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны дамыту жөніндегі кеңесте ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарын жеделдетуді талап етті. Ол жоба құны мен мерзімі бойынша түпкілікті ұсынысты 1 мамырға дейін мәлімдеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде экологияға, оның ішінде, екінші ЖЭО-ның қайта жөндеу жұмыстарының бағасын қымбаттатпауға және оны созбалаңға салмауға, үшінші ЖЭО-ны жаңғыртуға, жеке секторға газ тартуды аяқтауға, көліктерге жанар-жағармайдың таза түрлерін пайдалануға, қалдықтарды пайдаға жаратуға, Сайран суқоймасы айналасындағы аумақты абаттандыруға және қалпына келтіруге ерекше тоқталды.

"Үкімет жұмыс істеп тұрған энергетикалық қазандық агрегаттарын қайта құру арқылы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру жобасын мақұлдады. Енді ең бастысы — оның қымбаттауына және созбалаңға салынуына жол бермеу, өйткені бізде ауқымды жобаларда мұндай жиі кездеседі. Сондықтан мен барлық жұмыс жоспарланған ақшаға сәйкес жасалуын талап етемін. Белгіленген ауыстыру мерзімі ұзаққа созылды деп есептеймін. Қала тұрғындары күте алмайды, жобаны іске асыруды жеделдету қажет. Үкімет, әкімдік пен «Самұрық-Қазына» қоры биыл 1 мамырға дейін техникалық жағынан және құны мен мерзімі бойынша түпкілікті ұсыныс енгізуі керек", — деді Тоқаев 17 наурыздағы кеңесте.

Тегтер: жоспар жоба бағыь бағдар ұсыныс қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58